Оңтүстік Қазақстан Облысы
Сарыағаш қаласы
ОҚ «Арыстанбаб» колледжі
педагог-психолог
Ильясова Лязиза Рустамовна
Сабақтың тақырыбы: Жастарды отбасылық өмірге даярлаудың психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері
Жастарды отбасы өміріне дайындаудың психологиялық аспектісіне келмес бұрын «Отбасы дегеніміз не?» деген сұраққа жауап берейік. Аристотельдің айтуы бойынша, «Отбасы – адамдар қарым-қатынасының алғашқы түрі, ол мемлекеттің алғашқы ұяшығы». Сондықтан да, мемлекетте отбасының орны ерекше және оны елге терең түсіндіру қажет. Отбасының өкесі де осыған өмірлік іс-әрекетінің сферасы, оның мүшелерінің арнайы қажеттіліктерін қанағаттандырумен тікелей байланысты. Жалпы, отбасы түсінігінің мән-мағынасы өте кең болып келеді. Отбасы – дегеніміз не? Деген сұрақ қойылғанда, бәрімізге ата-ана мен балашаға туралы ойлар келеді. Яғни, отбасы тек осы мүшелермен ассоциацияланады.
Қазіргі кезде отбасын құру және өмірлік жарды таңдау қиынға соғады. Өйткені қазіргі жастарда, отбасы, неке туралы түсінік азын-аулақ. Сондықтан да, қазіргі таңда, осының салдарынан ажырасу көбейіп келеді. Сонымен қатар, Батыстың азаматтық некесі де осыған әсер етеді. Осы себептен жастарды отбасы өміріне дайындаудың психологиялық маңызы өте зор.
Жастарды отбасы өміріне дайындаудың психологиялық аспектісіне келетін болсақ, біз мына ұсыныстарды ұсынар едік:
- Отбасы туралы балаға ата-ана, кішкентай күнінен бастап дұрыс түсінік беру керек.
- Мектепте, жоғарғы оқу орындарында отбасына қатысты түрлі тренинг-жаттығулар өткізілуі тиіс.
- Жастарға отбасы және неке туралы көптеген ақпараттар берілуі керек.
- Отбасында болатын түрлі конфликттер мен мәселелерді шешу жолдарын үйрету керек, сонымен қатар психологиялық кеңес беру қажет.
- Отбасын құру, екі жастың қалауымен болуы керек.
- Отбасын құрудағы басты мәселе, жастар бір-бірін жақсы түсіне білуі керек.
Еркек пен әйелдің бас қосып, шаңырақ құруы – отбасының салт – дәстүрлік негізін қалап, оны жүйелеп, ұрпақтан – ұрпаққа аманат етіп қалдырған. Сол бойынша үйдегі адамдардың өзіндік орны мен атқаратын қызметі, отбасы үшін жауапкершілігі бар. Егерде ол орындалмайтын немесе бұзылатын болса, отбасының берекесі кетеді, оны күйреуге әкеліп соқтырады. Ал мұны болдырмаудың сара жолы – жұптық жарасым, өзара түсіністік пен сыйластық.
Қазақ отбасында ер мен әйел – шаңырақтың негізгі іргетасы. Бұл іргетас үйленумен қаланып, нығаяды. Адам баласы жан дүниесі аңсаған рахат пен татулық, бейбіт өмірді, ең шынайы сүйіспеншілік пен мейірімділік ыстық сезімдерді ана құшағы мен әке шаңырағынан табады, өзінің адамгершілік қасиетін, абыройын, намысын, үйленіп, үй болу арқылы айрықша жарқырата көрсетіп, айрықша қамқорлықпен қорғай алады.
Отбасы жауапкершілігі үйленген еркек пен әйелдің біріншінің алдындағы бірінің алдындағы бірінің парызы мен қарызын бұлжытпай орындаудан басталады. Біріншіден, әйелдің еркек үйінің табалдырығын аттауы – оның бір отбасынан екінші бір отбасына, бір ортадан екінші бір ортаға қоныс аударуы екені рас. Бұрын ол ата-анасы мен туыстарының ортасында болса, енді өзі қалаған жанның етегінен ұстап, оның өмірлік жарына айналды. Ері ендігі жерде әйелі үшін жауапты, әрі некемен келер жауапкершіліктің барлығы оның мойнында. Демек, ерлі-зайыптылардың екеуі де араларындағы алғашқы кездесуге психологиялық тұрғыдан дайын болуы тиіс. Бұл кездесуден бұрын еркек өзінің жауапты қадам алдында тұрғанын ескеріп, болашақ жарымен жақсы, һәм жарасымды тіршілік етуге, жұбайлық өмірдің ыстық-суығын бірге көтеруге, қиындыққа қайыспауға дайын болуы шарт. Сол секілді жас келін де ендігі жерде өзінің оң жақта отырған ерке қыз еместігін ескеріп, сүйгенінің сүйіктісіне айналатынын, болашақ отбасында құт-береке қонақтауы, не қонақтамауы өзіне де байланысты екенін жан – тәні мен сезініп, жауапты қадамға лайықты дайындық жасағаны жөн. Яғни, жас жұбайлардың екеуі де неге қадам жасап жатқандарын, оның жауапкершілік аманатымен қоса, не нәрсе жүктерін толық сезінгені дұрыс.
Екіншіден, олар жыныстық қатынасты ұрпақ көбейтуге, зинадан аулақ, нәпсіқұмарлықтан ада болуға ықпал ететін іс ретінде қабылдағаны игі. Халқымызда: «Екі жақсы қосылса, ай мен күндей жарасар, екі жаман қосылса, ырылдасып айрылысар»,-деген дана сөз бар. Отбасы беріктігі ерлі- зайыптылардың бір-біріне керектігін жандүниесімен сезініп, қашанда бір – біріне мейіріммен қарауы арқылы нығаяды. Күнделікті қарапайым тіршілікте әйелі дайындаған тамағының дәмді екендігін күйеуінің аузынан естіп, риза болғысы келсе, күйеуі отбасына қажетті бір шаруаны тындырып қайтқаны үшін жұбайының жылы лебізін тыңдағысы келеді. Немесе, жұмыстан шаршап үйге қайтқанында әйелінің балаларына: «Әкеңе көрпе сал,жастық әкеліп бер,дем алсын, мазасын алмаңдар», — деген тәрізді ыстық ықыласын күтеді. Мұның бәрі ұсақ-түйек сияқты көрінгенімен, жұптық жарасмды гүлдендіретін мінез-құлық, жауапкершілік, сыйластық. Отбасы жауапкершілігінде бала тәрбиесі басты орын алады. Қазақ отбасында ер бала әкеге тартып оқ жонады, қыз бала шешеге тартып тон пішеді.
Жату-тұру, киіну, тамақ жеу, адамдармен сөйлесу, әрқилы мерекелер мен ойын-сауыққа бару секілді істердің барлығы үйішілік тәрбиенің жосындары. Ата-баба аруағына сиыну да, үйішінің абыройын қорғау да сөз сіз орындалатын шарттар. Бұл – үйішіндегілердің жүрегіне сіңіріп, көңіліне тоқып алуға тиіс ережелері.» Ал осынау отбасылық дәстүрлі тәлім-тәрбинің жемісті жүзеге асырылуы ата – аналардың, яғни ерлі-зайыптылардың отбасылық жауапкершілікті қалай сезініп, қалай атқаратынына тығыз байланысты. Жұптық жарасымға жету жолдары Отбасындағы жұптық жарасым – бақытты болудың басты тірегі. Ол үшін ерлі – зайыптылардың үнемі есте сақтайтын қағидалары, бұлжытпай орындайтын міндеттері, басшылыққа алатын ақыл-кеңестері бар.
Мінез-құлық ерекшеліктері мен сезімдер тұрақтылығының мұқият есепке алынуы ойдағыдай отбасы құрудың шарты болып табылады. Өз мінезін білу, болашақ жар мінезінің ерекшеліктерін түсіну, ұстамдылық көп жағдайда отбасында қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға мүмкіндік туғызып отырады. Отбасы өмірі адами қасиеттерді талап етеді: өзін-өзі ұстай білу, мақсаткерлік, дербестік, шешімділік, тұрақтылық, қайсарлық, тәртіптілік өз сұранымын басқарудағы қабілеттілік, т.б. Ерік-жігер сапасының дамуы – бұл жеке адамның өзін-өзі тәрбиелеудегі нәтиженің көрінісі. Сондай – ақ отбасылық қатынастардың жай-күйін, оның өнегелілік ахуалын, құрамын, әлеуметтік, демографиялық ерекшеліктерін ескеретін отбасылармен тығыз байланыс орнатып, жұмысты жандандыра түсу аса маңызды. Отбасылық өмірге дайындаудың нәтижесі түрлі компонеттерден құралған отбасын құруға дайындықтан тұрады: ізгілікті ( Н.С.Верещагина, В.Т.Лисовский, Ю.П.Шапиро және басқалары); шаруашылық-тұрмыстық, азаматтық ( В.А. Балцевич, С.К.Бурова, О.Қауғабаев және басқалар); әлеуметтік ( М.С. Мацковский, А.Г. Харчев және басқалары); физиологиялық (Л.М. Зюбин, В.А.Сысенко және басқалары).
Сонымен, біз аталмыш дайындықтың басты компонеттері келесідей деп есептейміз: ізгілікті-психологиялық компонент;әлеументтік компонент; шаруашылық-тұрмыстық компонент; педагогикалық компонент;
Неке – отбасы қатынастарына дайындық дегеніміз – күрделі, ұзақ көп қырлы процесс. Қазіргі күні отбасылық өмірге дайындауды ұйымдастырудың түрлі нысандары бар: оқушыларға арналған « Отбасылық өмірдің этикасы мен психологиясы» курсы, отбасы университеттері, жас жұбайлар клубы, лекция циклдері, таныстыру қызметі және т.б. олар неке – отбасы қатынастарының қазіргі практикасына бағытталмаған. Отбасын құру жөніндегі студенттермен жүргізілетін жұмыс әлеуметтік педагог пен әлеуметтік жұмыскердің қызмет саласы болып табылады, ол жоғары оқу орнының біртұтас педагогикалық процесі жайдайында студенттермен қолайлы нысандар мен әдістерді таба білуі керек.
[bws_related_posts]