Новоселовка орта мектебі
Өткізген: Дайындық сынып мұгалімі Хавалгаз М.
Пән: Сауат ашу және жазу негіздері
Тақырып: «О»дыбысы мен әрпі
Мақсаты: а)Сөздерді буынға бөле білу дағдыларын дамыту; тиянақты және ұқыпты жұмыс жасауға үйрету.
ә)Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
б)Топпен жұмыс жасау арқылы бір –бірін тыңдай білуге, өзара ынтымақтастыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ — жауап .
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, қима әріптер, буындар, семантикалық карта.
Сабақ түрі: саяхат сабақ
Сабақ барысы: Психологиялық сәт
Кел, балалар күлейік
Күлкіменен түлейік
Күлкі көңіл ашады
Күліп өмір сүрейік .(Балалар бір – біріне сәттілік тілейді.) Оқушыларды суреттер арқылы топқа бөлемін.) Орындарына барып отырады.
- Балалар, біз бүгін «Әріптер бағына » саяхатқа шығамыз .
- Ол баққа қандай көлікпен барсақ екен?
- Балалар, мен ол баққа «Көңілді паравозбен» барғым келіп тұр.
Ал, сендер осы көлікке отыруға дайынсыңдар ма? Ендеше, қарап тұрмайық «Әріптер бағына» барып томпақ бауырсақты аңдардан құтқарып алайық.Бауырсақты қалай құтқарамыз деп ойлайсыңдар ғой иә? Әрине,бауырсақты құтқару үшін аңдардың бізге дайындаған тапсырмалары бар екен, соларды орындасақ томпақ бауырсақты құтқара алады екенбіз.
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! «Көңілді паравоз» Новоселовка бекетінен жүреді. Жолаушылардың өз орнын тауып отыруына көмектесіңдер! (паравозға әріптерді тіркеу)
«Көңілді паравозға» ормандағы алаңқайға баруға көмектесейік.
- Өткен мабақта қандай әріп өттік?
- Ш әрпі.
- Ш қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбыс.
- Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз?
- Көк.
Балалар, өте жақсы.
Ойыншық туралы өлең оқимын.
Біздерде бар қуырщақ,
Бұзау,қозы , құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Әмір беріп бұйырсақ.
Балалар өлеңде не туралы айтылған? Ойыншық.
Иә, дұрыс айтасыңдар, өлеңде ойыншық туралы айтылған.
Ойыншық сөзінің алдында қандай әріп естіліп тұр? «О» дыбысы. Қане, балалар «о» деп қайталайықшы. «О» дыбысының дұрыс артикуляциясы мынадай «о» дыбысын айтқанда ерін дөңгеленіп, тілдің ұшы алдыңғы тістен алыстап артқы жағы көтеріледі. «О» дауысты дыбыс, тақтада ,ауада жазып көрсету.
Енді «О»дыбысынан басталатын сөздер айтыңдаршы.
Ор-ман, о-ра-мал, о- рын-дық сөздерін буынға бөліп сөйлем құрайық.
Міне, балалар сендер бір сөзден ұзақ және қысқа сөйлем құрап отырсыңдар.
Ормандағы алаңқайға да келіп қалдық. Бұл жерге неге келдік? Томпақ бауырсақты аңдардан құтқарып алу үшін. Жақсы.
Біз бұл ертегі қалашығына дер кезінде келіппіз, сәл кешіксек қоян бауырсақты жеп қояр еді.
Ертегіні оқимын. «Томпақ бауырсақ »ертегі
Бір кемпір мен шал болыпты. Олардың малы,дүниесі баласы болмапты,өте нашар өмір сүріпті.Бірде шал кемпіріне маған бауырсақ пісіріп берші — депті.
- Неден пісірейін ? Ұн жоқ қой.
- Әй,кемпірім – ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақ –
тың ұны табылып қалар еді ғой.
Кемпірі солай істейді,қойма түбін қырнап екі уыс ұн табады,қамыр илеп,бауырсақты майға пісіріп,терезе алдына суытқалы қояды.
Жата – жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалай түседі,іргеден көкал үстіне ,көкалдан жылжып жолға жетеді.Бауырсақ жолда зымырап бара жатса,қарсы алдынан қоян шыға келеді :
- Бауырсақ ! Мен сені жеймін !
- Жоқ,сен мені жеме,мен саған өлең айтып берейін соны тыңда.
Қоян құлағын түреді,ал бауырсақ әнге басады :
Әжей қойма қырнаған,
Екі уыс ұн жинаған,
Балқаймаққа шылаған,
Пісіріп маймен сылаған,
Суытып та сынаған,
Бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым.
Әжейден де құтылдым.
Қоян, сенен құтылу
Қиын емес бұл маған !
Бауырсақ менің бір шартым бар соны орындасаң жіберемін дейді.
Қоянның тапсырмасы : Көжектерімді қасқыр жемекші , соларды құтқарсаң жіберемін.«Қапқа дауысты,дауыссыз дыбыстарды сал »
Өте жақсы. Қоянның тапсырмасын орындап, қояннан да құтылдық. (Смайлик беру)
Бауырсақ қояннан құтылып әндетіп келе жатса,алдынан аю шыға келеді. Ол :
- Әй,бауырсақ! Мен сені жеп қоямын ! – дейді.
- Жоқ,сен мені жеме,мен саған өлең айтып берейін дейді.аю өлеңді тыңдап болған соң менің бір шартым бар соны орындасаң жіберемін дейді.
Аюдың тапсырмасы : « Жоғалған әріптерді табу »
І топ І Ітоп (қояндарды тамақтандыру )
а | т | г | л | д |
м | к | о | я | п |
в | п | р | ю | б |
у | ғ | й | н | ж |
Т | П | Н | Ғ | Р |
Л | Ш | А | Ы | О |
Бауырсақ аюдан құтылып,баяғысынша әндетіп келе жатса,алдынан қасқыр шыға келеді де: — Бауырсақ! Мен сені жеймін дейді.
- Сен мені жеме,мен саған өлең айтып берейін.
Бауырсақ әндете жөнеледі:
Қояннан сытылдым,
Аюдан да құтылдым,
Қасқыр сенен құтылу,
Қиын емес бұл маған дей бергенде, қасқыр әнің әдемі екен,бірақ менің саған қояр шартым бар соларды орындасаң жіберемін дейді.Бауырсақ мақұл көреді.
Қасқырдың тапсырмасы : « Дәптермен жұмыс» «О» әрпін жазу. (смайлик)
Сергіту сәті: «Қара жорға билеу»
Осылайша қасқырдың тапсырмаларын да орындап,бұрыңғысынша әндетіп келе жатса,алдынан түлкі шыға келеді.
- Амансың ба,бауырсақ ! Қайдан жүрсің,мен сені жеймін дейді.
- Жоқ,мен жемеші мен саған өлең айтып берейін дейді.Өлеңді
тыңдап болған соң,сен менен өлең айтып беріп ғана құтыла алмайсың менің саған қояр шарттарым бар,соны орындай алсаң ойланып көреміз дейді.
Түлкінің тапсырмасы : « Семантикалық карта»
І топ
№ | сөздер | Өзің білетін әріптерді тауып белгіле |
1 | бауырсақ | |
2 | томпақ | |
3 | талапкер | |
4 | орындық |
І Ітоп
№ | әріптер | ||
1 | А | ||
2 | Ғ | ||
3 | Ш | ||
4 | Ы |
Түлкінің екінші тапсырмасы : «Буын құрастыру» ойыны.
[bws_related_posts]
Кері байланыс: смайлик (оқушылар мен ұстаздарға)
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: сөздерді буынғ бөлу,дыбыстық талдау жасау, кестелер толтыру.
Түсінеді: «о» дыбысының дауысты дыбыс екенін, қалай жасалатынын, ұзақ, және қысқа сөздер, сөйлемдер болатынын.
Қолданады: семантикалық карта, буындар құрау және оқу дағдыларын.