Басы » Дене шынықтыру » Ең білгір, ең жүйрік,ең мықты

Ең білгір, ең жүйрік,ең мықты

Қостанай облысы, Рудный қаласы
«№7 орта мектебі»ММ
Құрманғалиева Ольга Құрманғалиқызы
Денешынықтыру пәнінің мұғалімі
Тақырыбы:           «Ең білгір, ең жүйрік,ең мықты»
Мақсаты 1. Оқушының ептілігін,даналығын,шапшаңдылығын дамыту.
2.Оқушының спортқа деген сүйіспеншілігін, ынтазарлығын және
денсаулықты бағалауды дамыту.
3.Балаларды командамен жұмыс істеуді үйрету.
Сайыстың  түрі: Спорттық-зияткерлік.
Қатысушылар:  8 сынып оқушылары (12 оқушы), 2 жүргізуші.
Пәнаралық байланыс: Денешынықтыру, гуманитарлық  пәндер.
Көрнекіліктер:  2 қап, 2 ватман қағазы , 2 волейбол және баскетбол доптары,2 секіргіш жіп,2 теннистің ракеткасы, 2 корзина,2 жапсырма лента, 2 клей,30 шар, 2 таяқ, 3 пен 5 аралығындағы табло.
Сайыскерге қоятын талаптар:
1) Спорттық киім
2) Топ эмблемасы
3) Топтың  ұраны

Бастамасы:    Ән ойналып, ортаға сайыскерлер шығады. Олар барлығы
бір сапқа тұрады.
1.Жүргізуші:   Сәлеметсіздер ме?!
Құрметті жанкүерлер және әділқазылар алқасы
2.Жүргізуші:    Бүгін біз сіздердің назарларыңыға «Ең білгір, ең жүйрік, ең
мықты» атты  спорттық-зияткерлік  сайысымызды бастаймыз.
1.Жүргізуші:   Біздің сайыскерлер мықты да, ақылды деп ойлаймын, себебі бұл сайыс тек қана мықты оқушылар қатыса алады.
2.Жүргізуші:   Дұрыс айтасың. Енді бүгінгі ойынымызға қатысатын сайыскерлер-
мен таныстырайын  (топтың атауы, эмблемасы ,ұраны )
1.Жүргізуші:  Сонымен қатар сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазылар
алқасымен таныстырып өтейік.  1)  Орыс тілі мұғалімі: Идрисова У.Б.
2) Д/ш пән мұғалімі: Ізтілеу М.Т.
3) Д/ш пән мұғалімі:Нұрпейсов Б.С.
І. Ойын
2.Жүргізуші:  Енді сайыскерлерге арналған бірінші ойын. Бұл жарыста сайыскерлердің
тапқырлығын байқаймыз. Бұл ойының шарты мынадай. Сайыскерлер
тыңдаңыздар. Алдарыңызда жатқан қапты киіп белгіленген жердегі
үстелдің қасына барсыңыздар, ол  үстелдің үстінде биология пәнінен
сұрақтардың жауабын тауып , қолыңызға қапты алып қайта орныңызға
барып  қапты келесі ойыншыға бересіз.Мұқият болыңыз үстелдің үстінде
командадағы әр ойыншыға әр түрлі сұрақ. Кім сұрақтарға  көп  жауап
берсе сол команда жеңіске жетеді.
1.Жүргізуші:  Сайыскерлер дайынсыздар ма?  Онда бастаймыз   1…2…3.алға. (ойын аяқталғаннан кейін)
2.Жүргізуші:  Жарайсын ең алғашқы болып ……… командасы келді.
Ойынның  бірінші жарыстың бағасын әділқазылар бағалайды. Ең жоғарғы
баға 5 ұпай. Назар қойып қараймыз. (Әділқазылар алқасы таблоны
көтеріп өз бағаларын береді).
ІІ.Ойын
2.Жүргізуші:   Ал, енді екінші жарысымызды бастаймыз. Бұл жарыста сайыскерлеріміздің алғырлығын байқаймыз.Ойының шарты мынадай. Баскетбол добын жерге ұрып отырып белгіленген жерге барып қабырғадағы қалташа жасалған плакатқа жасырын сөзді дайын  тұрған  әріптермен  сөзді  жазу керек. Ол үшін әр командаға қағаз беріледі. Ол қағаздың бетінде  сұрақ берілген.Сол сұраққа  жауап беру керек. Бұл сұрақтың жауабы 6 әріптен тұрады.Бұл сұрақты команда өзара оқып , жауабын өздері ғана білу керек . Сол тапқан жауапты  арнайы жасалған  әріптермен қалташаларға салып жазу керек.
1.Жүргізуші:  Сайыскерлер дайынсыздар ма?  Онда бастаймыз   1…2…3.алға. (ойын  аяқталғаннан кейін)
2.Жүргізуші:  Жарайсың ең алғашқы болып ……… командасы келді.
Ойынның  екінші жарысының бағасын әділқазылар бағалайды. Ең жоғарғы
баға 5  ұпай. Назар қойып қараймыз. (Әділқазылар алқасы таблоны көтеріп
өз  бағаларын береді).
ІІІ.Ойын
2.Жүргізуші:  Келесі ойынның шартын тыңдаңыздар.Бұл ойын сайыскерлердің ынталығын
байқаймыз. Әр ойыншыға теннистің ракеткасы және добы беріледі, сол
теннистің  ракеткасымен добын қолдан түсірмей жоғарыға лақтырып,
белгіленген        жерге   барып , корзинаға кіргізу керек. Корзинаны
командадан бір адам ұстап түрады.
Егер доп жерге түсіп кетсе ұпай  саналмайды.
Ойында келесі ойыншы жалғастырады.
1.Жүргізуші:  Сайыскерлер дайынсыздар ма?  Онда бастаймыз   1…2…3. алға.
( ойын аяқталғаннан кейін)
2.Жүргізуші:   Жарайсың ең алғашқы болып ……… командасы келді.
Ойынның  үшінші  жарысының  бағасын  әділқазылар бағалайды.
Ең жоғарғы баға 5 ұпай. Назар қойып қараймыз. Әділқазылар алқасы
таблоны көтеріп өз бағаларын береді.
IV. Ойын
1.Жүргізуші:   Біз қазақпыз. Өз елімізді паш тұтатын, қастерлейтін, салт-дәстүрімізді және
әдет-ғұрпымызды сыйлайтын өз еліміздің болашақта  үміт күткен
азаматымыз.  Осындай сөздермен сіздердің назарларыңызға төртінші
сайысымыз  қазақтың ұлттық ойыны «Бәйге» ойынын сайыскерлерімізге ұсынбақпыз. Бұл шешуші ойын. Әр командаға бір жылқы басы жасалған таяқ береміз. Сол жылқының  басымен  атша  шауып мәреге барасыз сол мәреде   геометриялық фигураларды құрастырып   қағаз бетіне жапсырасыздар.
1.Жүргізуші:   Сайыскерлер дайынсыздар ма?  Онда бастаймыз   1…2…3.  алға.                     (ойын аяқталғаннан кейін).
2.Жүргізуші:  Жарайсың ең алғашқы болып ……… командасы келді.
Бұл біздің соңғы жарысымыз болатын. Бұл жарыстың  бағасын әділқазылар бағалайды. Ең жоғарғы баға 5 ұпай. Назар қойып қараймыз. (Әділқазылар алқасы таблоны көтеріп өз бағаларын береді.)
1.Жүргізуші:  Әділқазылар қай командаға бас жүлде бергенше. Сіздердің назарларыңызға 9 «А» сынып оқушыларының орындауында «Қара жорға» биін ұсынамыз. Қаласаңыздар ортаға шығып билеуге болады .

2.Жүргізуші:  Сонымен бас жүлденге қай команда ие болғанын білу үшін денешынықтыру  пән мұғалімі  Ізтілеу Мамай Тұрсынбекұлына сөз береміз.
1.Жүргізуші:  Осымен сіздермен қош айтысамыз. Келесі көріскенше сау болыңыздар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *