Басы » Tәрбие сағаттары » Тілім барда тірімін мен, мәңгімін…

Тілім барда тірімін мен, мәңгімін…

акерекАқтөбе облысы Шалқар ауданы

Ақтоғай орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Сексенбаева Ақерке Құлдықбиқызы

Сабақтың тақырыбы: «[bws_related_posts]»

Мақсаты: Оқушыларға қазақ тілін білудің маңызы жайлы айту. Қазақ тілі туралы өлең, мақал-мәтел, нақыл сөздерді оқыту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту. Қазақ тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Қайырлы күн, ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

Армысыздар, өрлі де асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! Құрметті ұстаздар,оқушылар!           Бүгінгі 3-сыныптың Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған «Тілім барда тірімін мен, мәңгімін…» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер  дей отыра,  сабағымызды ашық деп жариялаймыз!

ҚР мемлекеттік гимні 

Тілім менің-тірлігім

Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?

Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?

Тілім менің-тілім менің тірлігім!

 

Ана тілім- тірлігімнің тірегі

Тілмен ғана кірер адам реңі

Тілсіз қоғам-өлі мынау дүниеде,

Түсініксіз  тылсымменен бір еді.

 

Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым,бақытым,дара тілім.

 

Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі.

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас – деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз. Халық байлығы- әр елдің мақтанышы. Ол атадан-балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Олай болса, достар, өз ана тілімізді құрметтеу перзенттік парызымыз екенін ұмытпайық.

 

1-оқушы (Ақниет):   Мұқағали Мақатаев  «Үш бақытым»

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

… Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Түтін түтет,

Өс, өрбі, көгере бер,

Немерелер көбейсін, шөберелер.

Жадыңда ұста :

Жақсылық күтпегейсің!

От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,

(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)

Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,

Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!

 

2-оқушы (Құтбек):

Кейбіреулер туған тілін білмейді.
Білмесе де білгісі олар келмейді,
Туған тілін түсінбеген азамат
Өз ұлтының қасиетін сезбейді.

Қате болар туған тілін білмесе.
Тілін сатып өзге тілге бой берсе,
Тілін сатып деп айтпасам не дейін?
Туған тілін білгісі де келмесе!

Бар тілегім қазақ тілі гүлдеуі
Өзге тілмен араласып жүрмеуі.
Бұл тілімнің кемшілігі қазіргі.
Кей қазағым тілін мүлдем білмеуі!

 

3-оқушы (Әли):

Тіл сенің-

Ең қайратты арыстаның!

Қорғаның дұшпаныңмен  алысқан күн.

Тіл сенің-

Жүректегі жүйрік  елшің,

Көк орман,көк арайлы бағыстаның!

Тіл сенің-

Өмірдегі өрнек сырың,

Тіл сенің-

Көмейдегі  күміс жырың!

Аспаның ,

Айың,

Күнің,

Ауаң,

Демің,

Шат күлкің, тәтті әзілің ,тапқыр сының.

Тіл сенің-

Жігіттік , балалығың,

Өмірдегі адамдық даралығың.

Тіл сенің-

Шағын жорғаң шын тайпалар,

Сайысса саңлақ сөзде ер байқалар!

Жүйрік тіл жүректерді тебірентпесе,

Шешен деп, шежіре деп кім айта алар?

Ердің құнын  бағалар екі ауыз сөз,

Ел тағдырын шешіпті өткен біркез.

Досқа – бал,

Дұшпанға- у,

Қайран тілдің,

Достарым,қүдіретін осыдан сез!

Тіл сенің-

Тірліктегі жан ләззатың!

Тіл сенің-

Ар,

Арманың,

Махаббатың.

Адамдар бар қасиет тіл мен мида,

Ұғынсақ , сонда мейір, шапағатын!

 

Мұғалім: Тіл мәдениеті – халықтың рухани қазынасы. Қазіргі қазақ қоғамында басқа мемлекеттік саясаттар қатарында тіл  саясатын да даму үрдісі күнен-күнге шапшаңдап, ана тілі халықтың рухын, мәдениетін  жаңғыртатын мүделлі мақсаттың біріне айналды. Еліміздің бұрынғысы мен бүгінгісін , болашағын тек тіл арқылы ғана танитынымызға қазақ қоғамының көзі жеткен кезеңді бастан кешіріп отырмыз. Біз бүгін тіл тағдыры – ел тағдыры екенін нақты мойындадық, сондықтанда елімізде ана тіліміздің жан – жақты дамуына бар мүмкіндік жасалуда. Тіл- мәдениет , тіл- әдебиет, тіл-тарих. Енді бір сәт әдебиетімізге көз салайық. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ салайық.

 

«Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе , мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы – бәрінен де сеніді байлық»

Ғабит Мүсірепов

 

«Анамыздың ақ сүтімен  бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды  ұмыту»

Бауыржан Момышұлы

 

«Ана тілін ұмытқан адам, өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді»

Ғабит Мүсірепов

 

«Тіл деген – бізге өткен дәуірлерден қалған асыл мұра. Ол тіл атамыздаң ақылынан, анамыздың сүтімен  жаралған. Қазақтың өз тілі – қазақ үшін алтын бесік»

Шерхан Мұртаза

 

«Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай  ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінезі көрініп тұр»

Мағжан Жұмабаев

Ән: «Жаса, қазағым» Орындайтындар: Құтбек, Әли

 

4-оқушы (Бекзат Т.):

Туған тілім. Д. Әбілев

Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!

Туған тілім – анам тілі – өз тілім!

Туған тілім – далам тілі – өз тілім!

Туған тілім – адам тілі – өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тілі болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!

 

5-оқушы (Ақсұңқар):

Көп ғалымдар қазақ тілін айбарлы тіл деседі

Айбарлы тіл әрқашанда күндер санап өседі

Абай,Мұхтар,Шәкәрімдер сусындаған ана тіл

Дәл қазірде адам төзбес қиын күндер кешеді

Дәл қазірде бәсеңдеп тұр ана тілдің айбары

Шыбын жанын аманат қып шүберекке байлады

Бұны көріп, барлық қазақ өзге тілді игерді

Қазақ тілі қорланып,жетімдерше күйге енді.

 

 

Мұғалім: Қымбатты ұстаздар,оқушылар! Тіл мерекесіне орай әр түрлі шаралар мектебімізде өз кезегімен өтіп жатса, біздің сынып оқушылары да қалыс қалар емес.Олай болса, сыныбымыздың  әдеби-театралдық қойылымды тамашалаңыздар.

ТІЛ (Ақниет):

—-Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім.М ен наркескендей өткір едім.

Енді қандаймын?

Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым.Мен не көремедім?

Былдырлатып орысты араластырды. Мені мүлде жоқ  қылғысы келгендер де болды. Тіріде маған ара түсушілер аз болды.

 

Төле би (Жеңіс)

Жасыма!

Уа, халқым!

Көсіле шабар жерің бар,

Тай көтерген елің бар,

Қол бастайтын ерің бар.

Атадан қалған сара жолың бар,

Сөз қадірін біліңдер!

 

ТІЛ:

Төңкеріске шейін көрмегенім жоқ.Төңкеріс болмаса бейшара қазақ менен айырылатын да шығар деп едім.Төңкеріс болды.Қазақтың көзі ашылды.Қазақтың көзі ашылған соң “Менің де күнім туды ғой” деп қуанушы едім.  Оның үстіне “Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын “деген заң шықты.Төбем көкке төрт елі жетпеді.Бірақ не керегі бар, босқа қуанған екенмін…

 

Қазыбек би (Құтбек):

Налыма!

Біз қазақ деген, мал баққан еміз.Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға  үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз.Басымыздан сөзі асырмаған елміз.

 

  ТІЛ:

Жанның бәрі теңдік алып жатқан Кеңес Үкіметінің тұсында менің бұтымды бұт, санамды сан қылып кім көрінген созғылай бастады. Білім кеңесі екеш білім кеңесі де мені аямады.

Әйтеке би (Бекзат Д.):

Тамыры суда тұрса да.

Уақыты жеткенде

Қурамайтын құрақ жоқ.

Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.

6-оқушы (Дильназ) :   «Мәңгүрттену»   Мұхтар Шаханов

Шежірелі, шерлі тарих бүгіп сыр:

Тас-таңбада,

Жар аңызда бұғып жүр…

Қасіреттен

Қасиеттен оздырған,

Қазақ деген – қиып түсер қызыл тіл…

“Өнер алды – тіл” деген ғой бұл қазақ…

Туған тілді күндегенге мұз жалат!…

…Сиыр екеш сиыр да әне

Бұзауын

Мүйізіндей,

Тіліменен тұр жалап…

Өзге тілге үйір болса тіл – жалақ…

Бүгінге:

Жеткен серттей,

Серттен танып ,түңілме!

Қазақ деген,

Азат деген ұғымдай,

Азаттығы, Шындық тұнған тілінде…

Мұғалім:

Иса Байзақов айтқандай:

“Таңдамалы  тәтті  тіл-Абай тілі,

Ақынға дос, жанына тиеді жылы

Шымырлатып  денеңді, сүйсіндіріп,

Шертіледі жүректің  нәзік қылы.”

Келесі кезекті ұлағатты сөздерге бергеніміз жөн болар.

  1. Тіл тас жарады, тас жармаса  бас жарады.
  2. Піл көтермегенді, … (тіл көтереді).
  3. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
  4. Бас кеспек болса да, … (тіл кеспек жоқ).
  5. Бал тамған тілден … (у тамған).
  6. Тіл қылыштан … (өткір).
  7. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі … (ой өсіреді).
  8. Жыланның уы тісінде, адамның уы … (тілінде).
  9. Тілден артық … (қазына жоқ).
  10. Сүңгі жарасы бітер, … (тіл жарасы бітпес).

Тіл -халықтың жаны.Тілі  құрыған халық та жер бетінен жоғалады.Тіл – халықтың тұтас кескін келбеті, болмысы.Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады.Тіл байлығы – әрбір елдің мақтанышы.

Халқымыздың аса бай рухани қазынасы- туған ана тіліміз.Ол – қазақ тілі. Елімізде жүзден аса ұлт өкілдері тату-тәтті  өмір сүруде. 1989 жылы 22 -қыркүйекте қабылданған. “Тіл туралы” заңда “Тіл- халықтың ұлы жетістігі әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін бөлігі” делінген.

7-оқушы (Диана):

– Қуан далам! Қуанатын күн бүгін!

Серпіп таста, мұңды жүрек түңдігін!

Тіл туралы Заңым енді күшінде,

Паш еткендей  кескен жаңа кіндігін!

– Қуан бабам! Қуанатын күн бүгін!

Халық жауы атандың-ау сол үшін,

Ғұмырыңды құрбан етіп жолыңда ар.

Қуан анам! Ұстазыңнан сүйініп,

Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп.

Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді

Пір тұтамын мен алдыңа иіліп.

– Қуан балам! Туған тілдің киесі.

Жебеп сені болғаныңа иесі.

Тек мұнымен бітпейтінін ұғып өс,

Дүниеде тіршіліктің күресі.

– Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы,

Сүйінші деп ақын ұлың жырлады

Ел елдігі бағаланар тілімен,

Сол арқылы құлпырады, гүл бағы.

8-оқушы (Анель):

О,адамдар , құрметтейік тілді біз

Тілсіз қалай болмақ ертең күніміз

Жайылмасқа шара қылшы, ер халқым

Құнды мұраң жоғалмасқа мәңгілік

Тілсіз жұртым шөптей қурап азады-ау!

Туған тілді қорғап бақшы, қазақ-ау!

Сарқылмайтын қуат пенен күш берген

Туған тілдің қасиеті, ғажап-ау!

Мұғалім:  “Қасиетті болмасаң туған тілім

Абай, Мағжан, Мұқағали жырлар ма?” деген қандай тамаша жолдар.Біз, болашақ ұрпақ осындай ірі тұлғалар сөйлеп өткен дана тілімізді көркейтуге тиіспіз.

“Қазақстандағы жастар мынаны білуге тиіс: мемлекеттік тілді білмейінше мемлекеттік органдарға, қызметкөрсету саласында, құқық қорғау саласында, сот  саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды.Уақыт бар, мүмкіндік бар, мемлекеттің қолдауы бар, өз функцияларыңды қажетті деңгейде жүзеге асыру үшін тілді үйрену керек. ”    Н.Назарбаев

Мұғалім:

Өнер деп соққан жүрегі,

Өнерлі өрге жүзеді.

Қазақтың биін билейтін

Өнерпаз ұлан біз  едік.

Қазақ биі

9-оқушы (Айжан):

Туған тілім қазынам,алтын кенім,
Жаңа алыпқа өзіңді алып келдім.
Қош келдің туған өлке,бесігіңе,
Қасиетті бабамның тілі менің.

Дұшпандардың талайын қызыл тілмен,
Қылыштай сүйектерден тілімдедің.
Өтсе де талай ғасыр,қилы заман,
Қасиетті тілім менің бүлінбедің.

10-оқушы (Мейрамбек):

Ана тілі көңіліңе гүл егер,

Ана тілі- ғұмырым деп біле бер.

Өзге тілде сөйлей білу- бір өнер,

Ана тілде таза сөйлеу – шын өнер

Мұғалім: Қазақ халқының дархандығы, қонақжайлылығы, кеңдігі мен жомарттығы жырланған өлең-жырлар қаншама.Сол өлеңдерді сынып оқушылары сіздерге ұсынбақ. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – қазақ халқының тілі.Оның негізгі мекені –Қазақстан.

 

 Хор: Орындалатын ән «Ананың тілі»

 11-оқушы (Айнель): М.Шаханов. «Төрт ана»

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала.

Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.

Әр адамда өз анасынан басқа да

Ғұмырына етер мәңгі астана

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,

Болу керек құдіретті төрт ана

Туған жері -түп  қазығы ,айбыны

Туған тілі – мәңгі өнеге айдыны.

Жан байлығы,салт-дәстүрі- тірегі

Қадамыңа шуақ шашар үнемі.

Жаңа Туған тарихы

Еске алуға қаншама

Ауыр әрі,қасіретті болса да

Құдірет  жоқ төрт анаға тең келер

Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер

Өзге ананың ұлылығын танымас.

Төрт анасын менсінбеген пенделер

Төрт анадан сенім таба алмаған

Тамырсыздық басы қайда қалмаған

Төрт анасын сыйламаған халықтың

Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті төрт ана –тағдырыңның тынысы-

Төрт ана үшін болған күрес –күрестердің ұлысы.

12-оқушы (Ұлпан):

Тілім менің –жан жүректің айнасы

Тілім менің- бар болмыстың айласы

Тілім менің –бар қалпымның өзі боп

Асқар биік асуларды шарлатты

Осы тілде Абай айтқан талай сыр

Осы тілде қатты Мағжан талай үн

Осы тілде бар қазақтың ақыны

Шертті тарих беттерінен, қанша мұң!

Ән: «Қазақтың қара баласы»  Орындайтын Құтбек

Мұғалім: Құрметті  ұстаздар,оқушылар мерекелеріңіз құтты болғай! Тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз! Ел аман, жұрт тынышта кездескенше!

Келгендеріңізге,көргендеріңізге көп-көп рахмет! Сау болыңыздар!

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *