Ақтөбе облысы
Темір ауданы Шұбарқұдық №5 бастауыш мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Бекешова Светлана Қырғыбайқызы
Тақырыбы: Салауатты өмір сүреміз
Мақсаты: 1. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбат, өмір сүру үшін маңызы жоғары, бағалы байлық екенін түсіндіру. 2. Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
- Ұқыпты, жинақы, таза жүруге, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Оқушылардың жазған шығармалары, тақырыптық суреттер, қанатты сөздер.
Мұғалім: Адамның басты байлығы-денсаулық. Денсаулық дегеніміз — адам ағзасының қалыпты дұрыс жұмыс істеуі. Денсаулық — адамға табиғат берген басты құндылық. Денсаулықты әр түрлі тәсілдермен нығайтудың негізгі тәсілдерінің бірі-салауатты өмір салтын сақтау. Жеке бас гигиенасы-бұл адамның жеке мүшелерін күтуде тазалық ережелерді орындау арқылы өз денесінің тазалығын сақтай білуі. Олардың барлығы да маңызды. Егер сен олардың барлығын да жаттап, есте сақтайтын болсаң, ешқашан ауырмайсың, әрі сүйкімді, әрі мықты боласың. Ән: «Сабын жыры» Мұғалім: Тамақтану-адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік. Біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Адам үнемі күш-қуат жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін ол дұрыс тамақтана білуі тиіс. 1-оқушы: Тамаққа әр түрлі тағам өнімдерін пайдаланған тиімді. Олардың бірінің құрамында дәрумендер көп болса, екіншісі ағзаның күшті болуына көмектеседі. Әрқашан тамақтанудың негізгі ережелерін сақта. 2-оқушы: Қолыңды сабындап жу Қисаймай, түзу отыр Қасықты оң қолыңмен ұста Тамақ ішіп отырып сөйлеме, күлме, кітап оқыма. 3-оқушы: Шамадан тыс тойып ішпе Нанды үзіп же Тамақтан соң аузыңды шай, қолыңды жу. 4-оқушы: Тұр асқа бата беріп, Ас іш, же, бойға сіңіріп, Ас ішсең толасың, Аман- сау боласың. 5-оқушы: Ас адамның арқауы, Ас пен күш артады. Тағам іш жағымды, Тазартар жаныңды. Мұғалім: Денсаулықтың тағы бір дауасы-таза ауа.Табиғат-ананың адам ағзасының жетілуіне тартар сыйы көп. 6-оқушы: Жер шары дәу әлем Қоршаған ауамен Ауамен тыныс ап Өсті өмір,ырыс- бақ. 7-оқушы: Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ. Мұғалім: Қане, балалар жұмбақтар шешіп табиғи дәрумендерді табайық!
- Бүрі, бүрі, бүрі бар, Күн келбетті түрі бар. (күнбағыс) 2. Аспай піскен, Қайнамай түскен. (жемістер) 3. Іші жұмсақ, сырты қатты Еті қызыл, сүті тәтті. (қарбыз) 4. Аласа ғана бойы бар, Тоғыз қабат тоны бар. (орамжапырақ) 5. Әрі қызыл, әрі тәтті. Татқан жанды таңырқатты. (алма) 6. Жерге қазық қақтым Басына айдар тақтым. (сәбіз) 7. Ай бұтаққа ілінеді Айтыңдаршы кім біледі? (алмұрт) 8. Дөп-дөңгелек доптай, Іші қызыл шоқтай Дәмін татып көрсең Одан дәмі жоқтай. (анар) 9. Жеп көріп ем өзін мен, Жас шығарды көзімнен (пияз) 10. Бақшаның алып жемісі, Қайнамай піспес кемісі. Қоңыр күзде сақтайды, Сары майдай ел іші. (асқабақ) Мұғалім: Баланың денсаулығы ішетін тағамына байланысты Неғұрлым дәрумендері бар тағамдар ішу керек. –Балалар, айтыңдаршы тағамдардың қандай түрлері болады? -Ет тағамдары, сүт тағамдары, жеміс-жидек тағамдары, көкөніс тағамдары. –Ішетін тағамдарымыз қандай болуы керек? -Дәмді, өте тұзды емес, өте ыстық емес, өте салқын емес, таза ыдыста болуы керек. –Дұрыс айтасыңдар, балалар! Біз қандай журналдарды сүйіп оқимыз? -«Балдырған», «Айгөлек». –Жарайды, ендеше сол сүйікті журналымыз «Балдырғанда» жарияланған жазушы Нұрлыбек Сафиннің «Көкөністердің айтысы» деп аталатын қойылымын тамашалайық. Көрініс: «Көкөністердің айтысы» (оқушылар әр түрлі көкөністер болып сахналайды) Ән: «Өсіп келе жатырмыз» Мұғалім: Міне, балалар, қай көкөністі алсақ та бәрі адам ағзасына пайдалы екен. Олай болса, күн сайын жеміс алып жеп тұрайық. Бірақ, мынаны ескерейік. Жемістерді жуып жеуді ұмытпайық. Әр күні жеміс-көкөнісіміз көп болсын! -Ал, енді адам денсаулығын бұзатын қандай зиянды әдеттер бар? -Нашақорлық, арақ ішу, темекі шегу. –Дұрыс айтасыңдар, балалар. Біздер олардың бәрін салауаттану сабағынан үйрендік. Олардың қандай зияны бар екенін ұғындыңдар. 8-оқушы: Әрдайым спортпен шұғылдану керек. Спортпен шұғылданған адамның денесі шымыр болады. Мұндай адамның суық тиіп ауыруы сирек. 9-оқушы: Денім сау болсын десең спортпен шұғылдан! Спорт ойындарының түрлері: шаңғы тебу, хоккей, коньки тебу, футбол, волейбол, баскетбол, т.б. Мұғалім: Денсаулық мықты болу үшін ұйқының да орны ерекше. Адамға су, ауа, ас қалай қажет болса, ұйқы да сондай қажет. Дені сау бала тәулігіне 10 сағат ұйықтауы керек. Бала кешкі сағат 9-да ұйқыға жатуы, таңертең сағат 7-де тұруы керек. Академик И.Павловтың айтуынша, ұйқы жүйке жүйесінің «құтқарушысы», ол ең алдымен миды тынықтырады. 10-оқушы: Ұйқыңнан ерте тұру, Жадырап жарқын күлу Әдетің болсын әрқашан Жаттығу жасап жуыну. 11-оқушы: Жағымсыз әдеттер, кедергі келтірсе Бірімізге біріміз көмек бере жеңеміз. Саусақ салып ауызға, тырнақты тістемей, Жуылмаған жемісті біз жемейміз. Бәрі бірге: Бірге жүріп,жағымсыз әдеттерді ұмытамыз Бір ауыздан бәріміз тазалықты құптармыз. Қорытынды: Балалар, бүгінгісабақта айтылған мәселені келешекте тиімді пайдалансақ, салауатты өмір сүреміз. Денсаулықтарың өз қолдарыңда екенін ешқашан ұмытпаңдар! Ән: «Жақсы оқушы боламын»
[bws_related_posts]