Cабақтың тақырыбы: Ұ дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1.Ұ дыбысы мен әрпін таныту,сол арқылы берілген оқу мен жазуды үйрету, Ұ дыбысы келетін жаңа сөздерді үйрету арқылы оқушылардың білімін, тілін дамыту; 2.Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту,қызығушылығын арттыру,сөздік қорын молайту; 3.Оқушыларды партада дұрыс отыруға,сауатты,қатесіз таза жазуға тәрбиелеу; Түрі:Жаңа сабақты меңгерту Әдісі: Аквариум әдісі ,ой қозғау әдісі, сұрақ-жауап, топтастыру,Венн диаграммасы, « Кубизм» стратегиясы Көрнекілігі: Әріптер,текшелер, суреттер ,кеспе буындар ,интерактивті тақта Пәнаралық байланыс: математика,дүниетану,әдебиеттік оқу
I.Ұйымдастыру бөлімі .Оқушыларды 3 топқа бөлу
II.Психологиялық дайындық
III.Үй тапсырмасы. «З дыбысы мен әрпі» * «Дәрігер боламын» өлеңі * Қазақстан –менің Отаным» өлеңі (жатқа айту) *Сұрақ-жауап — Әріп дегеніміз не ? -Дыбыс дегеніміз не? -Дыбыстар нешеге бөлінеді? — З дыбысы қандай дыбыс? — Неге З дыбысы дауыссыз дыбыс ? — З дыбысы қандай санға ұқсас
IV.Жаңа сабақ . Жұмбақ Ұя, ұлу,ұшақтың Басын бастап берейін. Құс, жұмыртка, бұтақтың Ортасында келемін. (Ұ әрпі) -«Ұя», «ұшақ», « ұлу», «ұршық» ( суреттерін көрсету) сөздері қандай дыбыстан басталып тұр? (Ұ дыбысынан басталып тұр)
Ұ ұ дыбысын хормен айту -Ұ дыбысы дауысты ма ,дауыссыз ба? (Дауысты) -Жуан дауысты дыбыс па, жіңішке дауысты дыбыс па ?(Жуан дауысты дыбыс) Ұ әрпінің жазбаша түрін,баспа түрін көрсету, дыбыстың айтылуына көңіл бөлу -Дауысты дыбыстар қандай текшемен белгінеді ? -Дауысты дыбысты қызыл текшемен белгіленеді. Ұ әрпін ауада жазып көрсету, оқушылар ауада жазады.
- Сергіту сәті
- Оқулықпен жұмыс (1 оқушы полотноға қызыл,көк текшемен ұршық сөзін жазады. Ал , қалған оқушылар алдарына жазады)
* Ғарыш, ғарышкен, ұшқыш туралы түсінік беру. * Ғарышкерлер Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев туралы айтып өту * Ұшқыш. Мәтінді оқып беру. * Оқушыларға оқыту
VII. «Сөз құра» ойыны. Оқушылар буынға буынды қосып сөз құрап айтады.
VIII. Дәптермен жұмыс. Ұ ұ дыбысын жазу
IХ. Суретпен жұмыс. Ұзақ пен құмыра . Арт-терапия әдісі. /оқушылар қимылмен көрсетеді/
Қарға су ішкісі келді. Аулада су құйылған құмыра тұрды. Су құмыраның түбінде ғана болды. Қарғаның тұмсығы жетпеді. Ол құмыраның ішіне тасты толтырды. Құмырадағы су көтерілді. Қарға суды ішті.
Х.Шығармашылық тапсырма « Сөзді тез оқы» ойыны
шақ , ж лдыз, қобы з, қа , тор ғай , қар ығаш, зақ.
ХI.Жаңа сабақты бекіту . Сұрақ –жауап — Қандай дыбыспен таныстық? -Ұ дыбысы қандай дыбыс ? Ұ дыбысы жуан дауысты дыбыс па, әлде жіңішке дауысты дыбыс па?
*Венн диаграммасы бойынша дауысты және дауыссыз дыбыстарды салыстыру
*«Кубизм» стратегиясы. Кубиктің алты қырында ( Ұ,З,А, Б, И,Т) әріптері жазылады Оқушылар алдарына қай әріп түседі, сол әріпке сөз ойлап табады.
ХII.Сабақты қорытындылау. Оқушыларға жұлдызша беріп, марапаттау.
[bws_related_posts]