Басы » Tәрбие сағаттары » Зиянды заттар зардабы

Зиянды заттар зардабы

mqdefaultБатыс Қазақстан облысы
Шыңғырлау ауданы
Тасмола  ауылы
Утенова Кумис Филановна

Ашық тәрбие сағатың тақырыбы: «Зиянды заттар зардабы»

Мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларды жаман әдеттерден сақтандыру,ішімділік пен

темекінің жас организмге зиянды, әр –түрлі жөтел, асқазан, тері аурулары осы никотин мен алкогольдің әсерінен екенін түсіндіру.

Тәрбиелігі: Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден

аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді  бойына сіңіруге баулу.

Дамытушылығы: Қоғамдық ілгерлі дамуына кері әсерін тигізіп, жас

ұрпақтың сапасы мен өмірін уландыратын ауыр кеселдің бірі – маскүнемдік,

араққұмарлық екенін ұғындыру.

Дайындық барысы: Оқушыларға тақырыпқа сай материалдарды оқып,

жинастыру «темекінің», «нашақорлықтың», «ішімдіктің» адам өміріне

зиянды әсері тақырыптарына сурет салу, жұмыстарын тапсыру.

Әдісі: Ой-бөліс.

Көрнекілігі:Интерактивті тақта,бейнетаспа,оқушылардың өз

шығармашылығынан салынған суреттері.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе сөз.

Жүргізуші:

-Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, мектеп оқушылар! Бүгінгі біздің Тасмола орта жалпы білім беретін мектептің қара шаңырағында бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отырған темекі, арақ, есірткі ауруларына қарсы ұйымдастырылған «Зиянды заттар зардабы» атты ашық тәрбие сағатына  қош келдіңіздер!

Сәлемдесу.Келген қонақтарға қарап оқушылар хормен.

Әдептілік белгісі,

Иіліп сәлем бергені.

Жүргізуші:Балалар шаттық шеңберіне жиналып бір-бірімізге жақсы тілектер айтайы.

Адам өмірінде шарықтау сәті бар, ол оны қолынан шығарып алады, бұдан кейінгі күні «Тар жол, тайғақ кешумен ұласады» деп ұлы ойшыл Шекспир айтпақшы адамға шыншыл да, ең қымбатты – ол оның мәнді де, сәнді өмірі. Ал, осы өмірінің мәнді де, сәнді өтуіне оның басты байлығы денсаулығы тікелей әсер етеді.

Назар аударайық!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған»Қазақстан-2030″стратегиялық бағдарламасының негізгі жеті басымдығының, төртіншісінде-Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты, білімі және денсаулығы туралы атап көрсеткен.Халықтың салауатты өмір сүруіне қол  жеткізу үшін негізгі үш бағытты күрес жүргізу керек деді.

Бірінші бағыт-«Темекі шегуді тоқтату»

Екінші бағыт-«Нашақорлыққа,наркобизнеске қарсы күрес»

Үшінші бағыт-«Маскүнемдікпен араққа қарсы күрес»

Бағдарламаның басты мұраты – халық. Халықтың денсаулығын сақтау, демографиялық ахуалын жақсарту.

Шығыстың әйгілі данышпаны Әл-Фараби «Жас жеткеншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.

Расында да, ел болашағы жастар. Ал жастарымыз нашар, маскүнем, ауру болса, ел тағдыры не болмақ?

ІІ бөлім. Таныстыру.

Ашық тәрбие сағатына ой-бөліскелі келіп отырған мектебіміздің медбикесі Нұрғаным Шапиғатқызына  сұрақ қойғым келеді. Елімізде нашақорлықтың жылдан-жылға етек алып бара жатқаны ешкімге де жасырын емес.

Нұрғаным Шапиғатқызының  ұстанымы: «Ауырмаңдар, ауырсаңдар тіркелуден қорықпаңдар».

  • «Анашаның» зияны туралы айтып берсеңіз және болашақта мұндай індетке мойынсынбауға қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?

-Сұрағыңыз орынды. Анашаның Қазақстанда және басқа елдерге таралғаны баршамызға мәлім. Анашаның тарихы – бұдан 15 жыл бұрын адам баласы анашаны білген. ХХ-ХХІ ғасырда қатерлі, улы өсімдіктерді аузына салып шайнап көрген, темекі түрінде тартқан. Анашаны қолданған адам мидағы есте сақтау қабілеті тежеледі, соның салдарынан адамның  тез көріксізденуі. Ағзаның дамуы тоқталады. Ешқашан, нашаға, шылымға, ішімдікке әуес болмаңдар.

  • Сауалыңызға рахмет.

Кешіміздің келесі қонағы – мектебіміздің 10 сынып оқушысы                  .

  • ұстанымы: «Шылым-шекпеймін, жамандарға ермеймін».
  • Сен қазір жассың, әр нәрсеге қызығушылығың бар, шыныңды айтшы, шылымның дәмін алып көрдің бе?
  • Жоқ.

Кешіміздің келесі қонағы мектептің биология пәні мұғалімі Гүлнар Айткалиевнаны ортаға шақырамыз.

Гүлнар Айткалиевнаның ұстанымы: «Болашақтың қамы үшін аулақ бол жастар кеселден».

-Темекінің толып жатқан зияны ішімдіктің ағзаға, жүйке-жүйесіне көптеген зиянды жақтарын біле тұра жасөспірімдердің алкоголь мен темекіге әуестігі өте жоғары. Себебі бізде балалар бір-біріне еліктеушілігі, бір-бірінен қалыспаушылық салдарынан болып отыр. Оның зияны өте көп. Тыныс жолдарын улап, өкпе аурулары, қатерлі ісік аурулары, нерв ауруларына көптеп шалынады. Темекі түтінінде қорғасын мен никотин өте көп.

-Жауабыңызға рахмет.

Жүргізуші: Арақ ішкен адамда алкоголь зардабы 21 күнге дейін созылады екен.Этиль спирті сырада 5-7% 6 шарапта 15-20%, ликер мен коньякта 40-50%-ке дейін, арақ пен вискиде 60-70% бар екен. Ал этил аса зиянды химиялық қоспа.

Осы тақырыпты аша түсу үшін мектептің әлеуметтік педагогын       ойбөліске шақырамыз.

ұстанымы: «Маскүнем барын сатып ішеді, болмаса арын сатып ішеді».

Темекі, есірткі, алкогольдің зардаптары туралы нақты мысал келтіріңіз?

-Арақ ішу үлгерім мен тәртіптің бұзылуының кепілі. Бір зерттеуші түскі тамақ кезінде балаларына жүз грамм жүзім шарабын беріп, сонда балалары көңілденіп, көп сөйлеп, тез қимылдаған, біраз уақыттан кейін керісінше олар шаршап, ұйқы басып, жазулары бұзылып, есептен көп қате жіберген. Бала кезінде адам ағзасын алкоголь тез уландырып, аз уақыт ішінде маскүнемге айналдырған.

-Рахмет

-Нашақор адамның өмірі қысқа болады. Нашақорлардың ең төменгі жасы 9-да екен. Жастар арасында наша пайдалану туралы мектеп оқушыларын сөзге тартып көрелік. Ол үшін мектептің 10 сынып оқушыларының бірі  ортаға шақырамыз.

Оқушының  ұстанымы: «Кітап, журнал, газет оқимын, ән айтып, би билеймін, уақытты бос өткізбеймін».

Өзіңнің қаладағы дос-жарандарыңмен, құрдастарынмен бір кеште отырсың делік. Саған жан досың нашаны шегіп көруге ұсыныс жасады.Сіздің әрекетіңіз қалай болмақ?

-Жоқ мен ондай әрекеттерден бойымды аулақ ұстаймын.

Ежелгі Мысырда арақты құлдар ғана ішкен екен. Кешіміздің келесі қонағы – денешынықтыру  пәні мұғалімі .

Шыңғыс ұстанымы: «Салауатты мақсатым өмір сүру, өмірдің мағынасын аша білу».

Арақ пен темекі шегудің аяғы жайсыз жағдайға соқтыратыннын біле тұра, неге адамдар арақ ішіп темекіні неге шегеді деп ойлайсыз?

  • Темекі түтіні адам ағзасына зиян. Оны мынандай мысалдармен дәлелдеуге болады. Дүниежүзінде шылым шегуден жыл сайын 2,5 млн адам қайтыс болады. Шылым шегетін адам жылына отбасы қаржысына мыңдаған теңге шығын келтіреді. Шылым шегетіндердің жүрегі тәулігіне 20-25 мың рет артық соғады. Шылым шекпейтін оқушыларда 100м жүгінгеннен кейін тамырдың соғуы 120-130 болса, шегетіндерде 180 болады. Шылым шегетіндер жүрек ауруынан 12-13 есе, асқазан жарасымен 10 есе жиі ауырады. Олардың 80%-ы өкпе ауруына шалдығады.
  • Байырғы Қытай императорларға маскүнемдікке басұрғандарды өлім жазасына кескен екен.
  • Ежелгі римде 30-ға толмағандарға арақ ішуге мүлдем тыйым салынған екен.

-Адам үнемі шылым тартуға әуес болады. Осы тақырып турасында ойбөліскелі келген  ағамызды ортаға шақырамыз.

Ұстанымы: «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен».

Сұрақ: — Неше жасыңыздан бастап темекі шектіңіз, болашақта темекіні қоя аласыз ба?

Жауап: Мен жас кезімде қызығушылықпен темекіге әуестенгеніме 35 жыл болды. Темекіден пайда көрмедім. Зиянын, зардабын тартып келемін. Сондықтан балаларға айтатыным бұл кеселден аулақ болыңыздар.

Жүргізуші:

Жігерің бар, талабың бар, қайратың,

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.

Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,

Өмірің бар алда әлі солмайтын, — дей отырып,

жаман әдеттерден жирендіретін, зиянды әдеттерге байланысты оқушылардың дайындаған бейнетаспаны көрейік

Бейнетаспа «Темекінің зияны»

Мақал – мәтелдер мен ұлағатты сөздерге кезек берейік.

Мақал-мәтелдер.

Шарап ішпеңіз, жүректі темекімен жүдетпеңіз

Ішімдікке салынған адамның қайыры жоқ.

Шылымқор өзін ғана емес, өзгелерді де улайды.

Нұрқұйған:

Темекінің көк түтіні

Екі өкпеңді ыстайды.

Ұзартқың келсе ғұмырды,

Таста арақ пен шылымды.

Ішпеген, шылым тартпаған-

Денсаулығын сақтаған.

Зарина:

Жасында темекісін будақтатқан-

Күркілдеп қартайғанда құлап жатқан.

Көзге түскен қауыз жаман,

Шылым шеккен ауыз жаман.

Шылымды жерге тастама,

Айналаңды ластама.

Аяулым

Түтіні тісіңді сарғайтады,

Уы ерте қартайтады.

Темекінің кермегі,

Еріккеннің ермегі.

Темекі тартып ерікпе,

Өкпеңді алар демікпе.

Жүргізуші: Сіздер ішімдіктің, шылым шегудің, нашақорлықтың адамның жеке басыңа, денсаулығына зияны бар екенін барлығыңызда білесіздер. Олай болса мына көрініске назар аударайық.(көрініс)

Сахналау.

Оқушылардың алған білімдерін тиімді меңгерту мақсатында сахналық қойылым. (Жергілікті ақын, дәрігер Тұрысбек Еділбаевтің «Үш пәледен аулақ бол» кітабынан көрініс)

Бала:/ «арақтың» жанына келіп/

-Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?

«Арақ»:

-Мен арақпын, арақпын,

Жер жүзіне тараппын.

Жұрттың құмар асы боп,

Керегіне жараппын.

Бала:/«темекіні» жанына ала келіп/

— Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?

«Темекі»:

-Мен темекі шылыммын,

Аузына елдің іліндім.

Қанша мені тартса да,

Демеді ешкім бүліндім.

Бала:/ «есірткінің» жанына келіп/

— Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?

«Есірткі»:

-Мен есірткі нашамын,

Уытымды шашамын.

Атым шулап турғанда,

Алшаңдап аяқ басамын.

/Сахнаға ересек бала шығады/

Ересек бала:

-О, жаратқан, жаратқан,

Жұрттың аузын қаратқан.

Ағайынды үшеуін,

Қандай пәле таратқан.

-О, адамдар, санаң бар,

Үш пәлеге қараңдар.

Үшеуі де үлкен жау,

Бүкіл әлем алаңдар!

/Екі бала бірігіп/:

«Арақ», «Темекі», «Есірткі»

Үшеуі де ауыр дерт.

Бүкіл елді бүлдірмей,

Арамыздан аулақ кет!

/Балалар қолындағы қамшымен үш пәлені соғып қуып шығады/

Денсаулыққа байланысты өлең жолдарына кезек беру

 Зарина:

Уа халқым, назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың денің сауда.
“Денсаулық – терең бақыт” деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.

Денің сауда күштісің бұл әлемде
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жеңерсің ауыр заман тәлкегін де.
Аяулым

Денің сауда жетерсің арманыңа
Жоспарлап алға қойған мақсатыңа
Денің сауда көрерсің бұл дүниенің
Бар қызық, рахатын, жарығын да.
Нұрқұйған

Денсаулық – шексіз бақыт халқым менің
Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа.

Қолда барда біл оның қасиетін
Күтіп, баптап аяла әр уақытта.

Денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуіміз керек?

Спортпен шұғылдануымыз керек.

«Көңілді жаттығу»қимылды биімізге кезек берейік

ІV бөлім Қорытынды.

Жылына елімізде 10 тоннадан астам есірткі заттар тәркіленеді, оны өздеріңізде көгілдір экраннан көріп жүрсіздер.

Аты жаман індетке апаратын тура жол осы маскүнемдік, нашақорлық екенін түсінген болар деп ойлаймын.

-Міне, балалар әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүру үшін денсаулықтың әсері ұшан теңіз екен.Арақ, темекі, нашақорлықтан жас жандарыңызды аулақ ұстаңыздар. Салауатты өмір салтын жандарыңызға  серік етіңіздер!

Уақытыңызды бос әуреге жұмсамай, өмірдің қызығын көріп өз еншіңізді алудан… «Кеш қалмаңыз».

Келіп қатысқандарыңызға көп-көп рахмет.

Сау болыңыздар.

 

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *