Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Е.Айшуақұлы атындағы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Түркпенбаева Нұртөре
Сабақтың тақырыбы: Қазақ батырлары
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ батырлары туралы түсінік беру. Сан есім туралы білімдерін тиянақтау. Өлеңді мәнерлеп оқуға дағдылану. Ой- өрістерін, тілдік қорын дамыту.
Көрнекілігі : батырлар суреті, слайд, мақал-мәтелдер, қару түрлері, интертақта
Әдіс – тәсілдері: топтық жұмыс, сұрақ – жауап, әңгімелесу
Сабақтың жүрісі : 1. Ұйымдастыру
2.Психологиялық дайындық
Жарқырап күнде ашылады
Айналаға нұр шашылады
Қайырлы күн, біз көңілді баламыз
Қайырлы күн сәлемдесіп аламыз
Мақсатымыз білім алу
Міндетіміз еңбектену
5-ке қолды жеткізу
Батырлардың аттары бойынша төрт топқа бөліну. Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай.
Топ ережесін еске түсіру.
Тыныштықты сақтау
Уақыт үнемдеу
Бірін-бірі тыңдау
Үй тапсырмасын сұрау.
4- топқа 4 батырдың суретін қойып артына сұрақтар жазып қою.
Бөгенбай суреті. Абылай ханның шын аты (Әбілмансұр)
Қабанбай суреті Абылай хан кімдердің көмегіне сүйенеді?(Төле би,Қазбек би, Әйтеке би)
Наурызбай суреті. Абылай қай батырларға сенген ? (Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, Наурызбай батырға көбірек сенген)
Мәтінді оқып, мазмұнын айтқызу
Бүгінгі күннің жадын жаздыру. Жаңа тақырыпты жазу. Көркем жазу минуты. Әр топ өз тобының аттарын жазады.
Жаңа сабақ. Қазақ батырлары
Бұқар жырау туралы қысқаша мәлімет беру.
Өлеңді хормен дауыстап оқыту.
Өлеңдегі батырлар туралы Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай өмірімен таныстыру.
Әр топтан 1 оқушыға өлеңді дауыстап оқыту.
Дәптермен жұмыс.
143- жаттығу Мақалды көшіріп жазу
Батыр бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі.
Әр жолын тақтаға жаздырту.
Сан есімнің ережесін еске түсіру
Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың санын білдіреді.
Басқа да батырлар туралы түсінік беру.
Биыл Ұлы Жеңіске неше жыл болды?
70 жыл
Осы Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар туралы айту.
Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Мәлік Ғабдуллин, Рақымжан Қошқарбаев тб. батырлар.
Желтоқсан оқиғасына қатысқан аға- аналарымызда бар. Олар Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова тб.
Сергіту сәті
Бір, екі үш
Бойға жинап күш
Бестік баға аламыз
Қуанып үйге қайтамыз.
4- топқа 4 түрлі тапсырма беру.
І- топқа Жұмсақ жәшік, Бес қаруды атау, Бес қару туралы айту.
ІІ- топқа бөлшекке бөлінген сөздерден
Мақал-мәтелдер құрату.
ІІІ- топқа «Батыр » сөзіне топтастыру
ІҮ- топқа Ескі және жаңа қаруды екі топқа бөліп топтастыру.Тақтаға шығып түсіндіру.
Мақалды 1 оқушыға оқыту.
«Батыр » туралы білетін мақалдарын айтқызу.
Жұппен жұмыс. Қорыту кестесі
Әр топ кестемен жұмыс істейді.
Кестемен жұмыс:
Өлеңнің аты | |
Авторы | |
Кейіпкері | |
Олар кімдер | |
Не істеді |
Қорытынды.
Сұрақтар беру.
1.Өлеңде кім туралы айтылған?
2.Ол батырлар не істеген?
3.Батырларды ата?
Кері байланыс.
Стикерге өз ойларын жазып, смайликке жапсыру.
Бағалау.
Алған ұпайларын санату.