Басы » Математика » Бір айнымалысы бар теңсіздікті шешу

Бір айнымалысы бар теңсіздікті шешу

?
?

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы

Қасқабұлақ ауылы, М.Әуезов атындағы орта мектеп

Математика пәнінің мұғалімі : Мажиева Динар Кусмановна

Тақырыбы : Бір айнымалысы бар теңсіздікті шешу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

  1. ах>в немесе ах<в түріндегі теңсіздіктердің бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер деп аталатынын білу;
  2. теңсіздіктерді мәндес теңсіздіктерге түрлендіруді үйрету;
  3. ах>в немесе ах<в түріндегі теңсіздіктерді шешімдерінің жиынын сан аралығымен жазуға дағдыландыру;
  4. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді құрып, оны шеше білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік:

Оқушыларға эстетикалық, патриоттық , имандылық, ізеттілік тәрбие беріп,адамгершілік асыл қасиеттерге баулу.

Дамытушылық:

Тапсырманың мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау, жинақтап жасау, ойлай білуге дағдыландыру. Жеке, топтық жұмыста шапшаңдыққа, тапқырлық тануға, ойын ғылыми тілмен өрнектей білуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы.

Сабақтың типі: Білім дағдысын нығайту.

Әдістер: Модульдік әдіс (оқушылардың өз бетімен дербес ізденуіне жол ашу, шығармашылық жұмыстарға жол ашу), ауызша, тірек хабар арқылы, кіріктіру, эвокация, шығармашылық, іздену, зерттеу, өздік жұмыс, реализация, рефлекция, көрнекілік.

Көрнекіліктер: плакат, тірек хабар, Венн диаграммасы, Инсерт әдісі, карточкалар, кадоскоп,

жұмыс дәптерлері.

Жаңа технология: Есептер шығаруға негізделген технология, модульдік технология.

Сыныбы: 8

І.Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
  2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Тірек хабарлар арқылы ойын ғылыми тілмен өрнектей білу.

  1. Тірек хабар:

 

Бір айнымалысы бар теңсіздік
5х>35

х>7

-2х>24

х<-12

9+3х>0

3х>-9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Бір есептің шығарылу жолы:

12(1-12х)+100х>36-49х

12-144х+100х>36-49х

-44х+49х>36-12

5х>24

х>4,8                                                                                                    4,8                                         х

жауабы: (4,8;∞)

ІІІ. 1) қызығушылықты ояту стратегиясы

 

 

Топқа бөлу

 

 

 

Шеберліктер тобы                           Ізденістер тобы

2) Ой толғаныс стратегиясы

 

 

Ой толғау

 

 

 

 

Есеп

0,2х2 – 0,2(х-6)(х+6)>3,6х

Берілген есепті тиімді тәсілмен шығару.

І тәсіл:                                                                           ІІ тәсіл:

0,2х2 – 0,2(х-6)(х+6)>3,6х                                          0,2х2 – 0,2(х-6)(х+6)>3,6х

0,2х2 – 0,2(х-6х+6х-36)>3,6х                                     0,2х2 – 0,2(х2— 36)>3,6х

0,2х2-0,2х2-1,2х+1,2х+7,2>3,6х                                0,2х2-0,2х2+7,2>3,6х

7,2>3,6х                                                                         3,6х<7,2

х<7,2/3,6                                                                       х<2

х<2

 

 

2                                                                                                     2

Жауабы : (-;2)                                                                                                          Жауабы : (-;2)

Мұғалім: Қай тәсіл тиімді деп ойлайсыңдар?

Оқушы: жауабы тыңдалады.

Мұғалім: екі тәсілмен де шығаруға болады екен. ІІ тәсілде қысқаша көбейту формуласын пайдаланып тез есептеуге болады. І тәсілде жақшаны ашу арқылы да шығара алады екнбіз. Ендеше ІІ тәсіл тиімді.

 

3) Мағынаны ажырату стратегиясы.

 

 

Инсерт әдісі                                 Венн диаграммасы

Топтарға тапсырма беру үшін алдын-ала инсерт әдісі бойынша оқушылардың қабілетін тексеру.

INSERT әдісі.

Аты – жөні:_____________________

 

 

«V» мен білемін,    «+» мен үшін жаңалық,

«-« мен үшін түсініксіз,      «?» мен үшін жұмбақ.

 

 

Тақырып Бір айнымалысы бар теңсіздіктің шешімі Теңсіздікті шешу Мәндес теңсіздік Теңсіздіктің қасиеттері Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік Координаталық түзудің бойында кескіндеу
Шартты белгілер

 

Тексеру қорытындысы бойынша 2 топқа өздік жұмыс дәптері арқылы тапсырма беру.

62 бет, ІІІ деңгей. №1

А) 3(2,5-х) – 2(1,5х+3)>х+1

В) 7(х-3)>4х+9

Алғашқы шығарған 3 минут ішінде неше оқушы болса, сол оқушыларды ғана тексеріп, қалғаны кадоскоп арқылы өз-өздерін тексереді, өздік жұмыс дәптерлерін жинап алу.

2) Венн диаграммасы арқылы бір айнымалысы бар теңдеу мен теңсіздіктердің ортақ белгілері мен ұқсастығын анықтау.

Теңдеу                             Теңсіздік

Түбірі

Мәндес

Қасиеті

жауабы

Шешімі

Мәндес

Қасиеті

Координаталық

түзуде кескіндеу

жауабы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсастығы: 1) шешу 2)мәндестігі  3)ортақ қасиеттері бар   4) жауабын жазу

 

ІV. Бағалау.

Оқушыларың берген жауаптарына талдау жасау арқылы білімдерін бағалау.

 

  1. Үйге тапсырма: №879, 31 т.

 

VІ. Қорытындылау.[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *