Басы » Cыныптан тыс » «Ал кәнекей, жігіттер» сайысы

«Ал кәнекей, жігіттер» сайысы

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия
Нұрышев Теміржан Ғалымжанұлы

«Ал кәнекей, жігіттер» сайысы

Технология пәнінен сыныптан  тыс іс-шараның мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың сабақта алған білімін, біліктілігін, ептілігін, қабілетін  сайыс арқылы анықтап, бекіту
  2. Дамытушылық: оқушылардың  жан-жақты ойлау  қабілеттерін   дамыту.

     3.Тәрбиелік: шеберлікке, икемділікке  тәрбиелеу.

1-жүргізуші:  Арыстандай айбаттым,

Жолбарыстай қайраттым.

Аспандағы байрақтым,

Жас жігітім ардақтым.

2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар және бүгінгі ойынға қатысушы жас достар, ұландар! Ат басына күн туса, ауыздығымен су ішер.

Ер басына күн туса, етегімен су кешер,- дегендей бүгінгі «Ал кәнекей, жігіттер» сайысына қош келдіңіздер. Бүгін жігіттеріміз сайысымызда еңбекке деген құштарлығын және ақылы мен тапқырлығын ортаға салмақшы.

1- жүргізуші: Ал сайысымызды бастау үшін өзінің әділ шешімдерімен бүгінгі жас ұландарымызды бағалайтын әділқазылар алқасын тағайындап алайық:

                   1.

2.

3.

2-Жүргізуші: — Қазылар алқасының алдына бүгінгі сайысқа қатысушы жеті топты шақырамыз. Әуенмен жеті топ ортаға шығады. (Топтар кіргенше күй ойналады)

1-Жүргізуші: Байқауды бастамас бұрын, ең алдымен байқауға қатысу ретін анықтайық. Ол ушін  топтардың басшылары ортаға шығыңдар. Ал енді малақайдан асықты алып, байқау ретін анықтаңдар.

2-Жүргізуші: 1-байқау- сәлемдесу, « Атымда менің сырым бар» деп аталады. Байқаудың шарты: өз атының мән-мағынасын ашуы қажет. (кезекпен жеті топ ортаға шығады)

1-Жүргізуші: қазылар алқасы ұпай санын берулеріңізді сұраймыз……..

2-Жүргізуші 2-байқау — Мақалшы аталатын кез де келді,

Көп нәрсе уақыт сайын өзгереді

Қанеки, шын шешенді табайық,

Үйреткен бұл өнерге өзгелерді, — дегендей бұл сайысымыз «Кім жүйрік?» деп аталады. Әр топтан бір оқушыдан шығып еңбек туралы мақалдар айту.  Еңбек туралы мақал-мәтелдерді кім көбірек біледі. Білгенінше  айтады, тоқтап қалған, сайыстан шығады.

1-Жүргізуші: қазылар алқасы ұпай санын берулеріңізді сұраймыз.

2-Жүргізуші: 3-байқау – Қазақ халқының ұлттық мұрасы Жас ұрпақтың санасында қаншалықты берік қалыптасқанын білетін кез келді. Ал ендеше келесі сайысымыз «Ұлттық өнер» деп аталады. Сайыс шарты бойынша әр топтың үш оқушысы кезекпен шығып, берілген плакаттарға маркермен оюдың әр элементін сала отырып, белгілі бір ою түрін шығару керек. Соңғы үшінші қатысушы оюды аяқтап салу керек. Ұпай саны шапшаң аяқтағанына қарай беріледі.

1-Жүргізуші: қазылар алқасы ұпай санын берулеріңізді сұраймыз.

2-Жүргізуші:4-байқауымыз- «Шебердің саусағы алтын» деп аталады.

Шебер біздің әжеміз,

Шебер біздің атамыз,

Шебер болған бабам да,

Бізде шебер боламыз – демекші   дәл қазір біз жігіттеріміздің шеберлігін анықтаймыз. Берілген тақтайдан жұлдызшаны кесіп шығару керек. (әуенмен қөркемдеу Қайыңбаева Н. «Әгугәй»)

1-Жүргізуші: қазылар алқасы ұпай санын берулеріңізді сұраймыз……..

2-Жүргізуші: 5-байқау —  «Кім білгір?» деп аталады. Әр топтан бір-бір адам шығып, конверт алыңыз. 30 секунд дайындалуға беріледі. Жауаптарын тыңдайық. (конвертте екі ою суреттелген, және оларды талқылау)

1-Жүргізуші: қазылар алқасы ұпай санын берулеріңізді сұраймыз……..

2-Жүргізуші: 5-байқау -. Ойын шарты бойынша берілген конверттегі сөздерден  еңбек туралы бір мақал жинап шығару керек. Бағаның жоғарылығы топтың тез жинауына байланысты болады.

1 Жүргізуші: Қазылар алқасы ұпай санын берулеріңізді сұраймыз.

2-Жүргізуші: 6-байқау – «Дем аламын мен еркін» деп аталады.Әр топтан бір оқушыдан шығып, шар үрлейді. Ұпай саны шардың үлкендігіне байланысты болады. Шар жарылмауы керек.

1-Жүргізуші: : қазылар алқасы ұпай санын берулеріңізді сұраймыз.

2-Жүргізуші: 7-байқау —  «Өнерлі өрге жұзер» топтық сайысы деп аталады.

Ою ойып оймақты

Шеберлікті шындайық.

Білгір болып білікті

Жанбай жұлдыз тынбайық  — түрлі ою-өрнектерді  қолданып, белгілі бір композиция жасап шығару. (жігіттер тапсырманы орындағанда, қыздары ән шашу тарту етсін)

1-Жүргізуші:қазылар алқасы ұпай санын берулеріңізді сұраймыз.

2-Жүргізуші: 8-байқау«Қөз қорқақ, қол батыр» (қол күрестіру сайысы)

1-Жүргізуші: Қазылар алқасы ұпай санын берулеріңізді сұраймыз.

2-Жүргізуші: Құрметті қатысушылар, сонымен бүгінгі «Ал кәнекей, жігіттер»  атты сайысымыз  өз мәресіне жетті.  Қазылар алқасы жалпы қорытынды жасауларын сұраймыз.(қорытынды жасағанша тағы ән шашу …….)

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *