Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы
Харькин орта жалпы білім беретін мектебі
математика пәнінің мұғалімі
Ажгереева Жамила Тасқалиқызы
« Алтын қақпа » танымдық ойыны
Мақсаты: 1. Оқушылардың математика пәні бойынша танымын, ұғымын
арттыру, байыту.
Математикалық терминдердің мағынасын аша отырып, оқушы-
лардың есеп шығару дағдыларын шыңдау.
- Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын ояту,
ойын арқылы оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, ұлт
жандылыққа, тапқырлыққа, ойшылдыққа тәрбиелеу.
- Ойын арқылы оқушылардың ой- өрісін кеңейту, ойлау қабілет-
терін арттыру, бұрынғы математикалық ұғым- түсініктерін жаңа
ұғымдармен толықтыру, оны одан әрі дамыту.
Түрі: Сайыс.
Әдісі: Ой қозғау әдісі.
Көрнекілігі: 1) Үш қақпа: тас қақпа, күміс қақпа, алтын қақпа;
2) Математикалық мазмұнды нақыл, даналық сөздер.
3) №1, №2, №3 ( портреттік номерлер).
4) Алтын сандық.
5) Карточкалар, тақта, бор, сызғыш, циркуль, транспортир.
Барысы: І. Ұйымдастыру.
Ойынға қатысушыларға номерлер беріледі. Ойын өтетін бөлме безен-
діріледі.(шар, көрнекіліктерімен);
ІІ. Негізгі бөлім: Ойын сұрақ қойылып, соған жауап берген оқушының
ортаға шығуымен басталады. Одан соң үш сұрақ қойылып, оған дұрыс
жауап алынуымен сәйкес үш қақпа ашылады. Жауап берген оқушы алтын
сандықтың ішіндегі сый-сияпатқа ие болады.
І- кезең: Сіздерді бұл ойынға шақырамыз,
Есептеп басыңызды қатырмаңыз,
Математика әлемін ұғындырып,
Аз да болса білімді толтырамыз.
Қатысыңыздар, қолдаңыздар!
Ойыннан шет қалмаңыздар.
Ойнаңыздар, ойлаңыздар,
Жайбарақат болмаңыздар!
Жалпыға сұрақ: „Елі “ дегеніміз не?
Тас қақпаның есебі: 1. Қолда он саусақ бар, ал он қолда неше саусақ бар? (5 )
- Үштен бірі 125-ке тең санды тап.; (375).
- 3. Бір жарым қарбыз 15 теңге тұрады, он қарбыз неше
теңге тұрады? (100).
Күміс қақпа сұрағы: Күміс қақпа – біреулер үшін ырыс қақпа, біреулер үшін
тыныш қақпа.
- Асқар ойлаған санын 2,5 есе кемітіп, нәтижесінен
18,25 санын азайтқанда 13,95 саны шықты. Асқар қандай
сан ойлады? (80,25).
- Орам сымды әрқайсысының ұзындығы 6,35 см –ден 4 бөлік-
ке бөлді. Орамдағы сымның алғашқы ұзындығын тап? (25,4).
- 3. Тоқыма станогында 1 сағатта 3,45 м мата тоқылады. Бір
тоқымашы қатарынан 6 станокта жұмыс істесе 7 сағатта
неше метр мата тоқиды? (144,9м ).
Алтын қақпа есебі: „Өнер – ағып жатқан бұлақ,
Білім – жанып тұрған шырақ!“
1). 5х²+14x-3=0
2). 7x²+6x-1=0
3). 7x²+8x+1=0
Жауабы: (-3;5), (0;2), (0;3).
Алтын сандық есебі: „Білікті бірді, білімді мыңды жығады.“
1). 3x+1 — 7x-х² = x²-1
4 10 8
2). x²+3x + х-3x² =2x
2 8
3). х (3-x) + х (2x -1) = х
2 6
Жауабы: ( 1 ; -1 1 ) , ( 1 ; -3 ), ( — 1 ; -1 ).
6 6 5 7
ІІ- кезең: “Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір- бірімен жатқан шулап, жалғасып
Бір-бірімен жатқан тулап, арбасып.
О, толқындар, арпалысып алға шық,“- деп Т. Айбергенов жырлаған-
дай өмірдің өзі сайыс. Сайысатын, әрине, жас толқын- өрендер.
Жалпыға сұрақ: 1) Жүзге дейінгі сандарды сандарды жазу үшін 9 санын неше
рет қолданамыз. (20)
2) Геометрияда жаңалық ашқаны үшін Зевс құдайына жүз
өгіз сойып құрбан еткен кім? ( Пифагор).
3) Математика каролі кім? (Карл Гаусс).
Тас қақпанының сұрағы: 1. Түбір табуға кері амал не деп аталады? (дәрежелеу).
- Санның керісінің керісі неге тең? (санның өзіне)
- Санның 100-ден бір бөлігі? (процент).
Күміс қақпаның сұрағы: 1. Дүкенге 20т. картоп әкеліп 2 бункерге бөлді.1-ші
бункерге 2-ге қарағанда 4 есе көп картоп кетеді. Әр
бункерде қанша картоптан бар? (1-де -16т, 2-де-4т).
- Бір тауар 23 теңге тұрады. Сатып алушыда тек 3 теңге-
ліктер, ал кассирде тек 5 теңгеліктер бар. Ешбір теңге-
ұсақтамай-ақ кассир мен сатып алушы қалай есептеледі?
- Кассир 5 теңгеліктер мен 10 теңгелікден неше тәсілмен
60 теңгені қайтарып береді?
Көрермендерге сұрақтар:
Қазақтың қара есептері:
- Бөлтірік шешен.
Ауылдас бір адам Бөлтірік шешенге келіп, түн ортасында
бір адам үй тұсына келіп, „кім бар-ау,құдайы қонақпыз“-
деді. -Нешеусіңдер?- деп едім, „үшеуміз“ деп, үшеу бол-
саң басқа үйге барып қон деп едім, кетіп қалды.Ертеңіне
білдім, ит ерткен бір-ақ адам екен. Үшеуміз дегені несі?
(Ит ерткен аттылы адам-деп жауап беріпті Бөлтірік шешен:
-Өзіме бір аяқ ас, атыма бір бау шөп, итіме сүйемдей сүйек
керек дегені екен деп түсіндіріпті.)
- Өрістегі жылқы.
Барлық жылқының үштен бірін және екеуі бөлініп алын-
ды.Қалған жылқының жартысы айдалып кетті. Сонда
өрісте 5 жылқы қалды. Басында неше жылқы болды? (18).
- Қыңырдың жасы.
Есепке жүйрік бір кісі Қыңырдан:- жасың нешеде?-деп
сұрапты. Сонда ол: — Менің 3 жылдан кейінгі жасымды
3 еселеңіз, содан бұрынғы жасымды 3 еселеңіз. Алғашқы
көбейтіндіден соңғы нәтижені шегеріңіз. Сонда менің
жасымды табасыз – деген екен. Сонда Қыңырдың жасы
нешеде? (3( х+3)-3(х-3)=18 ).
Алтын қақпа сұрағы: Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап, жым отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес.
Соқ қолыңды білімді жас талапқа.
- Математикада координат жазықтығын тұңғыш қолданған
кім? Рене Декард.
- Қазақстандағы Республикалық физика –математика
мектебі кімнің атымен аталады? О. Жәутіков.
- „Ақыл- ойды тәртіпке келтіретін -математика“ кімнің
сөзі? М.В. Ломоносов.
Асыл тастан,
Өнер жастан
Шығады деп дарынды
Халық айтса,
Халық сөзі
Әрқашанда нанымды.
Алтын сандық сұрағы: Алдыңғы шықпаған 2 есептің бірі беріледі.
ІІІ. Танымдық ойынды қорытындылау. ( Жүлдегерді атап және оларды марапаттау).
ІV. Танымдық ойынды аяқтау.
[bws_related_posts]