Тоқбаева Айнұр Елеубайқызы – Жамбыл облыстық ерекше дарынды балаларға арналған
«Дарын» мектеп-интернатының бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Ж.Баласағұн. «Құтты білік» дастаны
Сабақтың мақсаты:
Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанының мазмұны мен маңызын түсіндіру
Сабақтың міндеті: 1.Мазмұнды қамтуға байланысты міндеттер:
· Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанының мазмұнымен толық танысады;
· Дастандағы көтерілген мәселені анықтайды.
· Өлеңді мәнерлеп оқиды, талдайды;
· Өлеңнен тілдің көркемдегіш құралдарын табады.
2.Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты міндеттер:
· Тақырыпты болжайды;
· Өлеңдегі өзекті мәселені анықтайды;
· Адами қасиеттерді талдайды.
· Көзқарастарын ортаға салады;
3.Топтық жұмыс процесіне байланысты міндеттер:
· Өлеңнің тақырыбы мен идеясын топ ішінде талқылайды;
· Оқушылар тарихи оқиғаны естеріне түсіреді;
· Өз білімдерін қолдана алады;
· Қорытынды шығарады.
Бағалау:
1.Мазмұн:
· Болжау мәтіні бойынша жүйелі жауап беруі;
· Болжау кестесін толтыруы;
· ЭССЕ.
2. Сын тұрғысынан ойлау:
· Тақырып бойынша оқушы пікірінің сыни тұрғыдан дұрыстығы;
· Сұрақтарға берілген жауаптардың жүйелілігі;
· Келтірген дәлелдері;
3. Топтық жұмыс процесі:
· Тақырып бойынша топтың пікіріне көмегі;
· Мәтінді өмірмен байланыстыруы;
· Топ ішіндегі белсенділігі.
Сабақтың түрі:
жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Болжау» стратегиясы, «Автор орындығы»
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың жабдығы: АКТ, мәнжазбалар, оқулық, You Tube сайты
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды төрт топқа жыл мезгілдеріндегі туған күндеріне байланысты бөлемін де әрбір топқа куветке жазылған аттарын беремін: Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат.
Оқушылар өз топтарының атын қорғайды.
Қызығушылықты ояту сатысы /5 мин/.
Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанын түсіндірмес бұрын, «Болжау» стратегиясын пайдаланамын. Оқушылар патша, уәзір, уәзірдің баласы, уәзірдің бауыры салынған сурет бойынша шағын әңгіме құрастырады. Әр топ ақылдаса отырып, өз жауаптарын айтады. Оқушылардың болжамы тыңдалған соң, үнтаспадан «Құтты білік» дастанының Берікбай Сағындықов аударған нұсқасы тыңдалады. Төрт кейіпкердің суретінің жанына төрт ұғымның нышаны болатын Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат сөздері шығады.
Әдебиеттің көне дәуірдегі көркемдік компоненттердің бірі болып есептелетін «нышандардың » өзіндік мағынасы туралы мәлімет интерактивті тақтадан көрсетіледі:
You Tube сайтынан бейнематериал: Ежелгі Шығыс ілімі бойынша әлемді төрт нәрсе ұстайды: өнер, су, ауа, от. Осы төртеуден әлемнің үйлесімі жасалады.
Мағынаны ажырату сатысы:
«Өнер, су, ауа, оттың адам өміріне қандай қатысы бар?», « Адам тағы неден сақтану керек?» Оқушылар жауабы тыңдалады.
«Болжау» сұрақтары қойылады?
Не болады деп ойлайсың? | Не болды? | Қандай дәлел бар? |
|
|
«Құтты білік» дастаны не туралы болуы мүмкін?
Оқушылар болжайды. Кестенің «Не болады деп ойлайсың» бөліміне жазылады. Оқушылар мәтіннің бөлімін оқиды. Кестенің «Не болды?» бөліміне жазылады. «Қандай дәлел бар» деген бөлімді мәтін бойынша айтады.
Жүсіп Баласағұнның зиянды нәрсесін Абай өлеңіндегі бес дұшпанмен салыстыртамын.
Абай |
Ж.Баласағұн |
«Екінші бөлім қалай жалғасуы мүмкін?» — деген сұрақ қойылады.
Оқушылар екінші бөлімді болжайды. Болжамдары кестенің «Не болады деп ойлайсың?» бөліміне жазылады. Мәтіннің екінші бөлімі оқылады. Кестенің «Не болды?» бөліміне жазылады. «Қандай дәлел бар?» деген бөлімге Баласағұнның ойындағы шын қандай болатынын жазады.
«Адал дос пен амал дос қандай жағдайларда танылады?» деген сұрақ қойылады.
«Автор үшінші бөлімде қандай мәселені сөз етеді?» деген сұрақ қойылады. Оқушылар үшінші бөлімді болжайды. Кестенің «Не болады деп ойлайсың?» деген бөлімі толтырылады. Мәтіннің үшінші бөлімі оқылады. Кестенің «Не болды?» деген бөліміне оқушы жауабы жазылады.
«Ж.Баласағұн тіл туралы қандай ғибадат сөз қолданды?»
Оқушылар дәптеріне сол сөзді жазады.
Ойтолғаныс сатысы:
«Егер мен Президент болсам…» тақырыбында ойтолғау жаздырамын. Оны «Автор орындығында» оқиды.
Оқушы білімін болжау:
Өзін-өзі бағалау
Болжау | Сұраққа жауап | Мәтінмен жұмыс | Ойтолғау | Қорытынды баға |