Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Е.Айшуақұлы атындағы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Түркпенбаева Нұртөре
Тақырыбы: Мұзда жанған алау
Мақсаты: -Оқушыларға тәуелсіздік туралы түсінік беру. Отан – ананы құрметтеу.Тәуелсіздікті бағалай білуге ұлтжанды, елжанды болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: желтоқсан қаһармандарының суреттері, нақыл сөздер.
- Ұйымдастыру
- Кіріспе бөлімі.
1-жүргізуші Нұрай
Құрметті мұғалімдер, оқушылар! 16- желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай өткізіліп отырған «Мұзда жанған алау» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз!
2-жүргізуші Дастан
1986 жылдың ызғарлы желтоқсан қазақ халқының қасіреті де қасиеті де жетерлік тарихына айналады.
1-жүргізуші Нұрай
Иә, бостандық,теңдік, тәуелсіздік өз бетімен келген жоқ! Қаншама адам құрбан болды. Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан Желтоқсан көтерілісі- елімнің болашағы бостандығы, егемендігі үшін болған күрес.
2-жүргізуші Дастан
Қатыгездік жұдырығы түйіліп Қамшы үйірді жасқап, жекіп, бүйырып Желтоқсанда шықтың үлкен алаңға Ата – баба аруағына сыйынып.
1-жүргізуші Нұрай
1986 жылы 17- желтоқсан Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылығын білдіріп шеруге шықты.5-6 оқушы шеруге шықты.оны 2-3 оқушы милиционер болып оларды сабай бастады.
Бекмұрат
Қақап күннің ызғары
Сүйектен өтіп кеткен күн
Қаракөз қзақ қыздары
ОМОН-дар бастан тепкен күн
Қариялар итке таланып
Аппақ қар қанға боялып
Қып-қызыл мұз боп жатқан күн
Альфия
Шеткен ана тіліміз
Оқылмай өлең –жырымыз
Жабылып жатса мектептер
Жадырар қалай күніміз
Бауыржан
Жас арудың жанарында-Желтоқсан
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан
Қаралы өмір қайыстырған халқымның
Қара тұман қабағында- Желтоқсан
Хор «Желтоқсан желі »
2- жүргізуші Дастан
Күндік кешпей, мұз кешпей
Ат артында міңгеспей
Мұңдық болып мұңаймай
Тәкаппар нағыз құдайдан
Қасқайып қарап тұратын
Ағасы өлсе інісі боп
Жауына қарсы шығатын,
Арыстандай алысып,
Жолбарыстай жұлысқан
Қыздары көп қазақтың- демекші өзінің жас өмірін қиып кете берген Сәбира Мұхамеджанованың өмір жолымен танысып өтейік.Сабира Мұхамеджанова 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітіріп,бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын оқу орнына студент болып қабылданды. Ол Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегіммен қолдап, Өскемен қаласының көңілі ашық , көкірегі ояу студенттермен бірге Уманов алаңына қарай өлең айтып, шеруге тартты. Өскемен жиналысында Сәбираны айыптап , тәртіпсіз деп бағалаған. Сөйтіп, албырт жас қыз жатақхананың өзі тұратын бөлмесенің терезесінен құлап қаза тапты.
Асылтас
1-жүргізуші Нұрай
Желтоқсанның қазаққа
Ызғары көп тастаған
Намыстан өлген ұлтымның
Қыздары көп, қарағым
Ар намыс иесі қайсар, жас қыз
Ләззат Асанова жайлы атап өтсек. Ләззат Асанова Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылында дүниеге келген. Алматының Чайковский атындағы музикалық училищесінде қобызшы мамандығын бойынша оқып жүрген Ләззат Асанованың он алты жылдық қысқа ғұмыры үзілді. Ләззаттың жерлеудің алдында денесін ақ жауып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкбеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазылушылардың қорлығынан қаза тапқан.
Айзат
Бота көзің боталап
Қиянаттан қаталап
Дәл он алты жасында
Жан адам жоқ қасында
Қыршынан қиылдың
Қара жерге бұйырдың
Алақарға көк асапаның
Аяласын, Ләззат!
2-жүргізуші Дастан
Еш алаңсыз бейбіт шеру күшпен басылып, қанмен тойтарылады. Желтоқсан оқиғасының құрбаны болған Ербол Сыпатаевқа тоқталайық.Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы Панфило ауданының Ленин атындағы совхозының 2-ші бөлімшісінде туып өскен. Ол энергетика институтының II- курс студенті болатын Ербол бір үйдің жалғыз баласы еді. Біздер Ербол ағамыздың жастық жігері мен ерлігін мәңгі есімізде сақтап, аруағына бас иеміз
Ізет
Алтын баулы лашын
Биікке жазбай құлашын
Қарақұсқа жем болды- ау!
Алтын баулы лашын
Момын –ау жуасым
Қапияда қор, болды-ау!
Танадай көзі жайнаған
Жас ботадай ойнаған
Алтыным ай қайтесін
Ербол, Ербол атыңды
Ер болсын деп қойдым ба?
I-жүргізуші Нұрай
Тарихта «Құйын» операциясы деген атпен мәңгі қалатын жойқын шабуыл, демонстрациясының қуып тарату операциясы жоспардағыдай аяқталады.Қайрат Рысқұлбеков Жамбыл облысы Мойынқұл ауданындағы Бірлік ауылында дүниеге келген . 1982 жылы ол Алматы сәулет құрлыс институтына түседі. Сол желтоқсан оқиғасынан кейін оны Савицкийді өлтірген қылмыскер деп жауапты аса қауіпті қылмыскер деп атанады.
2- жүргізуші Дастан
Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі. Бірақ бұл түн өзгеше ед. Себебі бұл түн өзгеше еді. Себебі бұл түнде қаланың кез –келегн түсынан ұсталған жастарды ұрып соғып, өлімші қалге жетеді. Осындай қатыгездікті көрген оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рұсқұлбеков те бар еді.
Көрініс Қайраттың тұтқындалуы
Милиционер: Ұстаңдар бұзақыны ! Әкетіңдер : жауып тастаңдар! Савицкийді өлтірген сен бе?
Қайрат : Жоқ мен емес!
Милиционер сен өлтірген, мойныңа ал! Алып кетіңдер!Бәрібір құтылмайсың!
«Көрініс: Қайратты тергеу»
Қайраттың сөзі.
1-жүргізуші Нұрай
Осыдан кейін Қайрат сияқты ағамыз 21 жасында қаза тапты.
Дастан
Міне , осы Тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға – әпкелеріміздің арқасында ел болуға қол жеткіздік.
Нұрай
Осымен тәуелсіздік мерекесіне арналған «Мұзда жанған алау» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталады. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен –көп рахмет!