Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы
«Қарой орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шағын жинақталған мектепте өткен қазақ тілінен сабақ жоспары
Өткізген: Меруерт Енкебаева
Тақырыбы:Мұхтар-Табиғат-Адам-Қоғам
5-сынып: Сыныптан тыс оқу
Мақсаты: |
7-сынып: Тіл дамыту
Білімділік: шығарма негізінде жатқан мәселелерді анықтап,сол бойынша оны топтау. Жазушының көркемдік әлемін , стильдік ерекшелігін дәлелдеу.Шығармаға өзіндік баға беру. |
7-сынып |
Өскелең ұрпақтың сөз құдіретіне деген сезімдерін ояту, әдеби дүниетанымын кеңейту, өз беттерімен көркем шығармалар оқуға баулу, оқырмандық дағдыларын қалыптастыру. |
5-сынып |
Ортақ мақсат :
Жазушы шығармасындағы заман, оның адамы, қоғам келбетін толғайтын үзінділерді сұрыптап, «Адам мен қоғам, табиғат және жазушы» проблемаларының шешімін іздеу. Жазушы шығармасындағы «жүректі тітіркендіретін» мазасыз ойлардың себебін ашу. |
Дамытушылық : жазушының аң мен адам арасындағы тартысын суреттеу арқылы тіршілік үшін күрестің өте күрделі де қиын екенін дәлелдеу.Өз пікірлерін қорғауға дағдыландыру.
Тәрбиелік : табиағатты сүюге, оны қорғауға баулу, жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақтың эпигарфы:
«Сабақ –Әйтеке, Қазыбек, Төле би, Абай мен Мұхтар… Сабақ –ол мен. Менің туған еліме , оның асыл сөз өнеріне, тіліне, жасөскіннің болашағына деген борышым мен парызым. Сабақ-бақытым, өмірім.Сабақ-мен өмір көшінен қалып қойған кезде де өзімді болашақпен шәкіртерім арқылы жалғастыратын үміт, сенім көпірім. Сабақ-Егемен елімнің болашағы…»
Қ.О.Бітібаева
Сабақтың түрі: Пікір қорғау сабағы
Қолданылатын әдістер: сыни тұрғыдан ойлау/ ой қозғау, салыстыру/ дискуссия/
Әдістемелік кешен:
І.Ұйымдастыру
Мақсаты: оқушының көңілін сабаққа аудару, ой қозғау стратегиясын қолдану. |
-Амандасу, кезекші мәліметі;
-сабақ тақырыбын, мақсаттарын хабарлау; -сабаққа қажетті оқу құралдарын дайындау; -оқушыны сабақ жоспарымен таныстыру; — сыныпты топқа бөлу; -координаторлар сайлау. |
||||||||||||
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Мақсаты: оқушының дайындаған жұмысын бақылау, өз бетінше меңгерген дағды деңгейін анықтау.
|
5-сынып: Қ.О.Бітібаеваның «Сыныптан тыс оқу» кестесі бойынша дәйектеме жазу. Сыныптан тыс шығарма оқу. М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» жинағындағы «Көксерек» әңгімесін оқу.
7-сынып: Қасқырлар туралы мәлімет жинау. М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі бойынша жоба-модель жасау. |
||||||||||||
ІІІ.Жұмысқа мақсат қою | Оқушылар сабақ барысында жасайтын жұмыстарына мақсат қояды. | ||||||||||||
ІV. Ой ашар | Жазушының Көксерек портретіне сезімінің суреттелуі /1-топ/
Шығарма құрылысына талдау жасау /2-топ/
|
||||||||||||
V. «Мини-дебат» бағдарламасы бойынша .
Мақсаты : оқушылар алдына проблема қоя отырып, оны шешуге түрткі жасау. Бірін-бірі тыңдай білуге жүйелі, мақсатты түрде шындық іздеу. |
Көксерек пен адамдарға бүгінгі күн тұрғысынан баға бергізу, тілдерін дамыту.
Берілген мәселе айналасында талқылау, оқушылар өз пікірлерін дәлелді түрде , аргументке сүйене отырып, талқылау. |
||||||||||||
VІ.Ұжымдық оқыту технологиясы
Мақсаты: жеке тұлғаны , оның дарыны, қабілетін шығармашылық жұмыс арқылы арттыру. |
1.Кейіпкерге хат /дарынды оқушымен жұмыс/
2.Харизматикалық лидер /топ лидері сұрақтарға жауап беру/ 3.Вариациялық жұп /конструкторларды құрап, тапсырмалар орындау/
|
||||||||||||
VІІ.Эйлер шеңберін толтыру
Мақсаты : сабақ барысында алған білімдерін жинақтап, қорытынды жасау.
|
Авторы кейіпкерлер
Іс-әрекеті кейіпкерлер тағдыры |
||||||||||||
VІІІ. Үйге тапсырма
Мақсаты : өз беттерімен ізденіс жасап, пайымдау жасау, шығармашылық қабілеттерін арттыру. |
«Талқыға түскен табиғат» ойтолғау жазу /дарынды оқушылар/
Жазушы шеберлігін талдау «Көксерек» әңгімесін өз қиялымен аяқтау. |
||||||||||||
ІХ.Бағалау | Оқушылардың үй тапсырмасын, сынып жұмысын орындауларына, белсенділіктеріне қарай бағалау. |
[bws_related_posts]