Басы » Тарих » Әбілқайыр хандығы

Әбілқайыр хандығы

Карбозова Айман Отарбаевна

Сабақтың тақырыбы: §27 Әбілқайыр хандығы
Сабақтың мақсаты:
• Әбiлқайыр хандығы немесе «көшпелi өзбек хандығы» деп аталу себептерiне, оның мемлекет болып құрылуына негiз болған жағдайларға сипаттама берiп, оқушыларды оның жарты ғасырлық тарихымен таныстыру;
• Орта ғасырлардағы Қазақстан жер аумағындағы мемлекеттердiң өзiне тән ерекшелiктерiн бiлуге, оқушылар¬ды өзiндiк ойлауға, пiкiр қорытуға үйрету;
• Хандыдтың нығаюына және әлсiреуiне тiкелей себеп болған қазақ тайпaларының күштi ықпaлын көрсете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отансүйгiштiкке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта, суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Кар¬тамен жұмыс жасай отырып, мына төмендегi сұрақтарға жауап алынуы шарт.
1. Ноғай Ордасының құрылуына қандай саяси жағда лар әсер eттi
2. Орданың жер аумағын картадан көрсетiңдер?
3. Ноғай Ордасының негізін қалаған Едіге туралы қандай тарихи деректерді білесің?
4. 0рданың өмiрiнде маңызды орын алған Сарайшық қаласын сипаттаңдар.
5. Мемлекеттiц ыдырауына не себеп болды?
6. Батыс Сiбiрде Tүрiк тайпаларының мекендeгeнiн қандай деректер делелдейдi?
7. Ибад хан қандай саясат жүргiздi?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Әбiлқайыр хандығының құрылуы, жер аумағы.
2. Халқының этникалық құрамы.
3. Әбiлқайыр хандығының нығаюы.
4. Хандықтың әлсiреуi.
1428 ж. Батыс Сібір ханы Махмуд-Қожаны жеңіп шыққан кім? /Әбілқайыр/
«Бейне жазба»
«Джигсо» әдісі
1.Әбілқайыр хандығының құрылуы, жер аумағы.
-Ақ Орда ыдырап, орнына Әбілқайыр хандығы құрылды: XVғ. басында
-XVғ.II ші ширегінен бастап Шығыс Дешті Қыпшақтағы билікті өз қолына алған әулет: Шайбани
-1428ж. Дешті Қыпшақта билікке келген: Әбілқайыр
2.Халықтың этникалық құрамы. Қарлұқ Қоңырат Бұйрық
Құрамына кірген Қият тайпалар Маңғыт Үйсін Өкіреш Найман
«Тоқсан екі баулы өзбек» деген шежіре- Әбілқайыр хандығы 92 ру-тайпадан тұрған.
3.Әбілқайыр хандығының нығаюы. Моғол хандығы (1446ж. Самарқанды алды
Батыс Сібір ханы Махмуд-Қожа(жеңген) Маңғыт әмірі Уақас би
1446ж. Атбасар маңында Мұстафа ханды
тас-талқан етеді . Сыр өңірімен Қаратау аймақтары
(Керей, Жәнібек)
Тоқа-Темір тұқымы
1431ж. Тоқа-Темір ұрпақтарына қарсы шайқас Екіретүп деген жерде болып, Әбілқайыр хан жеңіске жетеді.
Астаналары: Тура қаласы ->Орда Базар-> Сығанақ қалалары
Әбілқайыр хандығы
4.Хандықтың әлсіреуі:
Әбілқайыр 1456-1457 ж.ж. Сығанақ қаласы түбінде Үз-Темір тайшы бастаған ойраттармен соғыста жеңіліп қалады./дешті қыпшақтан кетуге мәжбүр болған/. 1468ж. Моғол хандығына қарсы жорыққа шығады. Жорық кезінде Әбілқайыр хан Алматы маңындағы Аққыстау деген жерде қайтыс болған.
III. Ой-толғаныс.
Венн диаграммасы.
Әбілқайыр хан Ортақ белгісі Әмір-Темір
1428-1468 ж.ж. /билік жүргізген/. Жошы хан-ның бесінші ұлы Шайбани ханның ұрпа-ғы. 40 жылдан астам хан болған. /16жасында хан/. Дәулет Шайхының баласы Әбілқайыр (1412-1468)Алматы маңындағы Аққыстау деген жерде қайтыс болған.
Батыр, жаулаушы 1370-1405ж.ж. /билік жүргізген/. Тарағай бектің баласы. /1336-1405 ж.ж. ө.с. 35 жыл бойы билік жүргізген.
1405ж. Отырар қаласында қаза болған.
Тест.
1. Әбілқайырдың хан сайлаған жылы?
а)1382ж. ә)1479ж. б)1428ж. в)1516ж.
2. Екіретүп шайқасында кім жеңіске жетті?
а)Тоқа-Темір ә)Ұрұс хан б)Мұстафа в) Әбілқайыр хан
3. Әбілқайыр қанша жыл хандық етті?
а)20жыл ә)40жыл б)35жыл в)60жыл
4. 1456-1457 жылдары Әбілқайыр ойраттардан жеңілген жер:
а)Суяб ә)Шаш б)Испиджаб в )Сығанақ
5. Дешті Қыпшақ жеріндегі Әбілқайыр әулетінен шыққан шайбандықтар билігінің тоқтау себебі:
а)Ақ Орданың құрылуы ә)Ойраттардың шапқыншылығы
б)Ноғай хандығының құрылуы в)Моғолстанның құрылуы
с) Қазақ хандығының құрылуы.
ІҮ. Сабақтың бекіту:
• Әбiлқайыр хандығы қай ұлыстың. құpaмындa болды?
• Toқсaн eкi баулы өзбек» шежiресiнде қазақ тайпалары туралы не айтылды?
• Жәнiбек пен Керей сұлтандардың. Әбiлқайырдан бөлiніп кетyiнe қандай жағдайлар себеп болды?
• Хандыктың әлеiреуiне қандай оқиға әсер eттi?
• Сематикалық карта:
Оқиғалар: 1370ж 1206ж 1348ж 1303ж 1428ж
1
Моңғолдардың батысқа(Еуропаға) жорығы басталды. +
2
«Қыпшқ тілі сөздігі» жазылды. +
3
Әмір Темір Мәуеренахр әмірі болды. +
4
Ақ Орда ыдырады. +
5
Тоғылық Темір Моғолыстан ханы болды. +
• Венн диаграммасы:
Алтын Орда мен Ақ Орда ұқсастықтары мен айырмашылығын салыстыру
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§ 27Әбілқайыр хандығы

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *