Құрылыс және бизнес колледжінің
өндірістік оқыту шебері Жолшораева Бахыт
Дуалды оқыту –мамандықты толық игеру.
Президент халыққа жолдауында білімді еңбекқор, бастамшыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер мамандықтың бәрі жақсы.
Қазір техникалық мамандықтардың ғылым мен инновацияның күні туған заман, ерінбей еңбек еткен талмай, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген озады.
Тұрмысы жақсы, абройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан қыруар істердің бәрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда.
Осы тұрғыда Қызылорда құрылыс және бизнес колледжде жалпы және кәсіптік техникалық білім беру жүйесінде дуалды оқытудың құрылыс саласы бойынша «Тас қалаушы» «Жиһаз өндірісі» мамандықтары бойынша мамандар даярлауда.
Білім алушыларымыз сапалы білім алып, мамандығын игеріп шығуына жағдайлар жасалып, «Тренинг» орталығы мен мамандыққа арналған цехтар талапқа сай жасақталған. Сонымен қатар білім алушылардың колледжде оқи жүріп, өндірісте машықтануын ұйымдастыруға байланысты оқытудың дуалды жүйесі бойынша «Абу-Сер» «Азамат», «Сыр жиһазы» мекемелерімен «Тас қалаушы» және «Жиһаз өндірісі» мамандықтары бойынша мекеме базаларымен екі жақты келісім шарттар жасалған. Бұл яғни жаңа заманауи технологияларды жаңа иновациялық технологияларды меңгере алатын жұмысшы мамандар даярлау және өндірістің сұранысына сай қол кушін арттыру және еңбек өнімділігі артады, жұмыссыздық азаяды, сонымен бірге әлеуметтік серіктестермен тығыз байланыста болады.
Дуалды оқыту сонымен бірге кәсіптік техникалық оқу орны мен өндірістік мекемелердің жауапкершілігін арттырады. Өндіріс базасында машықтану кезінде кәсіби деңгейі жоғары тәжірбиелі мамандардан үйренеді және техникаларды пайдалануды меңгереді.
Білім алушыларымыз мамандығын жауапкершілікпен игеріп, еңбек ететін болса болашаққа нық сеніммен қарап, басымызды тік көтеріп жүре аламыз деп сенемін.
[bws_related_posts]