Басы » Математика » Мәтінді есептерді квадрат теңдеулер арқылы шығару

Мәтінді есептерді квадрат теңдеулер арқылы шығару

Мұғалім: Ыбыраева Ақкенже

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді есептерді квадрат теңдеулер арқылы шығару

Сілтеме: Слайд
Жалпы мақсаты: Есепті теңдеу құру арқылы шығару жайлы оқушылардың білімдерін жүйелеу және өз бетінше жұмыс істеуге жағдай жасау.
Міндеттері:
Мәтінді есепті шығарудағы құрылған алгоритмін іс-тәжірибеде дұрыс қолдану;
— Формулалары мен ережелерін өмірде, математикалық есептеулерде, практикалық іс-әрекеттерде қолдана білу ;
— Логикалық ойлау қабілеттерін, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдылығы мен ой ұшқырлығын қалаптастыру;
— Есеп шешімін іздеу арқылы қиыншылықты жеңуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Әдіс – тәсілдер: Диалогтік оқыту әдісі, топтық жұмыс, кубизм.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар топпен тапсырманы орындайды. Бағалау критерийлерін үйренеді.Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамиды.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, тапсырма көздері жазылған карточкалар
Сабақтың барысы: уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру
5 мин Амандасу, түгендеу.
Оқушылар формулалар жазылған қағаздар арқылы топқа бөледі.
Топ спикеріне бағалау парағы таратылады, оқушы белсенділігін арттыру,алдағы жұмыстың алгоритімін түсіндіру.
Үй тапсырмасын тексереді. №131, 159(1,2) Амандасады. Топқа бөлінеді.
Әр топ жетекшісі сайланады .
Тұсаукесер
5 мин Қайталау оқу анасы: Диалогтік оқыту әдісін қолдану.
Сұрақ қою.
1. Қандай теңдеу квадрат теңдеу деп аталады ?
2. Егер ах2 +вх+с=0 теңдеуіндегі в немесе с нөльге тең болса, онда ол теңдеулер қандай теңдеулер болады ?
3. Квадрат теңдеуді шешудің қандай әдістерін білесіңдер?
4.Биквадрат теңдеу деген не? Анықтамасын айтып бер т.б
Берілген жауаптарды қолданып, сөйлемді аяқта.
1 ax2+bx+c=0 теңдеу квадрат теңдеу деп аталады,егер…
2.Теңдеу келтірілген квадрат теңдеу деп аталады,егер…
3. Теңдеу толымсыз квадрат теңдеу деп аталады,егер…
4. ax2+bx+c=0 теңдеуінің екі түбірі болады,егер…
5. ax2+bx+c=0 теңдеуінің бір түбірі болады,егер…
6. ax2+bx+c=0 теңдеуінің түбірі болмайды,егер…
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстырады. (слайд көрсету) Оқушылар өткен білімдерін естеріне түсіреді.

Жаңа сабақ 5 мин Мәтінді есептерді квадрат теңдеулер арқылы шығару алгоритмін түсіндіру. Берілген алгоритмді қолданып, есептер шығаруға мысал келтіру
Мысал. Егер тікбұрышты үшбұрыштың катеттерінің біреуі екіншісінен 4 см қысқа екені және гипотенузасы 20 см-ге тең екені белгілі болса,осы үшбұрыштың катеттерін тап. Кіші катет х см-ге тең болады.Пифогор теоремасы бойынша гипотенузасының квадраты катеттердің квадраттарының қосындысына тең болады,яғни
x^2+(x+4)^2=〖20〗^2
Шыққан теңдеуді ықшамдайық:
x^2+x^2+8x+16=400
〖2x〗^2+8x-384=0
x^2+4x-192=0
Бұдан мынаны табамыз: x_1=-16 ,x_2=12
Есептің мағынасы бойынша x-тің мәні оң сан болуы тиіс.Бұл шартты тек екінші түбір, яғни 12 саны қанағаттандырады.
Жауабы:12 см,16 см.
Оқушылар түсіндірілген мысалды бірге талқылайды.
Сабақты бекіту
15 мин (оқулықпен жұмыс)
№ 202,203,204 Есепті өздігінен шығарады, топта талқылайды, оқушылар алған білімдерімен бөлісуге тақтаға шығады.

Ойлан, жұптас, талқыла 5 мин Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту. (Квадрат теңдеудің түбірлерінен мақал – мәтелдер айтылады.)
1.x1=1000, x2=1, Жауабы:x2-1001x+1000=0 , Білімді мыңды жығады,
Білекті бірді жығады
2. x2- 8x+7=0 , Жауабы: x1=7, x1=1; Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
3.x1=1, x2=10; Жауабы:x2- 11x+10=0, Бір тал кессең, он тал ек
4. x2-9x+8=0; Жауабы: x1=1, x2=8; Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы
5. x1=7, x2=7; Жауабы: x2-14x+49=0; Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім ал.
6. x2-10x+24=0; Жауабы: x1=6, x2=4; Алтау ала болса ауыздағы кетеді.Төртеу түгел болса төбедегі келеді.
7. x1=5, x2=5; Жауабы: x2 -10x+25=0; Айдағаным бес ешкі, ысқырығы жер жарады
8. x2 -66x+360=0; Жауабы: x1=60, x2=6; Алыстан алты жасар бала келсе,алпыстағы қария сәлем берер. Есептерді шапшаң шығарады, шеберліктерін көрсетеді.

Кубизм 5 мин Кубикті лақтырады да, түскен санындағы тапсырманы орындайды. Бірлесе жұмыс атқарып, білімдерін қағаз бетіне түсіреді
Қорытындылау 2 мин Мәтінді есептерді квадраттық теңдеулер арқылы шығару алгоритмін сұрау. Оқушылар жауап береді. Топтарды бағалайды.
Рефлексия бағалау 2 мин Оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазып, баспалдаққа жабыстырады.
Бағалау.
Үйге тапсырма 1 мин № 205 есеп, Квадраттық теңдеулерді шешу жолдары (қосымша мәлімет)

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *