Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Жыңғылды ауылы
Есір Айшуақұлы атындағы орта мектептің
география пәні мұғалімі: Аля Құлтумаева
География | Күні – 27.01.16 | 11 — сынып |
Сабақтың тақырыбы: | Чехия Республикасы | |
Ресурстар: | Бағалау бетшелері, стикерлер, электрондық кестелер мен сызбалар «Демалыс және туризм» бейне көрсетілім. | |
Сабақтың міндеті: | Тақырыпты игере отырып, Чехия елінің эканомикалық – географиялық жағдайының басты ерекшеліктері туралы түсінік алу. | |
Сабақтың мақсаты: | Чехия елінің эканомикалық – географиялық жағдайының басты ерекшеліктері, елдің тарихи қалыптасу кезеңдері, табиғаты ж/е табиғат ресурстары, халқы, шаруашылығының дамуы, сыртқы эканомикалық байланыстары туралы негізгі білім көздерімен қаруландыру. | |
Күтілетін нәтиже: | ·Оқушының логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттері дамыды;
· Алдыңғы орындағы қалаларды контор картаға түсіре білді; ·Оқушы жеке өз бетімен жұмыс жасады, пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін арттырды.
|
|
Топқа бөлу | Ірі порттардың аттарын таңдау арқылы топқа бөлінеді. Топ ережесі құрылады, топ басшысы сайланады. |
Сабақтың барысы: | Уақыты | Мұғалімнің іс — әрекеті | Оқушының іс — әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі: | 2 мин | Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштық орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды, оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Көңіл – күйін анықтау. Тақтаға «Көңіл – күй» плакатын іліп, оқушыларға өз көңіл күйлерін білдіру тапсырылады. | Сабақ басында өзінің көңіл — күйін білдіретін смайлик таңдайды, бір-біріне көрсетеді, жабыстырады. |
1 мин | Топқа бөлу
Прага, Брно, Острава |
Оқушылар ірі порттардың аттарын атын атап отырып, үш топқа бөлінді. | |
«Қызығушылықты ояту»
|
5 мин | Өткен Шығыс Еуропа елдеріне электрондық оқулық арқылы шолу. №2 интербелсенді тапсырма: ұяшықтағы дұрыс жауапты табу. І –ші ұяшықтағы Солтүстік Еуропа елдерін табу: Литва, Норвегия, Франция,Польша, Финляндия, Италия,Партугалия, Болгария. 2-ші ұяшықтағы Оңтүстік Еуропа елдерін табу: Литва, Норвегия, Франция,Польша, Финляндия, Италия,Партугалия,Греция. 3 – ші ұяшықтағы Шығыс Еуропа елдерін табу: Литва, Норвегия, Польша, Финляндия, Италия,Партугалия,Греция. 4 – ші ұяшықтағы Орталық Еуропа елдерін табу: Литва, Норвегия, Франция, Германия, Финляндия, Италия,Партугалия,Греция. | Оқушылар жекелеме жұмыс жасайды, жұп пен ақылдасады, топпен бірігіп, ортақ шешім шығарады. |
Жаңа тақырыпты меңгеру. Қосымша мәлімет:
|
4 мин | Әр топтағы оқушыларға өз беттерімен жаңа тақырыпты меңгеру тапсырылды.
— Мемлекет басшысы – президент, Милош Земан (2013) — Үкімет басшысы – премьер – министр, Мирек Тополенек — Әкімшілік бөлінуі – 14 облыс Ұраны. «Шындық жасасын!» Әнұраны: «Кde domov muj» (Менің үйім қайда екен?)
|
Оқушылар жекелеп сұрақтарға жауап береді, ойларын айтады, ерекшелігін көрсетеді.
Өзін – өзі бағалайды.
|
Ой толғаныс.
Өз біліміңді тексер.
Сергіту сәті
Қорытынды.
|
15 мин.
5 мин.
2 мин.
7 мин. |
І – ші тапсырма: Чехия Республикасы тақырыбын ОСКТТ бойынша талдау. Сызба – нұсқа арқылы жоғрыдан төменге қарай сегіз саты арқылы талдаймыз:
1.Анықтама 2.Тану 3.Ерекшелігі 4.Салыстыру 5.Экологиясы 6.Болашағы 7. Қорытынды 8.Нәтиже
1-топ: 1.Анықтама. 2.Тану. 3.Ерекшелігі 2 –топ: 4.Салыстыру. 5.Экологиясы. 6.Болашағы 3-топ: 7. Қорытынды. 8. Нәтиже
ІІ- ші тапсырма: Сұрақ – жауап, кері байланыс. 1. Атластағы физикалық картаны пайдаланып, Чехияның теңізге шығуына мүмкіндігі бар өзендерін анықтаңдар.Ол өзендер сағаларында қандай ірі порттар орналасқан? 2.Чехия мемлекетінің қалыптасу тарихы туралы не айтар едің? 3.Чехиы жерінің табиғаты мен табиғат ресурстарының игерілуі жайлы не білесіңдер? 4.Чехия елінің жер қойнауында минералды ыстық сулар мен емдік батпақтар кеңінен таралғандықтан, аудандарында емдеу – сауықтыру орындары көп салынған. Олардың ішіндегі ең маңыздысы деп қайсысын айтар едің? 5. Чехияда конгрестік туризм қаншалықты дамыған?
Прагаға саяхат: «Демалыс ж/е туризм»бейне көрсетілімге назар аударамыз.
І,ІІ,ІІІ нұсқалы 7 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын берді. |
Әр оқушы жеке оқып, жұппен, топпен талдап, берілген тапсырмаларды орындайды. Әр топтан бір – бір оқушы шығып, постерді жариялайды, топ жетекшісі қорғап шығады. «Үш шапалақ» әдісімен бағалайды.
Оқушылардың жауабы: 1.Лаба өзені (Эльба өзенінің саласы)арқылы Солтүстік теңізге, ал шығысындағы Морана өзені (Дунайдың саласы) арқылы Қара теңізге шығуға болады. Одра өзені арқылы Балтық теңізге шығуға болады. Ірі порттары: Прага, Брно, Острава, Пльзень (карта бойынша көрсетті) 2.ҮІ ғ. кельттер тайпасы мекендеген, Ү ғ. славян тайпалары қоныстнған.ІХ – Х ғ.Богемия мемлекеті құрылды. Х ғасырда Прага княздігі феодалдық Чехия мемлекетінің негізі болып саналды. 4. Карлови Вари гейзері, ол тәулігіне 3 млн. л. су береді, судың температурасы +32 – 72о – қа жетеді. Бұл курортта жылына 100 мыңнан астам адам демалады. Оқушылар бейне көрсетілімді тамашалап, бір демалып қалды. Тақтадағы жауаптарға қарай отырып, өз — өздерін тексерді. |
Бағалау | 2 мин | Топтар бір – бірлерінің жұмыстарын әр түрлі геометриялық фигуралар, смайликтер арқылы бағалайды. Топтық жұмыстардың жиынтық бағасы қойылады. Біліктілікті формативті бағалау жүрді. | |
Кері байланыс | 1 мин | Оқушылар сабақ туралы пікірлерін «Не? Қайда? Қашан?» атты бағалау бетшесі арқылы білдіреді. | |
Кейінгі жұмыс | 1 мин | Эссе жазу: «Егер мен Чехия Республикасындағы Қазақстан елшісі болсам …..». |