Басы » Бастауыш сыныптар » «Ө» дыбысы және әрпі.

«Ө» дыбысы және әрпі.

дыбБатыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
№5 орта жалпы білім беретін мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі

Кушербаева Нурсауле Магзумовна

Тақырыбы:  «Ө» дыбысы және әрпі.

Мақсаты: балаларға «Ө», «ө» дыбысы мен әрпін таныстыру. Сөздегі орны туралы түсінік беру. Сөзге дыбыстық талдау жасай білуге қалыптастыру. Ұжымшылдыққа үйрету.

Түрі: Топтық жұмыс,Ойын сабақ.

Әдіс-тәсілі: топтастыру,  ойын, сурет арқылы сөйлем құрау, мадақтау.

Алдын-ала жұмыс:  Жаңылтпаштар, мақал-мәтел тақпақ жаттау.

Көрнекілік құралдар:  интеративтративті тақта, «Ө» әрпінің баспа және жазба түрі, сюжетті суреттер, текшелер, кеспе әріптер, буындар, ребус.

Билингвалдық компонент:

Қызмет кезені Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
 Уәждемелік ынталандыру

 

 

Шаттық шеңбер:

Күлім қағып қолымды,

1, 2 деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме,

Қолымды мен бұлғайын.

Ыстық алақаныммен,

Маңдайыңнан сипайын.

Құшақтасып өзіңмен,

Амандасып алайын.

Өткенді пысықтау:

—           Балалар, біз сауат ашу сабағында

нелермен таныстық?

—          Дыбыстар нешеге бөлінеді?

—          Қандай дыбыстар?

—          Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

—          Дыбысты біз қалай білеміз?

—          Ал, әріпті?

—          Өткен аптада қандай дыбыспен таныстық?

—          «Ә» дыбысы қандай дыбыс? Ол, жуан дауысты ма, жіңішке дауыстыма?

—          «Ә» дыбысынан келетін сөздер айтайықшы.

Д/О: «Шашылған дыбыстарды жина» Р,Л,Т,А,Ш,Ж,Н,Қ,М,О, Ғ,Ә

Шарты: Дауысты дыбыстарды қызыл үйге, дауыссыз дыбыстарды көк үйге жинау.
Жарайсыңдар, балалар!

Д/О:  «Жоғалған әріпті тап»

__теш,  _ ке,  __ н,  с__н,
Өте жақсы балалар.

Ендеше бүгін біз 3 топқа бөлініп, бар білімізді ортаға саламыз. Ол, үшін мына суреттерді бір-бірден таңдаймыз.

 

—          Балалар, ортаға шеңбер бойына тұрып шаттық шеңберін орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

дыбыстармен.

 

2-ге бөлінеді.

дауысты және дауыссыз. Дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болады.

естейміз, әріптерді көреміз және жазамыз.

 

1.      Балалар, өткен әріптерді еске түсіріп, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратып орналастырады.

2.    бос орындарға әріптерді орналастырып, сөздерді оқиды.

балалар, ортадағы үй жануарларының төлдерінің суреттерін бір-бірден алып, 3 топқа бөлінеді:

І топ: Құлыншақ.

ІІ топ: Қошақан

ІІІ топ: Ботақан

Ұйымдастыру іздестіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа тақырып.

Төлдердің дауысын тыңдату. (аудио жазба)

—          Бұл қандай жануарлардың дауысы?

Олардың бір сөзбен қалай атаймыз?

—          Төл, сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз.

—          Төл сөзінде, бізге  таныс емес әріп бар ма?

—          «Ө» дыбысымен танысамыз.

—          «Ө» дыбысын айтып көрейікші.

«Ө» дыбысының дыбыстық артикуляциясы түсіндіру. «Ө» дыбысы қазақтың төл дыбысының бірі. Айтылғанда ерін алға созылып, ауыз домалақ болып жай ғана ашылады да, дыбыс ұзақ айтылады. Ұзақ айтылатын дыбыстарды қандай дыбыс дейміз?

«Ө» дыбысының таңбасы қандай пішінге, қандай әріпке ұқсайды?

—           «Ө» дыбысы дауысты жіңішке дыбыс оны қызыл текшемен белгілеуге болады.

Ендеше, бәріміз сиқырлы әріптер әлеміне назар аударайық.

Сергіту сәті:

Секіреміз топ-топ,

Шапалақтап көп-көп.

Иілеміз оңға қарай 1,2,3

Иілеміз солға қарай 1,2,3

Біз балдырған баламыз,

Оқып білім аламыз,

Дүниені аралап,

Құстай қанат қағамыз.

Тақтадағы суреттерді ата.

Өрік, өзен, өрмекші, көл, көмір, көпір.

Осы сөздерге назар аударайық. «Ө» дыбысы сөздің қай жерлерінде орналасқан?

Д/О: «Тез ойла, көп ойла»

Шарты: Ө дыбысынан басталатын сөздер.

І топ. құлыншақ тобы:  Өрік, көрік,  сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

ІІ топ. қошақан тобы: Өрмекші, өзен  сөзіне дыбыстық талдау.

ІІІ топ. ботақан тобы:  көмір, өңеш  сөзіне талдау жасаймыз.

Өрмекші, өрік, өзен сөздеріне сөйлем құрастыру. Мысалы: өзенге балалар шомылды.

Сөздік жұмыс: көмір отын, өрмекші жәндік атауы, өңеш – тамақ жүретін жұтқыншақ, көрік-ажарлы, әдемі деген мағынаны білдіреді.

Билингвальды компонент: өрік — абрикос , өрмекші – паук, өзен – река.

«Топтастыру» стратегиясы.
І топ: «Ө» әрпіне суретті топтастыру.
ІІ топ: «Ә» әрпіне суретерді топтастыру.

ІІІ топ: «Ж» әрпіне суреттерді топтастыру.
Д/О: «Тез ойла, көп ойла»

«Ө» дыбысынан келетін сөздер айту.

Дәптермен жұмыс:

«Ө» дыбысын ауада жазу.

Тақтада жазу.

Үлгі дәптерде жазу.
1 – топ.  «Жоқ буынды тап»   Ша…, өшір…, іл…,   бәй….

2 — қатар «Сөздерде неше буын бар» ойыны Ілгіш, Етік, ермексаз, аң, бесік, қолғап.
3 — қатар «Буындардан сөз құра» ойыны
Әң,  гі, ір, ге, ме,же,ке, кө, кө.

 

дыбыстарды мұқият тыңдайды.

—          Үй жануарларының балалары.

—          Төлдер. Төл, бір буын, бір дауысты дыбыс.

—          Бар, «Ө» дыбысы.

дөңгелекке, «О» дыбысына.

 

«Ө» дыбысының айтылуына назар аударады.

 

 

 

 

 

 

АКТ га назар аударады.

 

 

сергіту сәтін қызығушылықпен орындайды.

суреттерді атайды, ө» дыбысының орналасуын анықтайды.

 

 

 

 

 

сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

 

 

 

 

 

 

балалар, суретке қарап сөйлем құрастырады.

 

 

 

 

 

 

 

сөздерді қайталайды.

 

 

 

«Ө» әрпінің жанына ө әрпінен басталатын суреттерді топтастыру.

 

 

 

 

 

дәптермен жұмыстанады.

 

буын сөздерді тауып орналастырады.

 

 

 

 

 

Түзету жұмыстары Қортындылау.

«Ө» дыбысынан келетін мақал-мәтелдерді еске түсірейік.

«Ө» дыбысынан келетін өлең жаттау.

—          Балалар, бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?

—          «Ө» дыбысы қандай дыбыс?

—          «Ө» дыбысы сөздердің қай жерлерінде кездеседі?

 

 

 

Өлең жолдарын қайталап жаттайды.

 

сұрақтарға толық жауап береді.

 

Күтілетін нәтиже:

Білулері қажет: сөздерге дыбыстық талдау жасауды;

Қалыптасқан дағдылары: «Ө» дыбысының дауысты жіңішке дыбыс екенін;

Қолданады: әріп қималарынан сөздер құрап жазуды, дыбыстарды ажыратады.

[bws_related_posts]

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *