Басы » Баяндамалар » Көздері нашар көретін балалардың танымдық белсенділігі

Көздері нашар көретін балалардың танымдық белсенділігі

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

«Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп-интернат»

Алия Жолдасбаева

Көздері нашар көретін балалардың танымдық белсенділігі

Болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми негіздерін меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі. Үздіксіз іздену-бүгінгі күні мұғалімдерге қойылып отырған басты талаптардың бірі. Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі-әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеру. Оларды өзінің күнделікті қызметіне пайдалана білу, осы орайдағы мұғалімдердің шығармашылық еңбегі, ең алдымен сабақпен байланысты. Демек, сапалы, тиімді, әрі нәтижелі жүргізілген әрбір сабақ-ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы.

Әрбір ұстаз қандай жұмыс істесе де, жетістігін, қол жеткен табыстарын, жазған баяндама, мақалаларының, ашық сабақ материалдарын, семинардағы жетістіктерін жинақтап жүруі керек.

Қазіргі кездегі мұғалімнің жалпы  орта білім беріп, соңында алатын негізгі мақсат-мүддесі: өзін-өзі тануға, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға жеке және қоғамдық мүдделерді үйлестіре білетін мәдениетті, шығармашылық тұлғаны қалыптастырып дамыту.

Әр бала үшін ең алғаш мектепке бару ең жауапты да қиын кезең. Ал мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін бұл кезең әлдеқайда эмоцияналдық жағынан да, психологиялық жағынан да ауыр болады. Балалық шақтан мектептегі оқуға көшкенде көздері нашар көретін балаларда тағы да жалпы қиындықтар мен ауыртпалықтар көбейе түседі.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі инклюзивті білім беру қағидаларына бет бұрды. Бұл арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу.

Әсіресе, көз жанарларынан айырылған немесе көру мүмкіндіктері төмен балаларды оқытып, тәрбиелеуде, әр баланың жеке қасиеттеріне, психологиялық дамуына, қабілеттеріне, көру мүмкіндіктеріне қарап терең үңілмей білім берудің жүйелі ұйымдастырылуы мүмкін емес. Себебі көру мүмкіндіктері шектеулі балалардың дені сау балаларға қарағанда ойлау, есте сақтау, қабылдау, қабілеттері тежеліп, кешеуілдейтін оқу үрдісінде байқап жүрміз. Дегенмен, әрбір бала, мүмкіндігінше қажетті деңгейде білім алуы тиісті.

Осы орайда, көру қабілеттері шектеулі балаларға білім беріп тәрбиелеу барысында ұстаздың өз ісінде үлкен шеберлігін, баламен жете түсінісе алатындай үлкен еңбегін қажет етеді. Бұл балалармен жұмыстануда тек пән мұғалімінің сабақ беруімен шектелмей, тифло педагог, психолог, көз дәрігері, логопед мамандарымен бірлесе отырып сабақ құрылымы ұйымдастырылса, әр баланың көру қабілеттерінің деңгейін сақтай, түзей отырып, бала бойындағы танымдық белсенділіктерін дамытып, сапалы білім алуына мүмкіндік жасауға болады деп ойлаймын.

Көздері көрмейтін және нашар көретін инклюзивті білім бері үшін, алдымен білім беретін мектептегі педагогтарда оларды оқыту үшін арнайы дағдылар мен икемділіктердің болуы шартты.

Көз әйнекті үнемі тағуын және оларға күшсалмау, психологиялық сезім күйзелісіне түспеуін қадағалау қажет:

-балалардың көріп-қабылдау қабілетін дамытуға арналған арнайы түзету жаттығуларын жүйелі түрде орындау керек

-көру қабілетін дамытатын түрлі ойындар өткізу

-көру қызметі бұзылған оқушылардың тиімді оқуы мен дамуы сол баланың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, жеке даму бағдарламасын құру, даралап жұмыс жүргізу

-көз дәрігерінің ұсыныстарын орындау.

Оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге баулу 1-сыныптан жүзеге асырылады. Методологиялық негіздері: үлгіге қарап жазу, сызу, сурет салу, көшіру, қию, көрсеткен өз бетімен орындау дағдасын қалыптастыру т.б. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуге дағдыларын қалыптастыруда алғашқыда оқулықтағы кейбір жаттығулар негіз болады.

Оқушының өз бетімен жұмыс істеуге қызықтыратын ұйымдастыру формалары:

1.Сабақтарда жаппай ынтымақтастық

2.Сабақтан тыс топтық, ұжымдық

3.Жұптық тапсырмалар

4.Жеке жұмыс-жоспар бойынша дарынды баламен жұмыс

Ойын түрлері: «Өз үйіңді тап»

«Жұмбақсурет»

«Құпия сөз»

«Пойызбен қалаға бару»

«Жасырын таңба»

«Ребус шешу»

«Бауырсақ ертегісі»

Ертегі кейіпкерлері арқылы есептеу

Алдаркөсе қонаққа келді

Деңгейлік тапсырмалар

Осындай жұмыстарды іске асыруда қызығушылығын арттыру мақсатында көптеген әдіс-тәсілдер бірыңғай болмай, алмасып келіп отыру керек. Бір типті жұмыстар баланы жалықтырып жібереді. Оған мысалды көп келтіруге болады.

ӨБЖ-теріп жазу, бақылап белгілеу, үлгіге қарап орындау, құрастыру, сәйкестендіру үйлестіру, түрлендіру, ВЕНН диаграмасымен салыстыру. Осы әдіс-тәсілдерді алмастырсақ, бала қызығушылығын оятып, қабілетін ұщтап отырсақ, өз бетімен ізденуне талпыныс пайда болады. Ал өзімізге белгілі Абай атамыз айтқандай «Болмасаңда да ұқсап бақ» дегендей, баланы жетелей білу керек. Баланың өз бетімен жұмыс істеуіне ықпал ететін факторлар:

1.Мұғалімнің көмегі

2.Ата-ананың демеуі

3.Сайыстарға қатысуы

4.Танымал бола бастауы

5.Шығармағашылықпен айналысуы

Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыларын қалыптастыру белгілі бір бала бойында тұрақтылық пайда болып, шығармашылықты тудырады. Танымдық қабілетті ұштайды, дарынды оятады, нәтижелі жеке тұлға қалпын құяды.

Сабақ беру үрдісінде оқу материалдарын жалпы білім беретін мектептің оқулығынан брайльша үлестірме қағазға кітапша ретінде жазып қолданамыз. Бұл сыныпта оқитын оқушылар брайль жүйесінің алфавитін, грифельмен приборы арқылы жаза алады. Мен брайль жүйесінде жазылған қосымша көркем әдебиеттерді қолданамын. Мысалы: Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», «Батырлар жыры», «Қазақ хандары» т.б.. Сонымен қатар үлестірме қағаздар, әр балаға арнап қолдан жасалған тақталар, ойылып салынған суреттер, әр түрлі заттар арқылы берілген ребістар, ойыншықтар, магнит, Брайль жүйесіне арналған үнтаспа. Соңғы кезде технологиялық даму барысына негізделген мектебімізде Брайль компьютері және үлкейтіліп көрсететін компьютерлер бар. Үлкейтіліп көрсететін компьютерді оптикалық коррекцияны қолданғанда көзі жарықты ғана көретіндей деңгеймен (0,04-ке) дейінгі көру өткірлігі бар балалар көздері сау балаларға қарағанда, басқа сабақтар сияқты ана тілі, математика, дүниетануды меңгеру қиынырақ, өйткені бұл балалардың көздері көрмеуі немесе нашар көруімен қатар есте сақтау қабілеттері де нашар. Сабақ беру барысында әр баланың денсаулығына арналған анықтамасына сүйеніп оқытамыз. Мысалы: Ана тілі сабағында даралап немесе дамыта оқыту технологиясын қолдана отырып, егер жаттығу жұмысының көлемі көп болса көздеріне күш түсірмеу мақсатында сол жаттығудан теріп жазуға, сабақты бірнеше рет қайталап түсіндіруге тура келеді. Сабақтың соңына дейін де ұмытып қалатын оқушылар бар, сондықтан да денсаулығына қарай бағыттап, топтап оқытамын.

Қорытындылау барысында Брайльша тест тапсырмалары беріледі. Суретпен жұмыс жүргізіледі, суретті ұстай отырып өздері сөйлем құрастырады. Жатығу да жеке-жеке беріледі.

Арнаулы мектеп болғандықтан, ең бірінші коррекциялық мақсатты басшылыққа аламын. Әр сабақ сайын міндетті түрде коррекциялық жаттығулар жүргізіледі:

1.Танымдық қабілеттерін дамыту

2.Сөздік қорын дамыту

3.Қолдың кіші моторикасын дамыту

4.Сипап сезу қабілеттерін жетілдіру

5.Еске сақтау қабілетін дамыту

6.Ой-өрісін, тілін дамыту

7.Қабылдау қабілетін жетілдіру

Сонымен қатар ана тілі сабағын дүниетану, саз, бейнелеу сабақтарымен тығыз байланыстыруға болады. Өзімнің іс-тәжірибеме сүйене отырып, көбіне сыни тұрғысынан, саралап, даралап оқыту арқылу түрлендіріп отырамын.

Күтілетін нәтиже:

-Шығармашылық белсенді, жоғары адами, дені сауғ рухани өрісі бай, жоғары мәдениетті, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру

-Адамның құқығы мен бостандығын, мемлекеттік рәміздер мен қазақ халқының әдет-ғұрпы мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу;

-Біртұтас дүниелік көзқарас қалыптастыру;

-Көздері нашар көретін балалардың танымдық белсенділіктерін арттыру.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *