№5 көру қабілеті бұзылған балалалардың арнайы (түзету) мектеп интернаты мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Технология пәні мұғалімі: Жоламанова Қуанышкүл Әбілдақызы
Сабақ жоспары
Пәні: Технология
Сабақтың тақырыбы: Ылғалды жылулық өңдеу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алжапқыштың қажеттілігі туралы түсінік беру, алжапқышты ылғалды жылумен өңдеуді үйрету. Білімділігі: Оқушыларға киім туралы, ылғалды — жылулық өңдеу
жұмыстары туралы түсінік беру, ылғалды — жылулық
өңдеу құралдарымен таныстыру.
Дамытушылығы: Теориялық білімдерін тұрмыста, күнделікті
өмірде қолдана білуге үйрету, оқушылардың ой-өрісін дамыту, саусақ қимылын дамыту. Тәрбиелілігі: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру,
ұқыптылыққа, үнемшілдікке, тазалыққа баулу, тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдіс-тәсілі : түсіндіру , сұрақ-жауап. Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту. Көрнекілігі:Слаидтар, ребус, кесте,суреттер. Пәнаралық байланыс : қазақ тілі, физика Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта,үтік, алжапқыш, үтіктейтін жазық тақтайша, тігін машинасы, қайшы. Психотренинг.
Күн шуағын төккенде қуанамыз ба? Ендеше күнге сәлем берейік. Сәлем бердік күн шуақ, Сәлем бердік ашық аспан. Сәлем бердік жер ана, Сәлем бердік баршаңызға.
Мінекей балалар, олай болса күнде шығып бізге өзінің шуағын шашуда. Жарқыраған күнге рахметімізді айтып, ісімізге сәттілік тілейміз.
Ребус шешу арқылы сабағымыздың девизін анықтаймыз. (Жеті рет өлшеп бір рет кес)
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а)Оқушыларды түгендеп, құрал-жабдықтарын тексеріп, оқушылардың назарын сабаққа аудару. б)Техникалық қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (Слайд арқылы сұраққа жауап беру).
Жаңа сабағымызды бастамас бұрын сабағымыздың девизін мына ребусты шешу арқылы анықтаймыз. Сонымен жаңа ылғалды жылулық өңдеу тақырыбындағы сабағымызды бастамас бұрын техникалық қауіпсіздік ережелеріне тоқталайық. Техникалық қауіпсіздік ережесі -Жұмыс барысында керекті құрал-жабдықтарды түгенде. — Резиналы кілемшеде тұрып, жұмыс жасауымыз қажет;
— Үтікті құрғақ қолдармен өшіріп — қосуды есте ұстауымыз қажет;
-Үтікті үтік қойғышқа қоюды ұмытпа!
-Матаның түріне қарай термореттегіш көрсеткішінің дұрыс қойылуына көз салып отыр;
— Қосылып тұрған үтікті қараусыз қалдыруға болмайды;
Қызығушылығын ояту: Ситуациялық сұрақтар.
- Үтіктеу кезеңінде келеңсіз жағдайларын мимикалық көрініс ретінде көрсетеміз.(бұл әдіс оқушы есінде қалады)
— Үтік қызуын тексеру әдісін көрсетеміз
— Су қолмен тоқты қосу және өшіру кезеңіндегі көрініс.
— Үтіктеу кезеңінде алаңғасарлық көрінісі.
ІІІ. Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру. (слаид). Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Киім — пайдаланылуына қарай тұрмыстық, өндірістік, формалық болып бөлінеді. Тұрмыстық киімдер күнделікті, сәндік, үй, спорттық, ұлттық киімдерге бөлініп, өндірістік киімдерге арнайы және санитарлық киімдер жатады.Үйде немесе мектепте аспаздық жұмыстармен айналысқанда алжапқыш пен орамалды пайдаланған жөн. Алжапқыш киімнің алдын ластаудан сақтайды. Ал орамал шаштың бөгет болуынан, әрі ас әзірлегенде санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау үшін қажет. Алжапқышқа арналған мата түксіз, жеңіл, тез жуылатын, тігісі мықты болуы керек. Ең бастысы — шыттан, зығыр матадан, сәтеннен тіккен дұрыс. Бұл маталардан тігілген бұйым тез жуылады, жақсы үтіктеледі, сырт көрінісі тартымды келеді. Бұйым сапалы болу үшін ылғалды – жылулықпен өңдеу жұмысын ұқыпты түрде жүргізген дұрыс. Бұйым тек дайын болған кезде емес, әрбір операцияны орындап болған сайын үтіктеп
отырады. Үтіктелеген кезде матаның түріне байланысты қажетті температураны белгілеп, үтіктеп қыздырамыз.
— 200 С — тан жоғары емес температура (мақта — мата және зығыр кездемелер);
— 150 С — тан жоғары емес температура (жүннен жасалған және жібек маталар);
— 100 С — тан жоғары емес температура (синтетикалық мата).
Көптеген дайын бұйымдардың зат белгілерінде ылғалды — жылулық өңдеуге қажетті температура көрсетіледі. Ол үтікті қажетті температурада қыздыруға көмектеседі.
Үйде немесе мектепте аспаздық жұмыстармен айналысқанда алжапқыш пен орамалды пайдаланған жөн. Алжапқыш киімнің алдын ластаудан сақтайды. Ал орамал шаштың бөгет болуынан, әрі ас әзірлегенде санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау үшін қажет. Алжапқышқа арналған мата түксіз, жеңіл, тез жуылатын, тігісі мықты болуы керек. Ең бастысы — шыттан, зығыр матадан, сәтеннен тіккен дұрыс. Бұл маталардан тігілген бұйым тез жуылады, жақсы үтіктеледі, сырт көрінісі тартымды келеді. Бұйым сапалы болу үшін ылғалды – жылулықпен өңдеу жұмысын ұқыпты түрде жүргізген дұрыс. Бұйым тек дайын болған кезде емес, әрбір операцияны орындап болған сайын үтіктеп отырады.
Ылғалды — жылулық өңдеуді әрбір тігісті орындағаннан кейін бөліктерді қосып болғаннан кейін және тігіп болғаннан кейін орындау қажет.
1. Балалар мен әйелдердің жеңіл көйлектерін әзірлеген кезде дымқыл — жылулық өңдеу едәуір орын алады және бұйымның бүкіл өңдеудің маңызы зор, ол жұмысыңның шамамен 15 — 20% — ын құрайды.
Бұйым сапасы мен оның сыртқы көрінісі көп жағдайда бұйымды тігу барысында да, сондай-ақ оны ақырғы өңдеу кезінде де дымқыл — жылулық өңдеудің қалай орындалуына байланысты болды.
2 Дымқыл — жылулық өңдеу, негізінен, мына мақсатта қолданылады:
— бұйым бөлшектеріне көлемді — ауқымды пішім беру және әр түрлі тігіс түрлерін өңдеу;
— бөлшектерді желіммен қосу.
3 Тұтас дымқыл — жылулық процесс екі сатыдан тұрады:
— талшықтарды дымқылмен және жылумен жұмсарту;
— алынған пішімді дымқылмен, жылумен және қысыммен бекіту.
4 Өңдеу процестері үтіктеу, басу және булау болып үшке бөлінеді.
ІV. Сергіту сәті. Адасқан құралдар ойыны.
Ине сызады
Орындық кетіргіш құрал
Мата оқу құралы
Шыт Тігеді
Қайшы өлшеуіш
Үтік лента
Сантиметрлік жазады
Пайдалы кеңестер:
Үтіктің беті қарайып не жырып өтуде мазаңызды алатындай болып кетсе қыруға болмайды. Қырған жағдайда сызылып, бұйымды үтіктеген кезде, бұйым бетінде жіптерін іліп алады. Бұндай жағдайда ақ қағазға ас тұзын салып, үтікті қыздырып, қағаздағы тұздың үстіне үтікті үйкелеп аламыз. Үтіктің бетіндегі қара дақтан құтыламыз.
V.Сарамандық жұмыс: 1. Жіптердің барлық қалған соңғы ұштарын алып тастаймыз;
2. Дайын алжапқышты үтіктейміз;
3. Дайын бұйымның сапасын тексереміз;
а) Сыртқы түрі таңдалған үлгіге сәйкес болу керек;
ә) Тігістің ені бүкіл ұзына бойына біркелкі болуы керек;
б) Машина тігістері тең болуы және матаның берілген жерінен белгілі бір қашықтықта өтуі тиіс;
в) Аспа бау, белдік қалталар ені ұзына бойына бірдей қалталар симметриялы болуы керек;
VІ. Жаңа сабақты бекіту. Сұрақтары: Дайын бұйымның сапасын қалай тексереміз? Үтіктің қандай түрлерімен таныстық?
ұйымның сапасы неге байланысты? Үтікпен жұмыс кезінде қандай қауіпсіздік ережелері сақталуы керек?
VІІ.Қорытындылау. Бүгінгі күнде еңбексіз тіршілік болмайды. Сондықтан да еңбек бәрімізге де керек. Қыз балалар үшін ине ұстап, мата қию, ою сызу, кесте тігу үлкен өнердің бірі. “Қол тігеді, көз сынайды” – деп қазақ халқы бекер айтпаған.
VІІІ.Үйге тапсырма беру. Ылғалды жылумен өңдеуді үйрену, тігіс түрлерін қайталау
[bws_related_posts]