Басы » Tәрбие сағаттары » Егемен болмай- ел болмас

Егемен болмай- ел болмас

Батыс Қазақстан облысы
Шыңғырлау ауданы
Тасмола  ауылы
Утенова Кумис Филановна
Cабақ тақырыбы: «Егемен болмай- ел болмас»

Сабақтың мақсаты:Желтоқсан құрбандарымен таныстыру. Желтоқсан оқиғасы туралы шындыққа көз жеткiзу. Оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу:елiн, жерiн, халқын,Отаның сүюге,құрметтеуге,мақтаныш тұтуға,Отанына лайық азамат болып өсуге ықпал ету,«Тәуелсіздік»атты киелі ұғымды оқушылар бойына сіңіру.

Сабақтың көрнекілiгi:Слайд,бейнетаспа, Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы. Желтоқсан жұлдыздары: К.Рысқұлбеков, Л.Асанова, Е.Спатаев, т.б.

Сабақтың кіріспе бөлімі
Жүргізуші :Құрметті қонақтар,балалар,ата-аналар.Бүгін біз  Тәуелсіз еліміздің 24 жылдығына арналған «Егемен болмай-ел болмас» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Әнұран айту

Жүргізуші: Бұл Әнұран сөздерi дүниеге келіп. Егеменді ел атанғанымызша, бiздiң халқымыздың басынан қиындықтар мен қатыгез жылдардың не бір сұмдықтары өттi. Бұл қазақ халқының ары мен намысына, тағдыры мен тарихына өшпес таңба салған 1986 жылғы желтоқсан. 1730 — 1916 жылдары Қазақ елі патшалық Ресейдің отарына айналады. Бiрнеше дүркін отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілістер болады.1917 жылы Қазақ төңкерісінен кейін  Қазақстанда Кеңес өкіметі орнады.

Олай болса, балалар, 1986 жылы  желтоқсанда Алматы қаласында бұрынғы Брежнев атындағы алаңға жастар мен студенттер не үшін жиналды.

Хор: Өз тәуелсіздігін алу үшін.

—  Брежнев алаңы қазір қандай алаң?

—  Республика алаңы.

Нұрқұйған: 1986 жылы 17 желтоксанда астанамыз Алматы каласында мыңдаған қазақ жастары наразылық бiлдiрiп шеруге шықты. Олар:“Тәуелсiздiк керек Қазақ елiнің өз көсемi сайлансын” деген тілек білдірдi.

Сол кездегi үкiмет басшыларының бұйрығымен күш көрсетiлді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Өз елiнiң тәуелсіздiгiн талап етiп, шеруге шыққан жастарға бұзақылар, ұлтшылдар нашақорлар” деген кiнә тағылды.

Арина

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн!.

Базары кеттiп 6ір күнде,

Қайғыға халық 6атқан күн.

 

Әдiлдікпен шындықты,

Өтiрiк жала еткен күн.

Надан жасаған шындықтан

Адамдар азап шеккен күн.

Жүргізуші:

-Тәуелсiздік дегенді калай түсiнесіңдер?

Серкбаева Аяулым: Өз алдына дербес, еркiн мемлекет. Яғни ешкiмге тәуелдi болмай, iшкi сыртқы мәселелердi өздерiнiң шеше алатын мүмкiндiгi болуды тәуелсiз мемлекет деймiз.

Көрініс:»Тарих өткелдері»

Ән: “Өз елiм” әнiн орындайды.

Жүргізуші: Тәуелсiз мемлекет атануымызға ана тiлiнен оқығанымыздай кiмдердің еңбегi сiңді?

Әділет: К.Рысқұлбеков. Е.Сыпатаев, Л.Асанова, С.Мухаметжанова сияқты азаматтардың.

Жүргізуші:

-Дұрыс балалар! Бүгін бiр сәт осы атаған азаматтарды еске алайық.

Хор: Желтоқсан желі”.

Жүргізуші: Түн кәдiмгi миллиондаған түндердің бiрi. Бұл түнде қаланың кез—келген тұсынан ұстаған жастарды ұрып-соғып, өлiмшi халге жеткiздi. Осындай катыгездiктi көрген, Оларға араша түскендердің арасында К. Рысқұлбеков те бар еді.

Рамазан:

Желтоқсанның жан түршігер күндері

Жалдап әкер аяушылық білмеді.

Бұрымынан сүйреп ару қыздарды

Ал ұлдарды тоғытқан жер түрме еді.

Тажекешева Аяулым
Бұрқ етіп қазақ баласы,
Кеудеде өршіп наласы.
Алаңға қарайа ағылды,
Таусылып барлық шарасы.
(Желтоқсан күндерiнен бейнетаспа көру.) 

Әділет
Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің  оты өшкен күн.
Жанына таппай бiр шындық
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Жүргізуші:

1988 жыл 13 мамырда Семей түрмесiне әкелiнген Қ. Рыскұлбеков 21 мамыр күнi өмірiмен қоштасты. 

Әдеби композиция

 Зарина
Желтоқсан айы естісің,
Дауыл боп бұрқыл ескенсің.
Азаттық күйі қашаннан,
Көкейін  елдің тескенсің.
Би: Қазақ биі.

Ельдос
шектеліп ана тіліміз, ,
Оқылмай өлең жырымыз.

Жабылып жатса мектептер,
Жадырар қалай күніміз.
Досымғали
Тарылтьп жатса даламыз,
Қайтіп бiз тыныс аламыз

Кақымыз да жоқ айтуға,
Әділет қайдан табамыз.

 

Арина

Жанымыз жомарт қазақпыз,

Мәнгүрт боп кете жаздаппыз.

Қосайық басты Бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.
Ән: «Туған жер» орындалады.
Нұрқұйған

Желтоқсан — заман, толғағы

байтақ  даланың,

Шарпысқан сәтi үміт  пен

күдiк наланың.

Желтоқсан — Қайрат, Ләззат,

Сәбира,

Құрбаны болған жаланың:

        

Серкбаева Аяулым
Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өрендер ақталады.

Ел намысын қорғаған сарбаздарым.

Ерлiктерің мәңгілік сақталады.

1991 жылы 16 желтоқсан Тәуелсiз Қазақстан Республикасы жарияланды.
— Міне, биыл егеменді  елімізге 24 жыл толды.

Тажекешева Аяулым
Дәл бүгін қуанышты қала далам,

Жасадың сол арманға жаңа қадам.

Жеткенше ұлы мақсат шетіне біз,

Басты ғой қызыл шоқты қара  табан.
Әділет

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске.

Айта бергім келеді, айта бергім.

Оқушылар шығармашылығынан

«Тәуелсіздік тұғыры биік» шығарма оқу

 

Сабақтың қорытындысы:

Мұғалiм:  Мiне,     балалар,   ата-бабаларымыздың  жерiмiздi, елiмiздi  қорғай  отырып,  ғасырлар бойы  тәуелсiздікті  аңсап,  осы  тәуелсiздікке  қолымыздың қалай жеткенiн, кiмдердiң еңбек еткенiн сабағымызда аз да болса мағлұмат алдық. Тәуелсiздiкті алу жолындағы  халқымыздың ерен еңбектерін алдағы уақыттарда оқып үйренемiз. Бүгiн Қазақстан аз алдына Тәуелсiз Мемлекет. Біздiң өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар.

Сендер — Отанымыздың болашақ ұрпақтарысыңдар. Сабақтарыңды жақсы оқып, тәртіпті болыңдар.

 

Ән:»Көк тудың желбірегені»

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *