Басы » Cыныптан тыс » Математикалық тартыс ойыны

Математикалық тартыс ойыны

Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы

Харькин орта жалпы білім беретін мектебі

Атқаратын қызметі: математика пәнінің мұғалімі

Ажгереева Жамила  Тасқалиқызы

Математикалық тартыс ойыны

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын,оқуғаынтасын арттыру.

2) Ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту.

3) Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі  тәрбиелеу.

 Көрнекілігі:  Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар,логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.

Түрі: Топтық сайыс сағаты.

Типі: Ойын түрінде.

Жоспары: 1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі/шаттық шеңбері/

  1. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
  2. Біліктілік сайысы (есептер шығару)
  3. Математикалық сұрақтар
  4. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер)
  5. Сөзжұмбақ сайысы (карточка арқылы топқа беріледі)
  6. „Қас-қағым“ сәт сайысы (топқа сұрақ)

                      Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! Математикалық тартыс ойыны-

на қош келдіңіздер.Бүгінгі ойын тартыс түрінде өтеді. Ортаға „Үшбұрыш“‚

„Квадрат“, „Трапиция“ топтарын шақырамыз.

Математикалық сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді,- дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін

әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.

І. Кезекте амандасу рәсімі.  

                      І топ.   „Үшбұрыш“ тобы.

Ұраны: Білікті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

Сәлемдесуі. Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен.

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

Таныстыруы: 1.Үшбұрыштың анықтамасы.

  1. Қасиеттері.
  2. Түрлері.

                       ІІ топ. „Квадрат“ тобы.

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.

Таныстыруы: 1. Квадраттың анықтамасы.

2 .Қасиеттері.

ІІІ топ.  „Трапеция“ тобы.

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

 

 

Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

Таныстыруы: 1. Трапецияның анықтамасы.

  1. Қасиеттері.
  2. Түрлері.

Жүргізуші: Әділқазы алқасынан І сайыстың қорытындысын сұраймыз.

                   ІІ. Тапқырлық сайысы. (әр топқа логикалық есептер беріледі.)

                       „Үшбұрыш“ тобына.

  1. Темір тұрбаны бөлу үшін шеберге 5тг. төлеу керек. Егер тұрбаны 10 бөлікке бөлу

керек болса, шеберге неше теңге төлеу керек?  (45).

  1. Жүзгіштер дүйсенбі күні жолға шықты. Олар жолда 100 сағат болып келгенде

күннің қай мезгілі болады?   (кеш).

  1. Үш дос Ақбасов, Қарабасов, Сарыбасов әңгімелесіп отыр. Қара шаштысы

Ақбасовқа „қызық біріміздің шашымыз ақ, қара, сары. Бірақ шашымыздың түсі

фамилиямызға сәйкес келмейді“деді. Шаштарының түсін тап.

(Ақбасов-сары, Қарабасов-ақ, Сарыбасов-қара шашты).

Квадрат“ тобына.

  1. Саят мектепке автобуспен барып, үйге жаяу келеді. Жолға 1сағ. 30мин жібереді.

Егер автобуспен барып келсе, жолға 30мин. жіберер еді. Саят мектепке жаяу

барып келу үшін неше сағат жұмсайды?         (2сағ. 30мин.)

2 Күшіктер мен үйректердің басының саны 17, ал аяқтары 44. Қанша күшік, қанша

үйрек бар?  (5күшік, 12үйрек).

  1. Егер оқушы 11дәптер алғанда 5тг. қалады, ал 15дәптер алса 7тг. жетпейді. Оқу-

шыда қанша теңге ақша бар?     (38теңге)

Трапеция“ тобына.

  1. Немересінің жасы аймен өлшенеді.Немересінің жасы неше ай болса атасы сонша

жаста. Егер екеуі бірігіп 91 жаста болса, немересі нешеде, атасы нешеде?

(7жас, 84жас).

  1.   Аулада қаздар мен торайлар жүр. Егер олардың басы 30, ал аяқтарының қосын-

дысы 84 болса, қанша қаз, қанша торай бар?    (12 торай, 18 қаз).

  1. Стақан шайтабағымен 25 теңге, ал 4 стақан мен 3 шайтабаққа 88 теңге төленсе,

стақан қанша теңге, шайтабақ қанша теңге? (стақан-13 теңге, шайтабақ-12 теңге).

Әділқазылар алқасынан ІІ сайыстың қорытындысын сұраймыз.

                    ІІІ. „Біліктілік“ сайысы. (тапсырма карточка бойынша беріледі). 

„Үшбұрыш“ тобына.

                            Тең бүйірлі үшбұрыштың орта сызығы 4 см. Үшбұрыштың периметрі 30 см

болса, бүйір қабырғасы нешеге тең?       (11см)

„Квадрат“ тобына.

                            Ромб периметрі 88см, ал бір бұрышы 120º-қа тең. Ромбының кіші диагоналының

ұзындығын тап.    (22см)

„Трапеция“ тобына.

Егер тіктөртбұрыштың периметрі 74см., ені периметрі 16см-ге тең квадраттың

қабырғасына тең болса, онда тіктөртбұрыштың ұзындығы нешеге тең?  (34см).

  1.   Математикалық сұрақтар.(әр топқа төрт сұрақтан.)

Үшбұрыш“ тобына.

  1. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу. (жанама)
  2. Бұрышты тең екі бөлікке бөлінетін сәуле. (биссектриса)
  3. Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды.? (параллель)

 

 

4.180º-қа тең бұрыш қалай аталады?  (жазыңқы)

Квадрат“ тобына.

  1. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жататын қабырғасының аты.(гипотенуза)
  2. 70º –қа тең бұрыш қалай аталады? (сүйір)
  3. Төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді. (диогональ)
  4. Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық.(радиус)

Трапеция“ тобына.

  1. Үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғаларының аты. (катеттері)
  2. 120º-қа тең бұрыш қалай аталады? (доғал)
  3. Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура. (бұрыш)
  4. V. Ойымды жалғастыр“ сайысы. (әр команда шапшаң жауап беру керек.)
  5. Жеті жұрттың тілін біл,(жеті түрлі білім іл)
  6. Білекті бірді жығар,(білімді мыңды жығар)
  7. Екі жақсы қас болмас,(екі жаман дос болмас)
  8. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
  9. Бір елі ауызға-(екі елі қақпақ)
  10. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын.)
  11. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарайды.)
  12. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз.)
  13. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

VI.„Сөз жұмбақ“ сайысы. (әр топқа бірдей тапсырма,карточка арқылы беріледі)

Есептердің жауабына сәйкес кестені толтырса, ұлы адамдардың аты шығады.

 

 18,147   64   5  22,804  -56,7  47,498   13
             

 

Д: √64 + √25                             М: 0,7  ·  (-81)

А: 13,123 +5,024

Е:  47,749 —  0,251                    Х:  -2,3 + 7,3

Р:  (-2)                                      И:  9,004 + 13,8

 

VII. Қас-қағым сәт сайысы. (әр команда тез жауап беру арқылы балл жинайды)

  1. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)
  2. Бойы екі қарыс, сиып тұр алты арыс. (сызғыш)
  3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)
  4. 30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар. (6*6-6)
  5. Ұзындықтың ең кіші өлшем бірлігі. (миллиметр)
  6. 225 нешенің квадраты?   (15)

Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады.

Кеш аяқталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.

[bws_related_posts]

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *