Басы » Cыныптан тыс » ОРЫҚ КЕЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ДӘРІГЕРЛІК КӨМЕК.

ОРЫҚ КЕЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ДӘРІГЕРЛІК КӨМЕК.

Харькин орта жалпы білім беретін мектебі
Дайындаған: География пәнінің
мұғалімі Байғазиев Ж.Қ.

ОРЫҚ  КЕЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ДӘРІГЕРЛІК КӨМЕК.

 

Сабақтың мақсаты:

 

  1. Білімділік: Оқушыларға алғашқы медициналық көмек туралы толық түсінік беру.

 

  1. Дамытушылық: Биология пәндерімен байланыстырып өз беттерімен жұмыс істеуге    дағдыландыру.

 

  1. Тәрбиелік: Оқушылардың өзіндік дүниетанымын қалыптастыру бір-біріне көмектесуіне    мүмкіндік жасау. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Йод, дәкі, тақтай, орамал, плакат,суреттер.

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

 

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

 

а)Туристік ән айту.

б)Өткен сабақпен байланыстыру.

Жорық кезінде көптеген сәтсіз оқиғалар болады.

Сәтсіз оқиғалар кезінде көбінесе ағзаға едәуір зиян келтіреді.

Зақымдар шартты түрде былай бөлінеді.

  • Жарақаттар мен қан кетулер.
  • Мертігулер мен жарымжандылықтар.
  • Сіңірлер созылуы.
  • Буын таюлары.
  • Сынықтар.
  • Күйіктер.
  • Үсіктер.
  • Бөгде заттар.
  • Суға кету.

10.Электр тоғымен зақымдану /электрозақым/

Соғылу кезінде, соғылған жерді тыныш күйінде қою керек. Ол жерді таңып байлап жоғары көтереді. Соғылған жерге салқын қояды. Ауыр затпен басылып қалған кезде, тез арада, денені алу керек. Жараланған жерге салқын суға малынған сүлгі жабады /мұзда/ болады, шоктан алып шығу үшін спиртті ішкізу немесе арақ, шай, кофе беру, жансыздандыратын әлде ұйықтататын дәрілер беру керек. Бұлшық ет немесе сіңір созылғанда, салқын су малынған сүлгі, қар не мұз басып 10-15 минөт салқындату зақымданған буынды таңып-қысып байлау керек. Ауруын басу үшін анальгин әлде амидопирин беріледі. Дәрігерге көрсету керек.

 

Буынның таюы,шығу кезінде, шығуды салып, салқын басу /зақымданған буынға/ таңып байлау.

Сыну кезінде көрсетілетін бірінші көмек- сынған жерді қозғалтпай шина салу керек /тақтайдан/. Тақтайды мақта немесе матамен орайды. Толық тыныштық күй және шокты болдырмау үшін шаралар қолдану- ауруды басатын дәрілер беріп, әлде жүректің жұмысын жақсартатын дәрілер беру керек. Жарадан қан кеткенде бұрау және таңып байлау қажет. Дәрігерге тез көтергіш пен жеткізу, көтергішті қолдан жасау. Жараланған кезде қан тоқтату. Жара маңындағы теріге йод немесе спирт жағу, жараны сутегі тотығымен жуу, стрептоцид ұнтағын сеуіп таңып тастау.

Жараны сумен жууға болмайды, жараны күйдіруге немесе мақта басуға болмайды.

 

Қансырау- венозды және артериальды қансырауды таңып байлау және бұрау арқылы тоқтатуға болады. Егер бұрау болмаса онда белбеу, матаның қиындысымен орап байлап қан тоқтатуға болады.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *