Басы » Баяндамалар » Шыңғыс ханның мәлім де, беймәлім бейнесі

Шыңғыс ханның мәлім де, беймәлім бейнесі

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

ҚазККА Ақтау көлік колледжінің

тарих пәнінің оқытушысы

Н.Б.Дуйсенбаева – М.Тынышбаев атындағы

Сабақтың тақырыбы: Шыңғыс ханның мәлім де  беймәлім бейнесі

Сабақтың мақсаты:  

Білімділік: Студенттерге тарихтағы Ұлы тұлға  « Шыңғыс хан өмірінің мәлім де беймәлім бейнесі» жайында толық ақпарат алып, ой-түйін жасап білулеріне түрткі болу.

Дамытушылық: Студенттердің  жүйелі ойлау қаблетін дамыту, өз бетінше қорытынды жасауға үйрету, шығармашылықпен айналысуына ықпал жасау, бағыт бағдар беру,  шапшаңдыққа тапқырлыққа баулу;

Тәрбиелік: Студенттерді өз беттерімен іздене білуге, сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге, ортада өздерін еркін ұстай білуге, ұлтжандылыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Студенттер сыни тұрғыдан ойлауға, ойын еркін әрі нақты жеткізуге дағдыланады.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар,  бейне жазба, баяндамалар, газеттер мен журналдар, буклеттер,  қосымша материалдар.

Сабақтың түрі:  Дебат сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, пікірлесу, ой қозғау

Ұйымдастыру кезеңі:

Кіріспе сөз — оқытушы (жүргізуші) Н.Б.Дуйсенбаева

Қымбатты студенттер мен аудитория қонақтары! Алда келе жатқан еліміз үшін орны ерекше Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын!  Бүгінгі «Шыңғыс ханның  мәлім де беймәлім бейнесі» атты дебат  сабағымызға, білімнің көкпарына қош келдіңіздер! Кеңес Одағы заманында  Қазақстан мектептерінде  оқушылар  «КСРО тарихы»  атты ортақ оқулықтан білім алды. Сондықтан, жас ұрпақ ата тарихынан мүлде алшақтап қалды.  Тәуелсіздік қазақ халқының өшкенін жандырып, өлгенін тірілтті. Тәуелсіздіктің арқасында  қазақ тарихы кеңінен зерттеліп, тың деректермен толықты. Сол деректердің бірі, бүгінгі таңда әлемге әйгілі Шыңғыс хан жауыз ба, жасампаз ба, түркі ме, қазақ па, моңғол ма? деген сауал көптің көкейінде жүр. Қалай десек те дүниежүзінде одан асқан ұлы қолбасшы болған емес. Ойлы адамзат баласы үшін Шыңғыс ханның рухани, Һәм әскери күш-қуаты аса сұрапыл әрі жұмбаққа толы. Шыңғыс хан – дүниежүзілік көлемдегі ірі тарихи тұлғалардың бірі. Себебі, оның тындырған ісі, қалдырған мұрасы, өсиеті -барлығы әлі күнге дейін өз маңызын жоғалтпай келеді.

«Шыңғыс хан моңғол емес, қазақ екен», «Шыңғыс хан — қан ішер емес, азат етуші», «Ол өзге дінге қиянат жасамады, оны қайта сақтап қалды», — деген пікірді айтпаған ғалым, жазбаған жазушы жоқтың қасы. Десек те, «Шыңғыс хан жаман, қанішер, көптеген қаланы қиратқан, қаншама жұртты жойған жауыз», — деген де пікір жоқ емес.

Мысалы: Әйгілі ақын, қоғам қайраткері М.Шаханов; Шыңғыс ханды жау көруіммен, сол қиратқан Отырардың перзентімін! – десе …

Мұхтар Мағауин Шыңғыс хан-мәңгілік күш-қуатымыздың айғағы деп дәріптейді. Бұл бір ғана мысал, қоғамда осыған ұқсас пікірлер жетіп артылады. Сондықтан да біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбын осы жарты әлемге билігін жүргізген Шыңғыс ханның құпия бейнесін өзімізше зерттеп, ашуға тырысып көру үшін алып отырмыз.

Сабақтың барысы:

Қазақстан Республикасының Әнұраны айтылады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті (қысқаша видео)

Дебатқа қатысушылыр:

  1. АТС 9/15-02 тобы (Ізденімпаздар)- Шыңғыс хан-Моңғол
  2. ЭиР 9/15-02 тобы  (Зерттеушілер) — Шыңғыс хан-Қазақ

Екі топ студенттері Шыңғыс ханның ұлтына  екі жақты пікір айтып, әрқайсысы өз пікірлерін  дәлелдеп шығулары тиіс: Топ басшылары сайланады.  Әр топ өз ұстанымдарын кезекпен айтып отырады, жүргізуші кезектестіріп сөз беріп отырады.

Ой қорыту:  Әр топтан топ басшылары шығып, бір ауыз сөзбен қорытынды жасайды.

Соңғы қорытынды сөз – оқытушы Н.Б.Дуйсенбаева:

         Бүгінгі дебат сабағымызға қатысып,ойларын ортаға салып,  өздерінің қазақстан тарихында  болып жатқан өзгеріске мән беріп, өзінше зерттеп, пайымдайтын, өзіндік ой-өрістері қалыптасқан зерттеушілер мен ізденімпаздар тобына айрықша рахметімді айтқым келеді.

Бүгінгі сабақта ұлы қолбасшы «Шыңғыс ханның мәлім де беймәлім бейнесін» өзімізше зерттеп ашып көруге тырыстық. Алайда бір нәрсеге екі жақты көзқараспен қарау тарих заңы, өмір шындығы. Сондықтан Шыңғыс хан моңғол ма, қазақ па, жауыз ба, жасампаз ба? деген сауалға әрбіріміз өз көзқарасымызбен жауап береріміз сөзсіз. Сабақты ҚР-ның Президенті, елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ», «Бізге бабалар тұлпарының тұяғымен жазылған ата-тарихының әр парағы ерекше қымбат. Қазақтардың бүгінгі және болашақ буыны мұны мақтан ететін болады»

Ал, Шыңғыс хан көшпенділерді қарудың күшімен біріктіргенде бір орталықтан билік жүргізуді және салық төлетуді көздеген болатын. Бұл өз кезегінде, қазақ жерінің бірігуіне жағдай жасады,-деген сөзімен аяқтағым келеді.

[bws_related_posts]

        [bws_related_posts]

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *