Ибрашева Гулжамал Нығметқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Харькин орта жалпы білім беретін мектебі
Сабақтың тақырыбы: Топырақты қорғау
Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларға жалпы адамзат тіршілігі үшін топырақтың мазмұнын ұғындыру, топырақты қорғау мен оның құнарлығын арттыру жұмысын қолға алу керектігін
түсіндіру.
2.Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
3.Топырақты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: топырақ түрлері, саз, құм, қарашірік, суреттер, приборлар,
ойындар.
Әдісі: СТО стратегияларының элементтері, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ.Психологиялық дайындық.
Біз кімбіз?
Жарық болса күніміз,
Жарқын шығар үніміз.
Елін сүйіп ер жетер
Біз болашақ гүліміз.
- Иә, балалар, сендер еліміздің иесісіңдер. Болашақ ұрпақ білімді, ғылым мен
техниканы игеру қажет. Олай болса білімдеріңді тексерейік.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрап, бағалау.
1.Топырақ дегеніміз не? Топырақтың негізгі қасиеттері қандай?
Топыраққа тәжірибе жасау.
2.Топырақтың құрамы.
3.Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары.
а) «Жер» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
-Жер – құрлық, планета, үстіңгі қабат, топырақ.
ә) Топырақ – жердің өсімдік өсетін құнарлы беткі қабаты.
б) Топырақтың құрамында не бар? Топтастыру әдісі бойынша айту.
Шірінді
Тұздар Құм
Топырақ
|
Су Ауа Саз
ІV. Сергіту сәті.
- V. Жаңа сабақты түсіндіру.
1.Сұрақ-жауап. «Ой қозғау» әдісі.
-Топырақты неге «Асырап-сақтаушы» деп атайды? (Оқушылардың жауабы тыңдалады).
2.Топырақты қорғау (мұғалім түсіндіреді)
Көң – сиырдың күбірі 3 – 4 жыл жатқан күбір өсімдікке өте пайдалы.
Жел – құрғақ топырақты ұшырып әкетеді. Онымен күресудің басты жолы – топыраққа ылғалды мол жинау. Ол үшін қыста қарды тоқтату, күзде жерді жыртып тастау, қар жауғанда жыртылған жолдарға тіреліп тоқтайды.
Жыра – трактормен тегістеп өсімдіктер егу.
3.Сұрақ-жауап. (Оқушылар жауабы)
а) Топырақты шайылудан қалай сақтайды?
ә) Топырақты желдің ұшырып әкетуінен қалай қорғайды?
- Кітаппен жұмыс.
1.Оқушыларға мәтіннің әр бөлімін оқыту.
2.Мәтін мазмұны бойынша кесте толтырады.
І қатар: Топырақтың бұзылуы туралы айтылған жерді табу.
ІІ қатар: Топырақты қорғау, тыңайту туралы айтылған жерді табу.
VII. Тақтамен жұмыс.
І қатар. Бұзу | ІІ қатар. Топырақты қорғау. |
Жаңбыр
Су ағыны Жыралар Жел Адамдардың іс-әрекеті Орманды қорғау |
Өсімдіктер, ағаштар егу.
жаңа көшет. Көң. Жыраны топырақпен толтыру. |
Тарихи анықтама.
Бір сантимерт қалыңдықтағы топырақты түзілуіне 250 – 300 жыл, ал 20 см топырақ түзілу үшін 5 – 6 мың жыл кетеді. Сондықтан топырақты бұзылудан сақтап, оны қорғау шараларын қолға алу қажет.
VІІІ. Дидактикалық ойын. «Топырақтың пайдасы».
Мазмұны: Балалар кез келген суреттерді, яғни жануарларды таңдап алады, әр бала өзіне тиесілі жануар үшін топырақтың маңызы туралы әңгімелейді.
Мысалы: Мен қоянмын. Мен үшін топырақтың маңызы өте зор. Көктемде жер беті қоңырқай болады, сонда мен қоңыр тоңымды киемін, ал қыста ақ тоңымды киемін. Осылай жауларымнан қорғанамын. Өзімнің тамағымды тауып жеймін. т.б.
- «Ой қозғау» әдісі.
-Топырақ мүлдем жойылып кетсе, онда не болады? Көз алдарыңа елестетіп, әңгімелеңдер?
ІХ. Сабақты қорытындылау.
1.Топырақ дегеніміз не?
2.Топырақты қалай қорғауымы керек?
шөп гүл
Топырақты қорғау |
ағаш жаңа көшет өңдеу
3.Төрт жылды өлең.
Не? Топырақ
Қандай? Қара топырақ
Не әстеу керек? Ағаш отырғызу, гүл егу
Мақал-мәтел Аққу көлімен көрікті,
Жер гүлімен көрікті.
Х. Үйге тапсырма.
«Топырақты қорғау» мәтінін оқып, мәтіннің мазмұнына сай сурет салып келу.
Бағалау.
[bws_related_posts]