Басы » Кембридж бағдарламасы » Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы

Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы

аб

Қостанай облысы Арқалық қаласы №4 жалпы орта білім беретін мектебінің тарих және география пәні мұғалімі  Жұрмағанбетова А.Ж.

Сабақтың тақырыбы: Сақтардың Оқушылардың алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды пысықтау ретінде қосымша деректер арқылы сақтардың тұрмысы және шаруашылығы, туралы түсініктерін қалыптастыру

Дамытушылық: Оқушының ой-өрісін, ойлау, сөйлеу, суреттеу қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Сақ тайпаларының ерлігі негізінде оқушыларда жерін, елін қорғайтын патриоттық сезім қалыптастыру және мәдени мұралардың құндылығын түсініп, жәдігерлерді бағалауға баулу

Блум таксономиясы

Білімді игеруге бағытталған 6 қадам

Қадам Тапсырмалар көзі Оқушы іс -әрекеті Мұғалімнің  іс -әрекеті Күтілетін нәтиже
«Білу» Сақ  қоғамы неше  топтан тұрады?

Оларды ата.

Гректер сақтарды қалай сипаттаған?

Сақтар туралы мына сөзді ежелгі гректерден кім айтқан. «Садақпен,  қылышпен және қола балталармен қаруланған сауыт киген » ( ……………….)

Дала тұрғындары түрлі дерек көздерінде қалай аталды?

Парсы деректеріндегі атауы —

Грек деректеріндегі атауы –

Герадот сақтарды                                          деп атаған

Сұрақтарға жекелей қол көтеріп жауап беру Өткен тақырып бойынша оқушыларлардың білімдерін қадағалу Барлық сұрақтарға дұрыс жауап беру.
«Түсіну» Топқа бөлінген парақшаларымызды бір-біріне қосамыз:

1 топ: Парадарайа

2 топ:  Тиграхауда

3 топ: Хаумаварга

Қиындылардан шығарған сөздеріне түсінік беру. Топ болып жұмыс жасау. Түсінбеген жерлерін толықтыру Сақтар туралы түсініктерін тереңдету
«Талдау» Сақтардың кәсібі, тұрмыс тіршілігі туралы суреттерді талдау Суретте көрсетілген бейнелер туралы ойларын ашық айту топпен және жекелей Оқушыларға бағыт бағдар беру. Суреттерді талдау арқылы сақтардың тұрмыс тіршілігімен танысу
«Қолдану» Постермен жұмыс

І топ Сақтардың тұрмысы мен  шаруашылығына сипаттама

ІІ топ Қолөнер кәсібі

ІІІ топ Діни нанымдары мен ғұрыптары

Алдыңғы қадамдарда өткен тапсырмаларды қағаз бетіне түсіру. Өз ойларын ортаға салу. Топпен жұмыс жасау Оқушылардың ойлау әрекеттерінің белсенділіктерін қадағалау Оқушылардың креативті ойлау әрекеттері күшейіп, ойлаудың алуан түрлі әрекеттерін жасайды.
«Жинақтау» І топ Тақырыптың басты идеясын сызба түрінде беріп, толтыру.

ІІ топ Тірек сөздермен жұмыс

Тестпен жұмыс

Топтық және жекелей жұмыс жасайды ойларын жинақтап қағаз бетіне түсіреді Оқушылардың іс –әрекетін сырттан бақылау Топпен бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесін көреді
«Бағалау » Топтар бірін – бірі бағалайды. Әртоптың көшбасшылары келесі топтың оқушыларының мүшелерін бағалайды. Оқушылардың әділ баға қоюуын қадағалайды Сабақ қорытынды-ланып, жеке, жұптық  және топтық жұмыстардың бағасы айтылады
Үйге тапсырма беру.

1. Мәтінді оқып түсінігін айту.

 

 

Өзіндік талдау

Бүгінгі «Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы» тақырыбында өткен сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды пысықтау ретінде қосымша деректер арқылы сақтардың тұрмысы және шаруашылығы, туралы түсініктерін қалыптастыру

Оқушының ой-өрісін, ойлау, сөйлеу, суреттеу қабілеттерін дамыту

Сақ тайпаларының ерлігі негізінде оқушыларда жерін, елін қорғайтын патриоттық сезім қалыптастыру және мәдени мұралардың құндылығын түсініп, жәдігерлерді бағалауға баулу

Осы мақсатты алдыға қоя отырып «Блум таксономиясы»

Білімді игеруге бағытталған 6 қадам арқылы оқушылармен бірнеше тапсырмалар орындап Сақ тайпаларының тұрмысы мен шаруашылығы туралы тереңірек  таныстық. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы, белсенділігі өте жоғары болғанын байқадым. «Білу» қадамы  үй тапсырмасына шолу кезінде оқушылардың білімі, сабаққа деген қызығушылығы жақсы дайындықпен келгендігі байқалды. «Түсіну» қадамыда жаңа сабақтың тақырыбына байланыста оқушыларды топқа бөлу кезінде сақ тайпаларының түрлері арқылы топқа бөлінді. Бұл кезеңде оқушылар қиындылардан шығарған сөздеріне түсінік беру арқылы арқылы білімдерін тереңдете түсті. «Талдау» қадамы кезінде әртүрлі суреттермен жұмыс жасау арқылы сақ тайпаларының тұрмыс тіршілігі қолөнері туралы айтып өз ойларын еркін жеткізе білді. «Қолдану» қадамы кезінде оқушылар топ болып жұмыс жасап алдағы өткен қадамдарды еске түсіріп өз ойларын ортаға салып постер бетіне түсірді. Жаңа сабақты әрі қарай тереңдету мақсатыда оқушыларға әртүрлі тапсырмалар ұйымдастырдым. Бұл кезең бізде «Жинақта» қадамы болды. Тапсырмалар оқушылардың жан-жақтылығы, танымдық логикалық ой-дәрежесі, практикалық және өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Атап айтатын болсам «Ізденіс тапсырмасы» кезінде оқушылар өздерінің қосымша материалдардан тауып әкелген деректерін саралап өздеріне керек жерлерін алып, қортынды жасауға үйренді. «Кестені толтыру», «Кескіндерді анықтау», «тестпен жұмыс», сияқты тапсырмалар кезінде оқушылар өмірмен байланыстыра отырып жауап бергендері маған ұнады.                                                                                                                                    «Бағалау» қадамы кезінде  топтар бірін бірін бағалап қойған бағаларын белгігі бір дәлелдемелер арқылы дәлелдеп баға қойды.  Сабақтың нәтижелігі Сақтардың тұрмысы мен шаруашылымен   танысқан тұлға.

Жалпы сабақ  өз  мақсатына жетіп  оқушылар  белсене ат салысып отырды.

аб1

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *