Қызылорда облысы
Қазалы ауданы Қазалы қаласы
Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сыдық Айнұр Ахметдиярқызы
«Сүйкімді ару- 2016» байқауының жүру барысы.
1 — жүргізуші: Армысыздар, абзал аналар, көктем гүліндей жайнаған апайлар, аяулы қыздар.
2 — жүргізуші: Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін 8 — наурыз мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
1 — жүргізуші: Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл — күй тілей отырып, халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналып өткелі отырған «Сүйкімді ару-2016 байқауын» тамашалауға қош келдіңіздер.
Ана десем сезім билер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Бар адамға берсе бар мейрімін
Орнар еді бар әлемде тыныштық
Қар астында қылтыйып бәйшек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып,
Аналар мерекесі келеді.
Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан ,қалың қардың астыннан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз соншалықты нәзіктігіне қарамастан Барлық қыйындық атауға төзімді болады.
Әйел жерден шыққан жоқ,
Ол да еркектің баласы.
Ерлер көктен түскен жоқ,
Әйел – оның анасы.
А.Тұрмағамбетов
1 — жүргізуші:
Сұлулыққа қарап көз тоймайды
Сұлулыққа өзін — өзі баяндайды
Естілер құдіретті бүгінгі сөз
Қыз жайлы, ана жайлы, келін жайлы.
1 — жүргізуші
Той пердесін ашайық
Жырдан шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық — деп
2 — жүргізуші:
Құрметті қауым: Бүгінгі өткелі отырған «Сүйкімді ару-2016» байқауын бастауға рұқсат етіңіздер.
Байқаудың мақсаты: Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын бойына дарытқан қазақ қыздарының табиғат берген көркемділік — әдемілігімен, сұлулығына тәу ету.
1 — жүргізуші:
Қос бұрымы аш беліне төгілген,
Келбеті бар кермаралдай керілген.
Қазақ қызы – инабатты ару қыз
Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген.
1 — жүргізуші:
1 — Тіл байланып қалатындай көргенде,
2 — Сұлулықты соған ғана берген бе!
3 — Кімде болса бас иеді мойындап,
4 — Қарсы алдына қазақ қызы келгенде — дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға шақырайық.
1 — жүргізуші:
1 — № 1 аруымыз______________________________________
№ 2 аруымыз________________________________________
— № 3 аруымыз_______________________________________
№ 4 аруымыз_________________________________________
№ 5 аруымыз_________________________________________
№ 6 аруымыз_________________________________________
Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Ақ аруды талдап бүгін алуға — деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Қазылар алқасының төрағасы_________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
2 — жүргізуші; Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:
1 — жүргізуші:
І — бөлім: «Сәлем –сөздің атасы» — деп аталады. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін — өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.
ІІ — бөлім «Өнерлі өрге жүзер» — деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (Ән айту, би билеу, әзіл-ысқақ т. б өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі)
ІІІ — бөлім: «Білімді мыңды жығар» — деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз әже, ана, қыз туралы жаттаған мақалдарын айтады және берілген бір мақалдың жалғасын табады.
2 — жүргізуші.
Құтты болсын мейрамы аналардың
Қуанышын көрсінші балалардың
Сіздер үшін бүгінгі орындаулар
Билері мен әндері жырланатын — деп аналар сіздерге арнап ән жолдаймыз.
Ән:
1 — жүргізуші:
Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы — әдепті де әдемі
Қазақ қызы — ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.- дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі «Сәлем –сөздің атасы» бойынша аруларымызды өзін — өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар.
№ 1 аруымыз ———— Қарсы алыңыздар
2 — жүргізуші:
№ 2 аруымыз ————
Қазылар алқасы І бөлімнің бағасын шығарғанша бір әсем ән жолдаймыз.
Ән:
Қазылар алқасынан І бөлімнің бағасын сұраймыз
2 — жүргізуші
ІІ бөлім: «Өнерлі өрге жүзер»
Аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді
Өнері өрге жүзер талаптының
Таланты талмай ұшар қанаттының
Әлди әуен әлемі өнер аты
Шарпып өтсін лебімен қанатының*- деп сайыскерлердің өнерін тамашалауға шақырамыз.
1 — жүргізуші:
№ 1 аруымыз: ——-
2 — жүргізуші
Қазылар алқасы ІІ бөлімнің бағасын шығарғанша бір әдемі би тамашалаңыздар Қарсыалыңыздар
1 — жүргізуші
Қазылар алқасының ІІ бөлімнің бағасын сұраймыз.
2 — жүргізуші
ІІІ бөлім «Білімді мыңды жығар» Бұл бөлімде аруларымыздың .
Қазылар алқасы ІІІ бөлімнің бағасын шығарғанша оқушы қыздарымыздың биін тамашалаймыз.
Қазақ биі
Орындайтын
Қазылар алқасынан ІІІ бөлімнің бағасын сұраймыз.
қылған Абайды.
Отбасының отанның берекесі
О, қош жарқырап ортамызға
Жұпар кеуде адамның мерекесі — дей келе апа қарындастарымызға мерекелік сәлем жолдаймыз.
Ән:——-
Орындайтын:——-
2 — жүргізуші:
Халқымыздың ежелгі үрдісі бар
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар
Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрін
Зердерлі ол, зейінді келіп сынар — дей келе қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.
1 — жүргізуші
Бұла қырдың құлпырған қызғалдағы
Ержігіттің бірінші ізгі арманы
Тіршіліктің жылуы, сұлулығы
Мына жалған өмірдің гүлзар мәні
2 — жүргізуші
Көркемдікке көмілген келбетіне
Көз тимесін деп достым сен де тіле
Көздері – күн, кірпігі сәуле сынды
Айна көктен жететін жер бетіне.
1 — жүргізуші
Сұлулықтың дүниеде барын қарап
Аққайың да ұрлана таңырқамақ
Пай — пай шіркін! Қыздардың құдіреті – ай
Ес еркінді әкеткен барымталап.
Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Қыздар! Көктем гүлі – 2016 байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын — дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.
[bws_related_posts]