Басы » Cыныптан тыс » « Ф и з и к а – ә л е м к і л т і » а т т ы а п т а л ы қ ж о с п а р ы

« Ф и з и к а – ә л е м к і л т і » а т т ы а п т а л ы қ ж о с п а р ы

skoСолтүсүік Қазақстан облысы

Петропавл қаласы, Қазақ мектеп-гимназиясы

Директордың бейінді оқыту жөнінен орынбасары,

Физика пәні мұғалімі

 « Ф и з и к а   –   ә л е м   к і л т і » а т т ы   а п т а л ы қ  ж о с п а р ы

 

Тақырыбы Жауапты Мерзімі
1 Жоспармен таныстыру Топышев Т.Б 16.11
2 «Физика қиын, ашиды миың»

Бұл кім, бұл не? жұмбақтар

Топышев Т.Б 17.11
3 «Кім шапшаң»

Физикалық құралдарды білесің бе?

Топышев Т.Б 18.11
4 «Білімді ұрпақ — ел тірегі»

Ән шашу

Оқушылар 19.11
5 «Біле бер қанша білсең — тағы тіле,

Жетерсің мақсатыңа біле-біле»
Ребустар шешу

Оқушылар 20.11

 

  1. Екі жұмыртқа біреуі піскен, екіншісі шикі қалай ажыратамыз? (Айналдыру арқылы)
  2. Қияр ыстық суда әлде суық суда тез тұздала ма? (Ыстық. Диффузия ыстық суда тез тарайды)
  3. Үстіне құм, не күл сепсек қар тез ериді, неге? (Қара түс күн сәулесін тез жұтады )
  4. Таудан түскенде автомобильдің қай дөңгелегі айналмайды? (артық дөңгелегі, запаска)
  5. Жердің қай жерінде ең ұзақ тәулік? (Барлық жерінде бірдей (24 сағ))

 

«Физика қиын, ашиды миың»

1 — тур. «Бұл кім, бұл не?»
1. Бұл кім?
Ғылыми еңбектері механикаға, оптикаға, астрономияға, математикаға арналған.
Механиканың үш заңын ашқан
Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан. (Ньютон)
2. Бұл кім?
Дәлелденген формуласы бар
Математик, астроном
Өзінің табысына шаттанып «Таптым! Таптым!» деп айқайлаған (Архимед)
3 Бұл кім?
Өз өмірінде 40 тонна тамақ жеген
Дүние жүзінде ең ақылды жыртқыш
Қуаты орта есеппен 2, 2 Вт (Адам)
4. Бұл не?
Керекті бағытыңды көрсетеді
Алмаз бен қымбат материалды елемейді
Жолында темір кездессе бұлқына бастайды. (Компас)
5. Бұл не?
Сен оған, ол саған қарай жүреді
Ол сенен, сен одан қашасың (көлеңке)
6. Бұл не?
Көкке қараған, жұлдыз санаған (телескоп)
7. Бұл кім?
Энергияның сақталу заңын тәжірибе жүзінде дәлелдеген
Электр тогының жылулық әсерін анықтаған (Джоуль)
8. Бұл кім?
Лондон корольдік ғылым академиясының құрметті мүшесі
Атом құрылысын анықтаған
Радиоактивті процестерді зерттеген (Резерфорд)

 

  1. Бұл кім?
    Әскери инженер
    Электрлік және магниттік өзара әсерлесудің негізгі заңдарын тағайындаған
    Үйкеліс күшіне қатысты зерттеулері арқылы аты шыққан (Кулон)
    10. Бұл кім?

Шаруа адамының ұлы
Аэроклуб курсанты
Саяхатқа аттанғанда сөзі «Ал, кеттік!» (Гагарин)
11. Бұл кім?
1643 жылы тәжрибені бірінші рет шәкірті Вивани жасаған
Ауаның салмағын есептеген
Атмосфералық қысымды өлшеген (Торричелли)
12. Бұл не?
Шам, плита жұмысын жасай қалды
Ал, оның есептен — ақ басы айналды (Электр есептегіш)
1) «Физика» сөзінің қазақша аудармасы ( табиғат)
2) Страус өзін құспын деп атай ала ма?   (жоқ)
3) 1 кг массасы қыста ауыр ма, әлде жазда ауыр ма? (бірдей)
4) 12 шоқ жұлдыздың жалпы аты               (зодиак)
5)  Электр заряды жоқ бөлшек ?                   (нейтрон)
6) Аттас зарядтар бір-біріне тартыла ма?  (тебіледі)
7) Күн жүйесіндегі ең ірі планета             (юпитер)
8) «Тон жылытады» деген тұжырымдама дұрыс па? ( жоқ)
9) Сұйық тарапынан әсер ететін кері итеруші күшті ашқан кім? (Архимед)
10) Темір не?                                                    (металл)
11) Көкке қараған жұлдыз санаған                (телескоп )

  1. — Жіпке ілдім мен өзім,

Кіп-кішкентай күн көзін.       /электр шамы-лампочка-

  1. Бойындағы зарядын

Ұзақ уақыт сақтайды.

Реленің күшімен

Бүлдірмістен баптайды.    /аккумулятор

  1. Күміс алмұрт тілі бар,

Сыңғырлаған үні бар.

Шақыратын білімге,

Сағаты бар, күні бар. .         /қоңырау-звонок-

  1. Суға салсаң батпайды, отқа салсаң жанбайды. /мұз-лед-
  2. Жалғыз бағыт білері,

Бұрғаныңа көнбейді.

Жол көрсетіп береді6

Бірақ өзі көрмейді.     ( компас

6.Туыстарын шетінен,

Өбеді де бетінен.

Бала-шаға ұсағын,

Бауырына қысады.   ( магнит

  1. Көкке қараған, жұлдыз санаған. (телескоп,)
  2. Тар шеңберді айналып,

Тұр құдықта байланып.

Қаға берер таңдайды,

Әдетінен танбайды   ( сағат,

9.Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасақ,

Ньютонға ол келеді.  (күш,)

  1. Көтерілсе жоғары

Ерітер мұхит мұздарды

Төмен түссе шамалы

Сездірер суық ызғарды     (температура)

  1. Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың. (Жол)

  1. Жылдамдықты өзгертеді,

Қоғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қоғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)

  1. Бір бетшені аштым да,

Мәтін жаза бастадым

Бірақ тілін шет елдің

Аудара алмай тастадым

Тілді қалай өзгертем

Көмектесші,достарым! ( Shift + Alt )

«Ойшылдар» командасына:

  1. Көп болса асықпайсың,

Мезетте қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың? (Уақыт)

  1. Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньюонға ол келеді. (Күш)

  1. Біз, біз, біз едік,

Бірегей жарқын қыз едік.

Тамашада көп болдық-

Таң атқанда жоқ болдық. (Жұлдыз)

 

 

 

«Кім шапшаң»

1 ТУР
Физикалық құралдарды білесің бе?
1. Мензурка қандай құрал?
2. Динамометр не өлшейді?
3. Барометр не өлшейді?
4. Ареометр?
5. Термометр?
6. Таразы?
7. Кернеу?
8. Микроскоп?
9. Телескоп?
10. Токты өлшейтін құрал?
11. Секундомер?
12. Жылдамдықты өлшеуге арналған құрал? (спидометр)
13. Манометрлер?
14. Кедергі?

2 ТУР
1. Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? ( жарық )
2. Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты

    естиміз бе? (найзағайды)
3. Массасының өлшем бірлігіне не алынған? (кг)
4. Ең кішкентай заряд? (электрон)
5. Электр заряды жоқ бөлшек? ( нейтрон)
6. Аттас зарядтар бір біріне тартыла ма?( жоқ тебіледі)
7. Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы, ол….? (инерция)
8. Жылу берілудің қандай түрлері бар?( жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару)
9. Дененің жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын физикалық шама… (энергия)

3 ТУР
1. Сұйықтың ең кішкетай бөлшегі қалай аталады? ( тамшы)
2. Термометрді кім жасады? ( Швед астрономы, физигі Цельсий)
3. импульс түрлерін атаңдар? ( дене импульсі, күш импульсі)
4. Дене импульсінің формуласы? ( Р=mv, )
5. Атомның ядролық моделін жасаған ғалым? ( Резерфорд)
6. Бір заттың малекулаларының екінші заттың малекулалар аралық бос орындарына өзара өтуі – бұл…. (диффузия)
7. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі? ( деформация )
8. Дененің тірекке немесе аспаға түсіретін күші? ( салмақ)
9. Динамика заңдарын атаңдар? ( Ньютон заңдары)

 

 

 

4 — тур логикалық сұрақтар ( 1ұпай)


  1. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді? ( Құс жолы)
    2. Елеуішпен су әкелуге бола ма? ( болады егер қар немесе мұз болса)
    3. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)
    4. Неліктен су отты сөндіреді? ( су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)
    5. Дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? ( сабақ)
    6. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? ( алма)
    7. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыны ма әлде жұқасы ма? ( қалыны, ішкі қабаты бірдей уақытта жылынбайды)
    8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)
    9. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? ( буланады)
    10. Қандай ыдыстарға су құйылмайды? ( су толы ыдысқа)
    11. Көзіңмен көресің бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не? ( көлеңке)
    12. Жерден көтеру оңай бірақ лақтыру қиын. Ол не? ( мамық)
    13. Теңізде қандай тастар болмайды? ( құрғақ)
    14. Македонский заманындағы уақыт көрсеткіші немесе өлшеуіші болған не? ( тауық)
    15) Күннің көзі неше рет шығады? (365)

16) Дүниежүзінде ең көп тараған сұйық (су)

Біле бер қанша білсең — тағы тіле,

Жетерсің мақсатыңа біле-біле.


Армандастар әні

Білім қуған,өнер қуған жастар едік,
Бәріміз де өнер жолын бастап едік
Қызық заңдар қайда, қиын теңдеу қайда
Оны шешер өжет жастар қайда екен?

Даналарым ай

Мұрат емес озғаным озбағаным, ай

Кімге керек артық сөз өзгергенің, ай

Айналайын адамдар аялаңдар, ай

Еліміздің жарығын көз жанарын, ай

Қайырмасы:

Даналарым ай, Ұлыларым ай

Ұмытылмас мәңгілік мұраларым -ай

 

ФИЗИКА ( «Ана туралы жыр» әнінің мотиві)

Әлемдік тартылыс,
Күшін сен сыйладың
Ауырлық, үйкеліс,
Күшін сен сыйладың
Сыйладың сен маған,
Тұрақты сандарды.
Ом менен Ньютонның
Әр түрлі заңдарын
Электр қуатын сыйладың сен маған,
Жасанды көз нұрын сыйладың сен маған.
Сенсіз бұл өмірде жүру де жоқ маған.
Сенсіз бұл өмірді сүру де жоқ маған

 

(Еркем – ай әуенімен)
Жүзген кеме тұманда, неге адасып кетпейді.
Немесе ол да бір маңда, төмен неге шөкпейді.

Оны сақтап қалатын, физика — ғылымы бұл.
Сондықтан да ерінбей сол ғылымның тілін біл.

Бүгінгі кеш талайдың, шабыттарын шыңдады.
Кеш қызығын қызықтап, талай адам тыңдады.

Тәрбиелі мол тәлім, болды бүгін әсерлі.
Бүгінгі кеш түйінін көрермендер шешеді.

Ақынжанды болмаған, физик  бола алмас,
Қызықты кеш болмаса, көңілге әсте қона алмас,

Бүгінгі кеш көңілді, оған біздер сенімді.
Қошеметпен қол соқты, көрермендер өнімді.

Көңіл бөліп бұл жерге, келгендерге рахмет!
Шын сезінген көрерменге, мың рахмет, мың рахмет!

 

 

(Ару ана әнімен )
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер,
Бар ізгілік тек білімнен алыңдар,
Білімменен аспанға жол салыңдар,
Физика да, табиғат тілі тілдесер,
Аяғыңды аттап бассаң кездесер,
Сұлулықтың сыры ғой ол көз тастар,
Барлық ғылым табиғаттан жаралған,
Салған әнім, айтылған сөз бәрі де,
Аққан судың, соққан дайыл желі де.
Бәрінің де бағынары физика,
Сондықтан да физикасыз күнің жоқ.

2- тапсырма. Әнде кездескен сөздердің физикалық мағынасын ашу.
1. Желсіз түнде жарық ай…(Жарықтың шағылу құбылысы)
2. Тыныш еді өмірім…(Инерция заңы)
3. Жұлдызды түнде шаттанамын…(Жұлдыздардың ашық күндері жарқырауы физикалық құбылыс)

 

 

Физика ( «Ананың тілі» әнінің мотиві)

Мектепке келдім, ұстазады көрдім,
Жазу, сызу мен санау үйрендім.
Сан менен өрнек,  теңдеу мен бөлшек,
Сырына оның, үңіліп көрсек.
Математика – бар ілім басы,
Математика – ғылым патшасы.
Математика- өмір тірегі
Математика – шәкірт жүрегі.
Сенсіз дүкенге бара алмаймыз,
Сенсіз үйлерді сала алмаймыз.
Сенсіз уақытты біле алмаймыз.
Сенсіз тарихты жаза алмаймыз

 

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *