Дене тәрбиесі 6-сынып
Сабақтың тақырыбы:Шахмат-ой спорты
Сабақтың мақсаты:Оқушылырға шахмат ойынын үйрету. Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Күтілетін нәтиже: Ойынды үйренеді. Логикалық ойлау қабілеттері артады.
Уақыт,
кезең |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ресурс | Бағалау |
Дайындық бөлімі
10 минут |
Қатарға тұрғызамын
Сәлемдесемін Кезекші мәліметін тыңдаймын Ынтымақтастық атмосферасын қалытастыру үшін «Көңілді фигуралар» ойынын ойнатамын Сол фигуралар арқылы топка бөлемін Бағалау критериін түсіндіремін |
Қатарға тұрады
Сәлемдеседі Кезекші мәлімет береді Қорапшадан фигураларды таңдап алып сол фигураның атына қарай тілек сөздер айтып келесі оқушыға береді.Фигураны алған оқушы ол фигураны өзі алып қалып өзінің фигурасын қасындағы оқушыға береді,сол бойынша топқа бөлінеді. Өз ойларын айтады |
Шахмат фигуралары Қорапша
Плакат |
Шапалақ соғу Мадақтау |
Негізгі бөлім
12 минут |
«Бәйге»ойынымен үй тапсырмасын сұраймын
«Айналмалы бекет»әдісімен «Пат және тең ойын», «Алмастыру жүрісі»(Рокировка)екі топқа постер қорғауға беремін
|
І топ ІІ топқа сұрақ қояды, ІІ топ І топқа сұрақ қояды жауап берген оқушы алға бір адым аттайды.Төрт оқушы бір-бір сұрақтан қояды.І топқа Шахмат ойынының шығу тарихы,ІІ топқа шахмат туралы аңыздардан қойылады.Әр сұраққа дұрыс жауап беріп көп адым аттаған оқушы жеңіске жетеді.І орынға-3 ұпай,ІІ орынға-2 ұпай,ІІІ-ІҮ орынға-1 ұпай беріледі.
Екі топ та берілген тапсырманы плакатқа түсіріп келесі топқа өткізеді,ол топта төрт оқушы да дұрыстығын тексеріп белгі қояды.Дұрыс болса «!» белгісін,қателік болса немесе түсінбесе «?» белгісін қояды.Постер тақтаға ілінеді және қорғалады. |
Стикер
Қаламсап
Плакат Маркер Стикер
|
Балдық жүйе
Балдық жүйе
|
Негізгі бөлім
15 минут
|
«Өкіл» әдісі арқылы «Шах» және «Мат» жағдайын және ережесін жасауды тапсырамын.
«Сергіту сәті» орындатамын
«Құрастыр,жауап бер»әдісімен ойын ойнатамын |
І топ- «Шах»,ІІ топ «Мат» ережесін және тақтаға құрастырып көрсетеді топ ішінен бір өкіл сайлап ол ережені түсіндіреді және келесі топ құрастырған 1 жүрісті мат есебін шешеді
Топты келесі топпен жұптау.Ол үшін бір топқа А1,В1,С1,D1 шаршылары беріледі,келесі топқа сол шаршыларда тұратын ладья,ат,піл,ферзь беріледі.Фигураларды шаршыларға қою арқылы жұбын табады да көздерін байлап қолмен сипау арқылы фигураларды жылдам тақтаға орналастырады Ойынның аяқталар кезі деп есептеп,тақтада әр ойыншыда 2 пешка,1 корольден бар бір-біріне мат қояды |
А4 парағы Маркер Шахмат тақтасы фигуралар
Фигуралар Шахмат тақтасы Кеспе қағаздар
Шахмат |
Балдық жүйе
Басбармақ
Балдық жүйе |
Қорытынды
8 минут |
Ұпайларды есептеп баға қоямын
Үйге тапсырма беремін
Рефлексия аламын |
Өз ұпайларын есептейді
Шахматтан әлем чемиондарын табу және ойынды жетілдіру
Балық қаңқасына өз ойларын жазады |
Бағалау жүйесі
Балық қаңқасы |
Мадақтау
Шапалақ соғу |
Бағалау критерийі
Үй тапсырмасы «Бәйге»ойынымен жүргізіледі.І топ ІІ топқа,ІІ топ І топқа сұрақ дайындайды және қояды.І топтың 4 оқушысы да тақтаға шығып қатарға тұрады.Сұрақ қойылғанда кім бірінші қол көтеріп дұрыс жауап береді сол оқушы бір адым алға аттайды қалған оқушылар орнында тұра береді екінші сұрақ қойылғанда да дәл солай болады көп сұраққа дұрыс жауап беріп бірнеше адыммен алға шыққан оқушы жеңімпаз болады.
І орынға-3 ұпай,ІІ орынға-2 ұпай,ІІІ-ІҮ орынға-1 ұпай беріледі.
1-тапсырма
«Айналмалы бекет»әдісімен топтық жұмыс.
І топқа «Пат және тең ойын»,ІІ топқа «Алмастыру жүрісі»(Рокировка) ережелерін және диаграммаларын салып екінші топқа жасалған жұмыстарын өткізеді.Ол топтағы 4 оқушы да әр оқушы бір бекет постердің дұрыстығын тексеріп белгі қояды.Дұрыс болса «!» белгісін,дұрыс емес немесе түсінбесе «?» белгісін қояды.Плакат тақтаға ілінеді және қорғалады.
4 немесе 3- «!» белгісі қойылса топтың барлық мүшесіне 3 ұпай беріледі.
4 немесе 3- «?» белгісі қойылса топтың барлық мүшесіне 1 ұпай беріледі.
2- «!» белгісі,2- «?» белгісі қойылса топтың барлық мүшесіне 2 ұайдан беріледі.
2-тапсырма
«Өкіл»әдісімен топтық жұмыс
І топ «Шахтың», ІІ топ «Маттың» ережесін А4 парағына жазып тақтаға іледі және бір жүрісте шах мат есебін құрастырады.Әр топтан бір-бір өкіл сайланады,ол өкілдер отырған орындығының астындағы стикерге жазылған «Өкіл» сөзімен сайланады.Өкілдер тақтадағы ережені тексеріп,құрастырған шахмат есебін табу керек.
Топтың құрған ережесі дұрыс болып,топтан жіберілген өкіл құрастырылған келесі топтың есебін шеше алса топтың барлық мүшесі 3 ұпайдан алады.
Ереже немесе есеп дұрыс болмаған жағдайда топтың барлық мүшесі 2 ұпайдан алады.
Ереже де есеп те дұрыс болмаса топтың барлық мүшесіне 1 ұпай ғана беріледі
3-тапсырма
«Құрастыр,жауап бер»әдісімен жұптық жұмыс.
Ойынның аяқталар кезі деп есептеп әр ойыншыда 2 пешка,1 корольден қалған 5 минут уақыт беріледі.Осы уақыттың ішінде бір-біріне мат беру керек.
Ұтқан оқушыға 3 ұпай,ұтылған оқушыға 2 ұпай
5 минутта екі ойыншыда бір-біріне мат бере алмаса 1 минут уақыт қосылады,осы уақыттың ішінде жеңген ойыншыға 2 ұпай,жеңілген ойыншыға 1 ұпай
Қосымша уақытта да бірін-бірі жеңе алмаса екі ойыншыға да 1 ұпай
Пат немесе тең ойын жағдайында қалса 2 ойыншыға да 2 ұпай
[bws_related_posts]