ОҚО
Созақ ауданы, Таукент кенті
Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта мектебі
даярлық сынып мұғалімі
Төлеубаева Шұға
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасыы
Білім саласы:Әлеумет
Білім бөлімі:Көркем әдебиет
Тақырыбы:Тоқтар батыр
Мақсаты: Оқушылардың ғарышкер туралы түсінігін молайта біліп, Тоқтар Әубәкірұлы жайлы деректермен таныстырып,ой-санасын кеңейту,шығармашылығын шыңдау.
Көрнекілігі:Түрлі түстеге шарлар, зымыран , ай ,күн, жұлдыз ,аспан әлемінің ғарышкерлер мен ғарышкерлер киетін скафандрдың ғажайып суреттері. Сабаққа байлынысты қызғылықты бейнематериалдар мен слайд.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиеші қызметі | Балалардың іс-әрекеті |
Ұйымдастыру-қозғаушы
|
Шаттық шеңбері.
Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз Баршаңызды құрметтеп Бас иеміз біз !!! |
Аялы қолдарын бір-біріне ұсына отырып мейірімге толы жүректері арқылы бір-біріне тілек тілейді. |
Ізденушілік Ұйымдастырушы
|
Сабақ барысында тәрбиеші балаларда сынау арқылы топқа бөле отырып өзінің дайындап келген арнайы сұрақтары мен жұмбақтарын қояды.
— Балалар, — Ғарышкер деген кім ? — Ғарыш деген не ? Жұмбақ Қараңғыда жымыңдайды,жанады, — Қонақтап күнде қонар су бетіне, (ай) Ең алғаш ғарышқа ұшқан адам емес лайка атты ит екенін айта келіп, адамзат арасынан алғаш ғарышқа ұшқан Ресей елінің азаматы Ю.Гагаринді суретімен таныстырады.
Осылай түрлі дерек бере отырып қазақтың тұңғыш ғарышкері-Тоқтар батыр жайлы сурет көрсетіліп,қалай ұшқандығы, ғарышта қанша уақыт болғандығы жайлы көрнекіліктермен түсіндіріледі. Балаларға аспан әлемінің қандай екенін айту барысында өздеріне белгілі «томпақ» киносы арқылы толық деректер баяндалады. Оқушылардың білімін саралау бағытында тапсырмалар қойылады. Айталық, 1-топ: Ұшақ жасайды; 2-топ: Зымыранды бояйды. 3-топ: Зымыранды құрастырады. Міне,осыдан кейін шашыраған ойларын жинақтасын деп слайдтан қызық әрі күрделі қимыл жасай білетін сергіту сәтіндегі бейнебаян қойылады.Ал,балалар тәрбиеші көмегімен соның қимылын жасайды.
|
Берілген сұрақтарға қызыға жауап беріп,кез-келген тапсырманы суреттер арқылы жете ұғып, оны іске асыру барысында білімдерін ортаға салады. Пікірлерін білдіреді.
Слайдта көрсетілген видео бойынша сергіту сәтіндегі қимылдарын жасайды. |
Жетекші-іздеуші | Тоқтар жайлы Сұлтан Қалиұлының өлеңін оқып береді. | Сабаққа қатысып отырып өзіндік пікірін ашық айтқан оқушыларды өзгеге үлгі болу үшін олардың есімдерін атап,мадақтау. |
Күтілетін нәтежие:Оқушылар бүгінгі сабақтан көптеген деректер білді. Балалардың Тоқтар батыр сияқты ғарышкер болам деген армандарына қанат бітіп болашақта соны орындауға нық сенімде бола алғаны бүгінгі сабақтың ең жемісті – нәтежиесі болды.
Білу керек: Балалар әлі түсіне қоймаған ғарыш терминдерін (скафандр,планета т.б) толықтай білді.
Қалыптасқан түсініктер:Сонау өте үлкен аспан әлемін жай ғана түнде көріп білетін жұлдыздар мен айға қай адам болмасын оған баруға болатыны туралы әр оқушыда қайтпас та қайсар түсінік қалыптасты.
Орындаушылық қабілеті:Балалардың ұшақ жасауы,зымыранның құрылысы неден тұратынын біліп соны жасауға дағдыланды,қабілетті болды.
[bws_related_posts]