Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Жыр алыбы-Жамбыл

Жыр алыбы-Жамбыл

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі

Өткізген: Қосылбаева Н.И

Сабақтың тақырыбы: Жыр алыбы-Жамбыл

Білімділік:  Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы білімі мен дағдыларын тексеру.  Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушылар зерттеу жұмыстары арқылы сөйлеу мәнерін, есте сақтау қабілеттерін,өзіндік пікір айту дағдыларын дамыту, әдеби дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелік:   Оқушыларға Ж.Жабаевтың өлеңдерінің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, олардың бойында қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін    қалыптастыру, шығармаларының рухани құндылығын түсіне отырып елжандылыққа, бауырластыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы

Көрнекіліктер: Ақын суреті, деректі  материалдар

Сабақтың барысы:

Сыныпты 3 топқа бөлу.

І. Білім. (Ақын өмірі мен шығармашылығы жайлы оқушылар өз білімдерін ортаға салады)

ІІ. Түсіну. (Жамбыл туралы естеліктер тыңдату)

ІІІ. Қолдану.  “Өзіндік ізденіс –білім негізі”. (Өлеңдері, айтыстары, дастандары жайлы)

ІҮ. Талдау “Талдау –табыс кілті”,  “Екі жақты күнделік”, “Сәйкесін тап”

 Ү. Жинақтау. “Кубизм”, “тест-интервью”, тест

ҮІ. Баға.

Мұғалім сөзі. Ақын С.Сейфуллин “Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халықтың қолына беру –біздің әрқайсысымыздың міндетіміз” деген екен. Сондықтан біз оның өмірін, жырларын білуіміз керек.

Өмір белестері.

Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз Хан және Жамбыл   деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жабай бір кезде осы тауларда көшіп-қонып жүрген. Жамбыл тауының  етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын! Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып  тағылыпты. Бұл 1846 жылы  февраль айы екен.Менің әкем Жабай шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған.Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазық кең дала менің Отаным балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді.  Бала кезімде мен тентектеу болдым. Қарттарды да,  әкемді де тыңдағым келмеді. Мені қозы бағуға жіберетін, мен бармай қоятынмын. Маған отын тер дейтін — мен тіл алмай қасаратынмын. Менің ағам, әкемнің інісі белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. Домбыра  қолыма тигенде барлық тентектікті ұмытып, бүкіл жан жүйем елжірегендей болатын еді. Менің қой баққым  келмеді. Домбыра тартып, ән салу мені қатты қызықтырды. Табиғат маған күшті де жуан дауыс берді.

І. Білім.

І топ: “Өмірі — аңыз”

ІІ топ: “Жамбыл –айтыскер ақын”

ІІІ топ: Жамбыл шығармашылығы. “Батаменен ер көгерер”. Жамбыл өмірінде батаның рөлі қандай?

 

ІІ. Түсіну. (Жамбыл туралы естеліктер тыңдату)

ІІІ. Қолдану.

ІҮ. Талдау. Берілген өлеңдерді құрылысына қарай талда.

 

Ү. Жинақтау.

 

ҮІ. А)Бағалау) Жоба жасау.         

І топ. Жамбыл –ақын          ІІ топ. Жабыл –айтыскер  ІІІ топ. Жамбыл –жыршы

Қорытынды.

Тест.

  1. Жамбыл Жабаев қай жылы туды? А) 1839                     Б) 1843                       В) 1846                                                2.  Жамбылдың әкесінің аты?        А) Ыстыбай             Б) Жабай (Жапа)       В) Сүйіндік                                             3.   Жамбылдың шешесінің  аты?      А ) Ұлдан                Б)  Құртқа                     В) Ләсимпан                                     4.  Жамбылдың шыққан руы       А) Арғын-Ақжол       Б)Албан – Айт            В) Шапырашты –Екей                                   5.  Жамбыл өзіне кімді пір тұтты?А) Кенен Әзірбаев    Б) Сүйінбай Аронұлы   В) Ы.Алтынсарин                         6.  “Сүйінбай ХІХ ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі ”  деп кім баға берді?                                             А) С.Садырбаев         Б) Ә.Қоңыратбаев            В) М.Әуезов                                                                                                  7.  Құлмамбет пен Жамбыл қай жылы айтысты?     А) 1880                     Б) 1886                     В) 1897                         8.  Жамбылдың Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ұлының аты.   А) Алғадай    Б) Тезекбай   В) Тәйті                 9. Жамбылдың 1916 жылғы патша жарлығына арнаған өлеңдерінің бірі                                                                      А) Кедей күйі            Б) Патша әмірі         В) Халықтың сәлемі                                                                                           10. Жамбыл қай жылы қайтыс болды?   А) 1939                   Б) 1941                       В) 1945

Тест жауаптары:   1.В      2.Б      3. А     4.В      5.Б       6.В      7.В      8.А      9.Б       10. В

«Егемен Қазақстан»газетінде «Жүрегі жүз жырлаған» деген мақала шықты. Содан бір үзінді келтіре кетейін.

… 1957 жылы М.Әуезов Үндістанға бір сапармен барыпты. Онда оның аты-жөнін, «Абай жолы» романын үнділер жақсы біледі екен, бірақ ұлтын білмейді екен. Ұлтының қазақ екенін білдіру үшін келтірмеген мысалы қалмапты. Бір кезде аузына Жамбыл түседі. Жамбылдың есімін атайды. Сол кезде залда отырғандар ду қол шапалақтап, дүрлігіп орындарынан тұрып кетеді. Үндінің бір ақыны мінбеге шығып ақынның халықтар достығы туралы жырлаған «Жаңа заң» өлеңін өз тілінде жатқа айтып береді. Жұрт қошемет көрсетіп, ұзақ қол шапалақтайды. Сонда М.Әуезов» Міне, мен сол Жамбылдың ұлтынанмын» дейді. Сондықтан, балалар, өз ұлтымызды сүйіп, өзге ұлтты құрметтеу керек. «ХХ ғасырдың Гомері» атанған Жамбылдың есімі мәңгі жасай береді.

Үйге тапсырма:  Жамбылдың дастандарын оқып, талдау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *