«Ақсу қаласының №3 арнаулы түзеу мектеп интернаты» ММ
ГУ «Специальная коррекционная школа-интернат №3 г. Аксу»
М.О.Сағитова Тақырыбы «Іздегенде табылатын қасыңнан…»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың мағнасы мен құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;
Коррекциялық: Оқушылардың еске сақтау қабілетін шыңдау, сөз байлығын, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды мейрімділікке, адалдыққа, шыншылдыққа уйретіп, достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтын түрі: Тәрбие сағаты.
Пәнаралық байланыс: музыка, сурет, ана тілі, қазақ тілі.
Көрнектіліктер: Достық туралы нақыл сөз, кластер.
Алдын ала жұмыс: оқушылар мен тақпақ, мақал-мәтел жаттау.
Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мен ақылдымын.
Қиындықтан қорқпаймын.
Мен жаспын, қандай әдемімін.
Мен ұзақ өмір сүремін.
Менің қолымнан, көптеген жақсылық келеді.
Мен барлық достарымды жақсы көремін.
ІІ. Кіріспе сөз.
Досым, саған сенемін, сеніп өтем,
Жалпы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген өмірдің көрігі екен,
Достық деген адамның серігі екен.
Сұрақ:
— Қалай ойлайсыңдар бұл өлеңде кім туралы айтылған?
Жауап: Бүл өлеңде дос туралы айтылған.
Міне, балалар, Мұқағали Мақатаев ағамыз достықты осылай жырлаған екен.
— Достық деген адамның серігі екен, -деп Мұқағали Мақатаев ағамыз жырлағандай бүгінгі тәрбие сағатымызда «дос» туралы әнгіме қозғаймыз.
ІІІ. Негізгі бөлім.
- «Дос», «Достық» сөзіне түсінік.
«Дос», «Достық» деген қандай тамаша сөз! /«Дос», «Достық» сөзін балаларға оқыту/.
Сұрақ: Осы сөзді қандай сезіммен оқыдыңдар? /қуаныш, көңілді, әсерлі, әдемі/.
Жауап: Балалар «Дос», «Достық» сөзін, шын жүректен, әр қайсың әртүрлі сезіммен, дауыспен оқыдыңдар.
Сұрақ: Осы сөздің мағнасы қандай? /Түсініктеме: арадағы қатынас, жақын қатынас/.
Жауап: Дұрыс балалар, бір-бірінің сырын түсінетін екі немесе бірнеше адамның арасындағы қатынасты сезім.
Осы сөзді айтқанда қар атысып ойнайтын, құпия сырыңды бірге бөлісетін, бірге кітап оқитын досың еске түседі.
Даурен — сен кімге сеніп сырыңды айтасың?
Айдана – сен қуанышыңды кіммен бөлісесің?
— Дос деген, құпиянды бөлісетін, сырыңа ортақ болатын, қуанғанда бірге қуанатын, қиындықта қол ұшын беретін адам екен. Жалпы «дос», «достық» сөзінің көптеген құпия сыры бар.
- Әңгіме.
Сонымен, балалар, дос деген кім? (Оқушы жауаптары).
Сенің досың кім?
Дос қандай болу керек?
Сен кіммен достасқың келеді?
Сен досына қандай тілек тілер едің.
- Тақпақ оқу.
Қәне, енді дос туралы тақпаққа кезек берейік.
/Оқушылар өздері жаттап алған тақпақтарын айтады/.
Айдана : Достығымыз достар арылмасын,
Пейіліміз кеңейсін тарылмасын,
Жиі-жиі бас қосып сыр шерітсек
Жүрегіміз қалайша жарылмасын.
Сұрақ: Тақпақта не туралы сөз болды? /тілек айтып достықты сақтайық дедім/.
Жасқанат: Күніміз күлкілі бола берсін,
Қуанышқа көңіліміз тола берсін,
Нұрлы аспан астында, аясында,
Басымызға бақ келіп қона берсін,
Сұрақ: Сен не туралы өқыдың?
/аспанымыз ашық болсын, реніш болмасын, бірге болайық/.
Нұржан: Зұлымдықтан әрқашан жиренейік,
Адалдықты сүйуді үйренейік,
Бірлікпенен тірлікті ұштастырып,
Бір әдемі ғажайып, күйге енейік.
Сұрақ: Тақпақ жолында не туралы айтылған? /Адал болайық, бірлікті сақтайық/.
Бектас: Берсе берді бермесе санаспайық,
Болмайтынға ұрысып таласпайық,
Арамызда алаяақ біреу болса
Оны қатар ортадан аластайық !
Сұрақ: Сен бұл тақпақ жолдарынан не түсіндің? /Әр нәрсенін мағнасын түсініп, бостан босқа ұрыспайық, нәшар досты үйретейік/.
— Міне, балалар, достық өмірдің ең зор қуаныштарының бірі, сырынды айтатын, қуаныш қайғыңды бөлісетін адамның болуы. Дос – болу киелі ұғым. Балалар ертеде дос болу үшін ер азаматтар «Мал құдайы» жасап, малдың бауыздау қанына көйлектерін малып, көйлек ауыстырып киіп, жүректерін түйістіріп ырым жасаған. «Кеуделері түйіскен, қанды көйлек киіскен» достардың бұл ырымы, достықты сатпаймыз деп серт бергендікті көрсетеді.
— Ал, қазір біз ұлы адамдар, ақындар ойшылдардың айтқан ұлағатты сөздерің тыңдайық.
Айдана: Достық адамның өмірінде өзіндей сан бояулы, көп қырлы қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның толық анықтамасын беру мүмкін емес. Қай кезде де, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау керек., досты асықпай таңдаған жөн. Ол да күтіп, аялауды, бағып – қағуды қажет етеді, досты асықпай таңдау қажет.
Ал, ұлы Абай: «Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас», – деген екен.
Тәрбиеші: Қандай адамдар досқа лайық? /Оқушылар жауабы/.
Бектас: Адамдар арасындағы достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтынуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, бір-біріне тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе, қиын-қыстау күндерінде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінеді. Абай атамыз армандағандай, сын сағатта «Мұнан менің қай жаным аяулы»,-деп, қасыңда бірге тұрып қана алатын адам ғана досқа лайық.
ІV. Жағдаят.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасың. Енді, мына бір жағдаятқа назар аударайықшы.
1. Жағдаят.
Жақсы дос
Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады.
Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған.
Ал Марал оны көрді де, «Танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақсы досым Қанат» деді. Қанат ұялып қалды,
Сұрақ: Қанат не себептен ұялды.
— Сендер қалай ойлайсыңдар? Қанат ендігі жерде балалар сырғанау
үшін өз конькиін бере ме?
— Ал, сен Қанаттың орынында болсан не істер едің?
— Ал, сен Маралдың орынында болсан не істер едің?
- Жағдаят. «Алғашқы жауын жауғанша»
Данамен Бота тату дос болатын. Олар мектепке де бірге баратын. Бірде олар мектепке келе жатқанда жаңбыр жауып кетті. Дананың үстінде плащы бар еді, ал Бота көйлекпен ғана болатын.
-Плащыңды шеш, екеуіміз бірге жамылайық! — деді Бота.
— Шеше алмаймын, үстім су болады ! –деді Дана.
Мектепке келгенде мұғалім «Дананың үсті құрғақ, сен неге малмаңдай сусын. Неге бұлай? Екеуің бірге келмедіңдер ме?» деп сұрады.
-Дананың плащы болды, ал менде көйлек қана болды» — деді Бота.
-Екеуің бір плащты жамыла алатын едіңдер ғой. Сендердің достықтарыңның алғашқы жаңбыр жауғанша ғана екені көрініп тұр –деді мұғалім. Екі қыз да ұялғанынан қып-қызыл болып кетті.
Сұрақ: Дана мен Бота неліктен ұялды.
Сен Дана туралы не айтар едің?
Кімдікі достық?
— Ал, сен қыздардың орынында болсан не істер едің?
Сергіту сәті: «Досқа тілек білдіру» ойыны.
Балалар шеңбер құрып тұрады, бір-біріне тілек айту арқылы доп ұсынады.
/Денсаулық, бақыт, жақсылық, қуаныш, адалдық, адамгершілік, түсінушілік, бәрімізге достық сезімін/.
Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң, ол өзіңе қайтып оралады.
- Сурет салу:
Екі оқушы бір қаламммен сурет салады. Сурет салып болған соң мына сұрақтарға жауап береді.
- Қандай сурет салдыңдар?
- Осы тапсырманы орындау қиын болдыма?
- Өз көңілдеріңнен шықтыма?
- Суреттердің ішінде қайсы жақсы салынған?
- Нәтижелі болу үшін не істеу керек еді?
Тәрбиеші: Алдымен қандай суретті, қалай салатынын ақылдасып барып істеу керек. Яғни, қарым-қатынас жасау керек екен.
- «Бақытты сәт» ойыны.
/Тапсырма мақал-мәтелдің жасырын сөздерін толық табу:/
Дос /жылатып/ айтар,
Дұшпан /күлдіріп/ айтар.
Досы көпті /жау/ алмайды,
Ақылы көпті /дау/ алмайды.
/Дос/ сыртыңнан мақтар,
/Дұшпан/ көзіңе мақтар.
Жүз /теңген/ болғанша,
Жүз /досың/ болсын.
Досыңа /күлме/ — басыңа келеді.
/Досы/ жақсының — өзі де жақсы.
VIІ. Қорытынды:
Ал, бүгінгі сабақтың қортындысында «Досты» күнге теңейік.
Досты неге күнге теңеп отырмыз. Себебі: күн жылу шуағын береді. Ал досың жақсы болса, сен декүліп қуанышта, күндей жайнап жүресің.
— Күн күлімдеу үшін не керек?
— Шуақтар керек.
— Досымыз жақсы болу үшін не керек?
— Жақсы қасиеттер керек?
— онда жақсы қасиеттерді білесіңдер ме?
Мына тақтадағы күнің шуағына «Дос қандай болу керек?» екенің, досқа
лайық сөздерді жазайық. Күніміз әдемі ме? Ендеше достықтарымызда осы күнін шуағындай болсын.
Дос қандай болу керек? Адал жомарт
адамгершілігі мол қарапайым
мейірімді кешірімді
төзімді ақылды
сабырлы салмақты
кек сақтамау
«Достар» әнін тыңдайық.
Тәрбиеші: Досқа адал, достыққа берік бол деген тілекпен, бүгінгі тәрбие сағатын аяқтаймыз.
Тапсырма
мақал-мәтелдің жасырын сөздерін толық табу:
Досы көпті … алмайды,
Ақылы көпті … алмайды.
Тапсырма
мақал-мәтелдің жасырын сөздерін толық табу:
… сыртыңнан мақтар,
…… көзіңе мақтар.
Тапсырма
мақал-мәтелдің жасырын сөздерін толық табу:
Жүз …… болғанша,
Жүз ….. болсын.
Тапсырма
мақал-мәтелдің жасырын сөздерін толық табу:
Досыңа ….. — басыңа келеді.
Тапсырма
мақал-мәтелдің жасырын сөздерін толық табу:
…. жақсының — өзі де жақсы.
[bws_related_posts]