Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Сарға ауылы
«Бейнеу мектеп-интернаты» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Айса САҒЫНДЫҚ
Сабақ тақырыбы: 1) «Қобыланды батыр» жыры бойынша «Алтын сақа» ойыны
Сабақ мақсаты: 1. «Қобыланды батыр» жыры бойынша еске түсіру, пысықтау,
оқушылардың білімдерін тексеру, мазмұнын еске түсіру;
- Эстетикалық тәрбие бере отырып, балаларды жылдамдыққа,
адамгершілікке үйрету;
3.Көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін арттыру, өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу,
сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Түр-әдісі: Сайыс сабақ, сұрақ –жауап.
Көрнекілігі: «Қобыланды батыр» жыры, кейіпкерлер суреттері; кітаптар
Қатысатындар: 9-сынып оқушылары
Ұйымдастыру: Алдын-ала шығарма желісі бойынша сұрақтар дайындалады, балалар
топқа бөлінеді, сайыс топтар арасында болады, сайыс сұрақтар арқылы
өрбиді. Сұрақтар шығармадан үзінді ретінде алынып, не жалғастыру керек
оқиғаны, не кім, не деген сұраққа жауап табу керек.
Ойынның шарты: Сұрақ берілген сәтте кім жылдам, сол қол көтереді, сол сұраққа жауап
беруі тиіс. Қате болған жағдайда, жауапты айту қарсыластарға беріледі
Қойылатын сұрақтар:
- Қобыландының қарындасы кім? Жауабы: «Қыздың аты- Қарлығаш
Қобыландыға қарындас»
- Тоқтарбайдың жылқыда неше құлы бар?
Жауабы: «Тоқтарбайдың жылқыда
Тоқсан құлы бар еді»
- Көктім аймақ ханы Қобыландыны қалай сынады?
Жауабы: «Көктім аймақ патшасы Сонда тұрып тартады
Кезекті бұған береді. Екі бөліп ұшырды
Қозы жауырын жебені Ай астында теңгені»
Ат үстінен шіреніп
- Қобыланды Құртқаны кімнен қалай тартып алады?
Жауабы: «Төсекте жатып Қызыл ер Қызыл ердің ілулі
Қобыландыны көреді Босағада тұр еді.
Аяғыммен күрес деп Іліп алып аяққа
Бір аяғын береді. Дүрілдетіп жөнелді
Алпыс құлаш ақ арқан Қызыл ерді сүйретіп»
- Сәлімбай байдан Қобыланды қандай ат алады?
Жауабы: Жансерік атың, сұлтаным,
Көк ала бие ішінде
Көк бурыл құлын бар,
Жансерік атың сол дейді»
- Ноғайлыны басып алған Қызылбастың батыры кім еді?
Жауабы: «Қызылбастың елінен
Қазан деген ер шықты»
- «Еш жазығы жоқ еді, Жауабы: «Қараманның бұл сөзі
Бұлаңдаған Құртқаның. Өтіп бір кетті сүйектен.
Егер шықса алдынан Сөз сүйектен өткен соң
Басын кесіп алмаққа». Неге? Тобылғы атқа ер салды»
- Қобыландының шешесі Аналық неше жаста?
Жауабы: «Тоқсандағы Тоқтарбай
Алпыста шешесі Аналық,
Қарындасы Қарлығаш»
- «Алты қабат орынан
Жетінші қабат қалаға
Қарғытамын Бурылым,
Қарғимысың жай қандай?» — дегенде, Тайбурыл не деп жауап берді?
Жауабы: Салған қолқаң сол болса, Қарғи алмасам өлейін,
Қобыланды сынды еріміз Тәуекел етіп кел көрейін»
Қарғысам қарғып көрейін
- Қобыланды қалаға кіргенде қанша әскер қарсы шықты?
Жауабы: «Қобыландыға жол алып,
Сәске мезгіл болғанда
Қырық мың әскер қол шықты»
- Қобыланды Қазанды неше күнде талқандайды?
Жауабы: «Жетінші күн дегенде, Ақ найзаға сүйеніп
Жаудың бәрін тауысып, Қобыланды жалғыз бұл қалды»
- Қобыландының Қазанды жеңгеніне Қараман қалайша риза болды?
Жауабы: «Ай, Қобыланды, құрдас- жан,
Қайратыңды мен көрдім
Бәрекелді ер дейді»
- Көбікті Қобыландыны қалай қолға түсірді?
Жауабы: « Оянып кетсе болмас деп, Тоғыз қабат тор салып,
Қобыландыны Көбікті Бекітіп әбден байлады».
Ұйықтап жатқан жерінде
- Көбіктінің үстіндегі киімі қандай?
Жауабы: «Көбіктінің үстінде Шапсаң қылыш кеспейді
Тоғыз қабат ақ сауыт. Атсаң мылтық өтпейді».
- Көбіктінің осал жері қандай?
Жауабы: «Қарлыға сұлу сөйледі, Жел соғарлық самалы
Аман қылар амалы Мерген болсам батырым,
Кіндігінің тұсында Кіндікті байлап атпасаң
Кем соғылған төрт көзі Басыңа салар қараны»
- Көбікті қалай өледі?
Жауабы: «Көбіктінің бөксесі Атта қалып бөксесі
Оқпен ұшып кеудесі Қобыландыдай батырдың
Кеудесінен бөлінді Қабыл болды тәубесі»
- Қараман батыр кімнің баласы?
Жауабы: «Мен Сейілдің баласы Қазанға кетіп барамын»
- Жау шапқан еліне Қобыланды қанша уақытта жетеді?
Жауабы : «Бурыл атты шу деді, Кешке шейін шабады,
Құбылып барып гуледі. Келіп жетті жеріне
Ертемен шапқан Қобыланды
- Қобыланды жау шапқан жұртынан не тауып алды?
Жауабы: «Жұртына көзін салады, Ашып күлді қараса
Қараса күлдің арасы Жая менен жал екен.
Көтеріңкі көрінді. Түрлі тағам бар екен»
- Құртқа Тайбурылға қандай таға қаққызды?
Жауабы: «Алтыннан таға салдырдым Таймасын деп тау-тасқа»
- Құртқаның зарын тұлпар қалай естиді?
Жауабы: «Қыз Құртқаның зарланып, Сыртта тұрған тұлпарды
Шығарған қатты дауысын Құлағы анық есітті»
Періштелер жалғасып,
- Тұлпардың кісінеген дауысын Құртқа қалай естиді?
Жауабы: «Қайта-қайта кісінеп, Бурыл аттың дауысын
Шығарды қатты дауысты. Құртқаға жел жеткізді»
- Құртқа абақтыдан сыртқа шыққан соң, Алшағыр оған неше адамды қарауылға қояды?
Жауабы: «Сенбегесін қашар деп
Екі құл мен екі күң
Бақташыға салады»
- Қараманның тұлпарын ата. Жауабы: «Ақмоншақ атпен алысып,
Сейілдің ұлы Қараман
Ол да келді былқылдап»
- Алшағырдың тұлпарын ата. Жауабы: «Енді атына мінеді
Қара қасқа тұлпардың
Құйрығын шарт түйеді»
[bws_related_posts]