Басы » Дене шынықтыру » Тоғызқұмалақ

Тоғызқұмалақ

   ОҚО, Бәйдібек ауданы,

  «Жаңаталап» негізгі орта мектебінің

   дене тәрбиесі пәні мұғалімі: Ж. Адилбаев

Қысқа мерзімді жоспар

Пәннің аты:

Дене тәрбиесі

Мерзімі:03.12.2015жыл

Сыныбы: «4»

Cабақ өтетін орын:

Сынып бөлмесі

    Пән мұғалімі:                               Ж. Адилбаев
Сабақтың атауы Тоғызқұмалақ.

Ойынды жазу жүйесі

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Тақырыптың  маңыздылығымен танысады, ойынның жазу жүйесін меңгереді,алған білімін өмірде қолдана алады.
Психологиялық ахуал

 

 

 

 

 

 

Қызығушылықты ояту

Психологиялық дайындық

Оймен ойналатын ойын.

1.     9 саны мен 27 санының арасында қанша жұп сан бар? (9)

2.     Бір бірімен жарысқан                                 Төрт аю, екі арыстан                                   Екі қоян, бір түлкі                                       Бәрі нешеу кім білді? (9)

Енді тоғыз санына байланысты, мақал немесе дәйек сөз білеміз ба?

«Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз», «Тоғыз жолдың торабы», «Тоғыз қабат торқадан, тоқтышықтың терісі артық», «Тоғыз тарау», «Тоғыз тарту» т.б.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге тақырыпқа байланысты жұмбақтар шешіп, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу Қатарға тұрып 1- 8- ге дейін санап, жұп сандылар бір топқа, тақ сандылар бір топқа бірігеді. Әр оқушы өз нөмірін біліп отыруы тиіс.

Үй тапсырмасын «Бәйге» ойыны арқылы сұрап, жаңа тақырыпты таныстырылыммен түсіндіру.

Оқушылар түскен нөмірге  сай топтарға бөлініп отырады.
Мағынаны тану Тақырып ашу.Оқушылар «Адасқан әріптер» әдісімен 1- 28 сандағы әріптерді орнымен қою арқылы тақырып  ашады.
Сергіту сәті «Аквариум» әдісі. «Тоғызқұмалақ» сөзінен шығатын сөздерді бірінші топ жеке-жеке құрап аквариумға тастайды, екінші топ қармақпен балықта жазылған сөздерге мақал н\е жұмбақ құрастырады.

 

 «Қара жорға» биін билеу

Жаңа сабақ Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен жазу арқылы тоғызқұмалақ ойнайды. Әр оқушы сабақ басында алған сандар бойынша жұптасады. Мысалы: 1-2, 3-4, 5-6 т.б

Ойын алты жүрістен тұрады. Ал жазған А4 парағы «Айналмалы бекет» әдісімен әр топқа тексерілу үшін жіберіледі.

 

Ой толғаныс

 

 

 

 

 

БББ кестесі

Білем Білдім Білгім келеді
     
Үйге тапсырма Ойынды жазған жүрістеріне қарап қателерін жөндеу, жазу жүйесінің шартты белгілерін жаттау. Жаттығу орындау. Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс  

 

 

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Бәйге сұрақтары.

  • Тоғызқұмалақ ойынын ата-бабаларымыз қалай аталған?

(Малшылар математикасы)

  • Тоғызқұмалақ ойыны қай кезде пайда болған?

(Белгісіз)

  • Тоғызқұмалақ қазандығы мен отаулары қашап салынған тас төбе қалай аталады?

                                                                                                                                (Ақшұқыр)

  • Тоғызқұмалақ ойынының тақталары тағы қай жерлерден табылған?

                                                       (Тарбағатай тауының Сайқан жоталарынан)

  • Барлық құмалақтарды салатын шұңқырды қалай атаймыз?

                                                                                                              (Қазан)

  • Тоғыз-тоғыздан құмалақ салатын шұңқырларды қалай атаймыз?

                                                                                                              (Отау)

  • Құмалақ салынған тоғыз отаудың әрқайсысының ескіше атаулары қалай аталады?

        (Таңдық,көшпелі,атөтпес,атсыратар,бел,белбасар,қандықақпан,көкмойын,маңдай)

  • Ойын тақтасы қай жылдан әріптен санмен белгілеуге ауысты?

                                                                                                               (1970 жыл)

  • Тұңғыш Республикалық біріншілікте чемпион атанған өзге ұлт өкілі кім?

                                                                                                                       (Д. Поляков)

  • Тоғызқұмалақ ойынының жеңімпаздарына қандай атақ беріледі?

                                                               (Қазақстан спорт шебері)

[bws_related_posts]

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *