Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Е.Айшуақұлы атындағы орта мектебі
Епенова Бақтыгүл Шонықұлқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі жетекшісі
Ілгерінді деңгей мұғалімі
КИО олимпиадасының маңызы
Қазіргі егемен еліміздің даму кезеңінде бүгінгі оқушыларымыздың мектеп партасында алған білімін болашақ өмірінде орынды қолдана білуі көзделген. Осы мақсатта Қазақстандық интернет олимпиадалары ұйымдастырылған деп ойлаймын. “Ертеңін ойламаған ел азады” дейді халық даналығы. Барын бағалап отыратын, ұрпағына үмітке сай білім беріп, тәрбиелейтін ел озады. Білімі қаншалықты жоғары мемлекеттің бүгінгі әлемдік қауымдастықта бәсекелестікке қабілеттілігі соншалықты биік болмақ. Осы жағдайда ерте бастан өркениетті мемлекеттерде интеллектуалдық бәсекелестік жүріп жатқаны даусыз. Е.Айшуақұлы атындағы орта мектебінің даму жоспарында «Талантты және дарынды оқушыларды оқыту» бөлімі бар. Осы бағытта оқушыларымыз өз білімдерін сайыстар мен байқауларға қатысу арқылы шыңдайды. Бұл ретте республикамыздағы зияткерлік-танымдық сайыстардың рөлі зор. Солардың бірі — КИО олимпиадасы. Бұл сайысқа қатысу нәтижесінде мектебіміз республика бойынша 82-орын, облыс бойынша 4-орын, аудан көлемінде 1-орынды иеленіп отыр. Ұстаздарымыз бен оқушыларымыз тек олимпиадаға қатысып қоймай, кездескен қиын сұрақтардың жауап табу жолында да жұмыстанады. Мысалы, қазақ тілі пәнінен болатын интернет олимпиадада оқушылардың көпшілігі жұрнақтарды ажыратудан сүрініп жатады. Жұрнақтарды ажырату жолы қандай? Олардың қандай түрлері бар? Мектеп бағдарламасында тек қана жұрнақтың екі түрі бар деп оқытылады. Бірі- сөз тудырушы жұрнақ, екіншісі- сөз түрлендіруші жұрнақ. Сөз тудырушы жұрнақ белгілі бір сөздер тобына талғап жалғанып, олардың лексикалық мағынасын өзгертіп, жаңа мағыналы сөз тудырады. Мысалы, сазгер, түйіндеме. Ал сөз түрлендіруші жұрнақ жалғанған сөзінің лексикалық мағынасын өзгертпейді, оны түрлендіріп, грамматикалық мағына үстейді. Мысалы, келді, келер, келетін. Сонымен бірге зат есімнің рең мәнді жұрнақтары, есімше, көсемше, тұйық етістік, сын есімнің шырай жұрнақтары оқытылғанымен, ғылыми түрде олар топтастырылмайды екен. Яғни қазақстандық интернет олимпиадасында мұны сұрамайды. Модификациялық, грамматикалық, құранды, омонимдес, жаңа, көне жұрнақтарды көрсет деп сауал береді. Сөйтіп, бұл сауалдар Еркеназды осындай зерттеу жұмысына алып келді. Жетістіктері де жетерл ік.
Жоба атауы: Жұрнақ түрлері
Секциясы : Тіл білімі
Авторы: Кәдірбай Еркеназ 11-сынып оқушысы
Жетекшісі: Епенова Бақтыгүл
Зерттеу мақсаты: Қазақ тіл біліміндегі жұрнақтардың түрлері мен құрамының жіктелуін зерттей отырып, олардың түрлі мақсатта жұмсалу жолын анықтап, оқушыны логикалық дамыта оқыту бағытындағы қосымша ғылыми әдебиеттер арқылы морфологиялық білім жүйесін жетілдіру. Грамматикалық, модификациялық, омонимдес, синонимдес жұрнақтардың жасалу жолдарына морфологиялық талдау жүйесі жасалынды.
Болжамы: Жұрнақтардың жасалу жолы мен бірінен екіншісіне өзгеру себебі тіл туралы ғылым негізінде қазақ халқының тарихының даму кезеңіне сәйкес эволюциялық өзгерістер арқылы қалыптасқанын анықтайды.
Зерттеу кезеңдері:
1) Тұрмыстық деңгейдегі сөз құрылымына талдау.
2)Әдебиеттер арқылы берілген ақпарламаларға талдау.
3) Ғылыми негізде берілген сұрақтарға талдау.
Зерттеу кезіндегі жаңалықтар
1.Омоним, синоним сөздердің болатыны сияқты омонимдес, синонимдес жұрнақтардың да жіктелуі анықталды.
2.Жұрнақтардың грамматикалық өзгерісін анықтау.
3..Жұрнақтардың модификациялық өзгерісін анықтау.
Кәдірбай Еркеназ 2013 жылы облыстық КҒА «Құрмет грамотасымен» марапатталып, 2014жылы аудандық «Жарқын болашақ» қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасында «Жас ғалым» бағыты бойынша ІІІ орын, 2015жылы ІІ орын, республикалық ғылыми жоба конкурсының І кезеңінде І орын алды. Осы ғылыми жұмыспен іздену нәтижесінде КИО олимпиадасында бір күміс, екі қола виртуальды медальмен және дипломдармен марапатталды. Қорыта келе, КИО олимпиадасының рөлі оқушының ізденісіне ықпал ететінін байқауға болады.
Еркеназ! Қайырлы түн! Амансыңба,қызым! күміс медаль мен қола медальді неше балл жинап алдың?
қазақ әдебиеті пәнінен 6-7-сынып оқушыларым 38,36,32 балл жинап еді жүлдегер болуға үміт бар ма деп ойлап отырғанмын.Ой бөліскім келген.