Басы » ОМЖ/ҚМЖ » География » Еуразия материгінің ішкі сулары

Еуразия материгінің ішкі сулары

аляМаңғыстау облысы

Маңғыстау ауданы

Жыңғылды ауылы

Есір Айшуақұлы  атындағы орта мектептің

география  пәні мұғалімі:  Аля Құлтумаева

Күні: 30.04.15 ж Пәні:География Сыныбы: 7-сынып
Сабақ тақырыбы: Еуразия материгінің ішкі сулары
Сабақтың мақсаты: Ø  Материк ішкі суларының жер бедері мен климатка байланыстылығын көрсете отырып, Еуразия өзендерінің жалпы ерекшеліктерін, сондай–ақ Солтүстік Мұзды, Атлант, Тынық және Үнді мұхиттарының су алаптарының ерекшеліктерін көрсету.

Ø  Оқыту барысында әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып,оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру және логикалық ойлау қабілетін дамыту,ой өрісін кеңейту.

Ø  Оқушыларды табиғатты сүйе білуге,оны қорғауға өзара сыйластыққа,үнемі сабаққа дайын келуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сілтеме: Географи пәнінің оқыту әдістемесі ;

География пәніне арналған дидактикалық  материалдар;

Еуразия материгінің ішкі суларының суреттері,                                                        Дүниежүзінің физикалық картасы, атлас,

Оқу нәтижесі: Еуразия материгінің ішкі сулары туралы білімдерін кеңейту;

Тапсырмаларды талдау арқылы оқушылардың ойлау-қабілетін дамыту;

АКТ-ны тиімді пайдалану.

Сабақта қолданылатын ресурстар: Интербелсенді тақта, тақырып бойынша тұсаукесер, стикерлер, флипчарт, маркер
Оқыту әдістері: Жаңа әдістер: сұрақ-жауап, АКТ,СТО

Бағалау түрі: формативті, дөңгелектер тарату

Жұмыс түрлері: жеке,топтық

Тапсырмалар: Картамен жұмыс, тақырып бойынша постер қорғау

Маңғыстау облысы

Маңғыстау ауданы

Жыңғылды ауылы

Есір Айшуақұлы  атындағы орта мектептің

география  пәні мұғалімі:  Аля Құлтумаева

 

 

 

 

 

 

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

 

 

 

Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

(2мин)

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату. Сыныпен сәлемдесемін. Оқушыларды түгендеу. Оқушылар орындарынан  тұрып сәлемдеседі.
Үй тапсырмасын сұрау

(5 минут)

 

 

Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
Тест орындау

10 сурақ беріледі.

Оқушылар тестты орындап шығады. Жауаптары:1-Ә, 2-А, 3-В, 4-В, 5-Б, 6-Ә, 7-А, 8-В, 9-Б, 10-А

 

 

 

Топқа бөліну              (3 мин)

 

«Суреттерді таны» тренингы арқылы топқа бөлу. Ол үшін алдарында жатқан сурет қиындыларын құрастыру тапсырылады. Сурет қиындыларын ақ бетке жабыстырады. Содан соң сурет ненің суреті екендігін анықтайды ж/е сол сурет бойынша қысқаша сөйлеп беру керек.

 

Сурет қиындыларын құрастырып ж/е сол сурет бойынша өзінің білетінін айтып береді.

Суреттер арқылы топтың аты белгіленеді.                                                   «Каспий, Арал, Балқаш»

 

ІІ.Жаңа тақырып

(5 минут)

 

 

Жетелеуші сурақтар

Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбы, мақсат-міндеттерімен таныстыру. Әр топтың стикерлері интербелсенді тақтада алдын ала берілген тапсырмаларды қорғайды. Бағалау дөңгелектерін беру арқылы формативті бағалау.

Жаңа тақырыппен танысуға 5 минут уақыт беріледі.

Жетелеуші сурақтар қойылады.

1. Еуразияның ішкі сулары д/з не? 2.Еуразияның

өзендері қандай алаптарға бөлінеді? 3.Суы аса мөлдір, терең көл. 4. Жер асты суларына қандай сулар жатады? 5. Қалдық көлдерге қандай көлдер жатады? 6.Материктегі ең ірі мұздық.

Оқушылар жаңа тақырыппен 5 минут  ішінде танысып шығады.

Жетелеуші сұрақтар қойылады. Сұрақтар оқушылардың қолдарындағы құрастырған суреттің артынан сұрақтарды оқып отырып жауап береді.

 

Мағынаны ашу

(2 мин)

1.Оқушыларға мұғалім Еуразияның өзен, көлдерімен қысқаша өзі таныстырады;

2. Түсініксіз сөздерге түсінік беру.

Сабақты зер сала қарап,мұқият тыңдап, есте сақтайды. Дәптерге түртіп алады.
Тапсырмалар  

                                        

Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
5 минут Жеке жұмыс.  Картамен жұмыс

1. Картадан Обь өзенін табыңыз.

2. Жер шарындағы ең терең көлді

көрсетіңіз, оған неше өзендер құяды

қандай өзен шығады ?

3. Еуразиядағы тау мұздықтары қай

тауларда кездеседі?

4. Еуразиядағы қалдық көлдерді картадан

көрсетіңіз.

5. Енисей өзенін картадан көрсетіңіз.

 

Оқушылар картамен жұмыс жасайды.
Сергіту сәті                              (2минут)

 

 

 

«Байкал»көлінің аталу тарихы

«Байкал»көлінің аталу тарихына байланысты сол маңда мекендейтін халықтар арасында әртүрлі аңыздар айтылуда. Бурят халқының аңызында кәрі Байкал мен оның сұлу қызы- Ангара жайлы айтылады.Баргузин, Сарма, Анга атты ұлдары болады (бұлар Байкалға құятын өзендер) солардың арасында ерке өскен жалғыз қызы Ангара.Байкалға күйеу болар үміткер жігіттер (Иркут, Алят тағы басқа) ағылып келе бастайды.Кәрі Байкал қызын ешқайсысына қимайды.Сөйтіп жүріп Ангара алып батыр Енисейді ұнатады да бір қараңғы  түнде  Енисейге       қашады. Оны естіген Байкал бұлқан – талқан ашуланады. Ангара жағадағы дәу жартасты айналып өтіп, Енисейге жетіп қосылады, екеуі бақытты өмір сүреді.Ал «Байкал лақтырды» дейтін тас қазір де бар, оны жұрт «шаман тасы» деп айтатын көрінеді.

Оқушылар Байкал көлінің  тарихын тыңдай отырып серігеді.

 

 

2 минут

 

Дұрыс – бұрыс ойыны                                                         1.Сырдария және Амудария өзендері Атлант мұхит алабына жатады.

2. Батпақтар жауын-шашын көп түсетін аудандарда кең таралған

3. Еуразия материгі су қоры жөнінен Оңтүстік Америкадан кейін екінші орында

4. Еділ мен Жайық өзендері арал теңізіне құяды

5. Байкал көлі жер шарындағы ең терең көл

6. Қазақстанда жер асты суының мол қоры бар

7. Арал теңізі тектоникалық көлге жатады

8. Дунай, Рейн, Висла өзендері Атлант мұхит алабына жатады

9. Солтүстік мұзды мұхит алабының өзендерімен қыста кемелер қатынайды

10. Елбасымыз қолдап отырған Кіші Арал жобасы болашақта толығымен аяқталған кезде, Кіші арал теңізі суға толады

 

 

Оқушылар 1 мин ішінде жауап беру керке. Дурыс болса қол шапалақтау керек ал егерде дурыс болмаса үндемей отыра беру керек. 1.Сырдария және Амудария өзендері Атлант мұхит алабына жатады                                                                             (бұрыс).

2. Батпақтар жауын-шашын көп түсетін аудандарда кең таралған (дұрыс).

3. Еуразия материгі су қоры жөнінен Оңтүстік Америкадан кейін екінші орында (дұрыс).

4. Еділ мен Жайық өзендері арал теңізіне құяды (бұрыс).

5. Байкал көлі жер шарындағы ең терең көл (дұрыс).

6. Қазақстанда жер асты суының мол қоры бар (дұрыс).

7. Арал теңізі тектоникалық көлге жатады (бұрыс).

8. Дунай, Рейн, Висла өзендері Атлант мұхит алабына жатады (дұрыс).

9. Солтүстік мұзды мұхит алабының өзендерімен қыста кемелер қатынайды (бұрыс).

10. Елбасымыз қолдап отырған Кіші Арал жобасы болашақта толығымен аяқталған кезде, Кіші арал теңізі суға толады (дұрыс

 

 

6 минут Топтық жұмыс.    Өзенге сипаттама беру.                                                                    Мұғалім оқушыларға жоспар бойынша бір өзенге сипаттама беруді тапсырады. Бірнеше өзендердің атауы беріледі суыру арқылы өзеннің атауы белгілі болады.                                                 (Дунай, Хуанхэ, Ганг, Еділ) Оқушылар мына жоспар бойынша өздеріне берілген өзенге сипаттама береді.

1-топ: Дунай өзені тақырыбында постер.

2-топ: Ганг өзені тақырыбында  постер.

3-топ: Еділ өзені тақырыбында постер

2 минут Қолпаштау сөздері арқылы бағалау Әр топ постер қорғайды.
ІІІ. Қорытындылау

 

Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
«Миға шабуыл» стратегиясы                      (7 минут) «Алма ағашы» ойыны арқылы сабақты қорытындылау. Алманың артында бірнеше сурақтар жасырынған сол сұрақтарға жауап беру.                                                                                          1Өзен алаптарын ата?                                                                              Қалдық  көлдерді ата.                                                                      Жер қыртысы ндағы терең жарылыстарда орналасқан көлдер.                                                                   Мұз құрсаулары қалай  пайда болады?                                         Көп жылдық  тоңдар ненің әсерінен пайда болады?                                                                             Федченко бұл …….                                                        Еуразияның көлдері  терең және тұщы себебі Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларымен бөліседі.
ІҮ.Үй тапсырмасы: Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
Ү.Бағалау

(2 мин)

Формативті бағалау Стикерлер бағалау парағы бойынша сөйлейді
ҮІ. Рефлексия

(2 мин)

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша стикерлерге жазу Бүгінгі сабақтағы ең үздік сәттер. Ұсынылатын жақсартулар. Үздік бестікті кімге қояр едің! Бүгінгі сабақта өзіңе алған жаңа көзқарас. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын қысқаша стикерлер арқылы және ауызша  жеткізу.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *