Батыс ҚазақстанОблысы
Жаңақала ауданы
МКҚК«Жаңақала аудандық балалар бақшасы»
Тәрбиеші Базарова Анаргуль Бақытқызы
«Дені саудың – жаны сау»атты аудандық семинарда өткізілген «Толағай» отбасылық эстафеталық жарыс.
Құрметті ата-аналар қонақтар балабақша ұжымы ұлағатты ұстаздар және бүлдіршіндер!!! Бүгін біздің балабақшамызда үлкен мереке. Елімізді жерімізді қорғайтын, денсаулығы мықты ұландарымыз көбие берсін деген тілекпен толағай атты ата-аналар арасында эстафеталық жарысымызға қош келдіңіздер.
Салаутты өмір салтын қолдайық
Ата-ана ел үмітін ақтайық
Өмірдегі басты байлық дей туғын,
Өмір сүру өз қолында ағайын,
Денсаулықты зор бақытқа балаймын.
Тазалық пен саулық үшін әрқашан,
Салауатты өмір салтын арнаймын.
Бойыңнан кетпес қуат жасаңдағы. Дей келе сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақырамыз.
1.Күн шуақ тобы. Айналайын тобы Тұрашевтар отбасын ортаға шақырамыз
2.Жұлдыз тобы Қайыргалиевтар отбасын ортаға шақырамыз
3.Тұлпар тобы Дүйсенбаевтар отбасын ортаға шақырамыз
Көгершін тобы Кадиндер отбасын ортаға шақырамыз
Ойында бастамас бұрын әрбір жанұяға әділ баға беретін әділқазылар алқасын сайлап алайық.
1.Балабақша директоры-Бегайым Төлеуғалиқызы
2.№4 Көпжасар балабақшасының меңгерушісі-Әсет Жұанышқызы
3.№2 Алтын сақа балабақшасының меңгерушісі-Сауле Төлегенқызы.
Құрметті әділқазылар орындарыңызға отыруларыңызды сұраймын.
Кәне бір- бірімізді қостаймыз
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз
Жеңіске жетеміз деп
Жалынды ұран тастаймыз деп бүгінгі сайсымыздың бөлімдерімен таныс болайық.
Жарыс 5- бөлімнен тұрады.
1-бөлім Таныстыру
2-бөлім Кім жылдам
3-бөлім Шарларды кім тез көп үреді
4-бөлім Доппен жарыс
5-бөлім Шарик
6-бөлім Зымыран
«Күн шуақ» тобының ұраны: Тұрашевтар отбасы
Күндей болып күлеміз
Шуақ шашып жүреміз
Денемізді шынықтырып
Ұзақ өмір сүреміз.
Жұлдыз тобының ұраны: Қайыргалиевтар отбасы
Ұшақтан ұшқырмыз,
Желден озған жүйрікпіз
Жарысуға сендермен,
Келіп тұрған мықтымыз
Тұлпар тобының ұраны: Дүйсенбаевтар отбасы
Біз балдырған бақытты,
Әкеміз бен анадан
Жеңілмейміз озамыз
Тұлпар тобы боламыз.
- 4. Көгершін тобының ұраны: Кадиндер отбасы
Бейбітшілік әніміз
Бауырласпыз бәріміз
Сөз кезегін әділқазыларға береміз 1бөлімнің бағасын айту
2-бөлім Кім жылдам:
Доптың үстіне отырып секіру.Папасы доптың үстіне отырып келіп мамасына допты береді,мамасыда доппен секіріп келген соң балалар есекке отырып жарысады. Жарысып болған соң әділқазылар бағасын береді.
Бегайым Төлеуғалиқызы сізге толағай сайысының бастамасы ұнады ма?
3-бөлім Шарларды кім тез және көп үреді.
Әр отбасы бірігіп шар үреді кім тез және көп шарды музыка тоқтағанша қай отбасы ептіліктерің көрсету керек. Сөз кезегін әділқазыларға береміз 3-бөлімнің бағасын сұраймыз.
4-бөлімге дайынбыз ба отбасылар?
Допты папасы ішіне қойып екі қолын артқа қойып кегли арасымен жүреді , мамасы допты екі аяқтың ортасына қойып кегли арасымен секіреді, баласы допты алып кегли арасымен жүгіріп келеді. Жарысып болған соң әділқазылар бағасын береді.
Әсет Жұанышқызы қай отбасы алда келе жатыр деп ойлайсыз?
5-бөлім Шарик. Камер ішіндегі шарикті жерге түсірмей шелекке қасықпен апару. 1 папасы , мамасы ,артынан баласы шарикті апарады. мына ойынға қандай баға береміз әділқазылар барлық отбасы жақсы қатысып жатыр.
Сауле Төлегенқызы сайыстың өту барысы туралы не айтар едіңіз.
6-бөлім-Зымыран
Папасы мен мамасы қолдарын айқастырып баласын отырғызып тақтаға жүгіріп барып сурет салдыру музыка тоқтағанда кері орынға жүгіріп келу.
Баға беруге сөз кезегің әділқазылар алқасына берейік.
Мың бұралып би билеп
Шығамыз ортаға
Бүгінгі толағай сайсымыз тамаша
Қуанамыз балаша
Әділқазылар алқасының қортынды бағалары шыққанша Клоун биің тамашалаңыздар.
Жеңсек біз жеңдік деп тасымаймыз,
Жеңілсек,жеңілдік деп жасымаймыз.
Жығылсаң ,жер көтерер деген екен,
Реніш өкпелеуге қосылмаймыз деп сөз кезегін қазыларға береміз
Марапаттау:
Бүгінгі міне оң болып әр ісіміз
Жоғары боп күш – жігер ,намысымыз
Осылайша қуанышпен думандатып
Аяқталды,халайық,жарысымыз
Баршаңызға амандық саулық тілейміз.Сау болыңыздар шынығуды ұмытпайық, рахмет.
ім таныстыру