Малдыбаева Асия Мукановна
«Атбұлақ» жанында интернаты бар жалпы орта мектебінің
бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі,
ОҚО, Қазығұрт ауданы, Атбұлақ е/м
Тақырыбы: Киіз үй
Сабақтың мақсаты:а) білімділік: киіз үй және оның жасау — жабдықтары туралы түсінік беру.
ә) тәрбиелік: сабақ барысында өз ұлтымыздың ғасырлар бойы жинақталған құнды тәжірбиелері мен қолөнерін оқушы бойына сіңіру. Ұлттық қолөнерді қадірлеуге тәрбиелеу.
б) дамытушылық: баланың жүрегіне ұлттық сана — сезімді ұялату, танымдық қабілетін және ұлттық өнер жайлы білімін кеңейту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ (ойын)
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ — жауап, әңгіме, тарихи деректер.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, киіз үй және оның жасауларының суреттері (слайд),бүктемелер
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
— Сәлемдесу
— Оқушыларды түгендеу
— Сабаққа дайындығын тексеру.
-Оқушыларды топқа бөлу:( жұлдыз тустерге қарай),топ аттары және оны қорғау
Үй тапсырмасын пысықтау.
І.тапсырма.Сурет галлереясы. қазақтың ою-өрнегін қорғап,ілу. ( Жасырын сұрақтар)
1.Мына ою қалай аталады? «Сынық мүйіз оюы»
2.Ай,күн,жұлдыздарға космогониялық көк әлеміне байланысты өрнектерді ата «Айшық», «ай», «жұлдызша», «күн нұры», «күн сәулесі»
3.Малға малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектерді ата? Бұл оюдың негізін «қошқармүйіз» өрнегі қалайды. «Өркеш», «түйетабан», «түйе мойын», «қос мүйіз», «қошқармүйіз», «сыңар мүйіз».
1.Мына ою қалай атлады? «Түйе табан»
2.Қару құралдарына байланысты өрнек: «Балта», «ебелек», « өрім-өрмек», «өткерме», «шарбақ түйме» т.б
3.Мына ою қалай аталады? «Тышқан із оюы
1.Мына ою қалай аталады? «Гүл оюы»
2.Халқымыздың сүйікті қызы Ф.Оңғарсынованың өлеңінен үзіндіні жалғастыр
Түрінай текметтің асыл қандай?
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай,
Келеғой қошақаным өзімен деп,
Әжем кеп шашымнан жай сипағандай
Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі
Тұрғандай ана көңіл тербеп мені.
Жан бітіп жайраңдады жан — жағымда
Қазақтың қошқармүйіз өрнектері
Жаңа тақырыпты ашу: ребус шешу арқылы (Киіз үй)
Сергіту сәті: Шағымдану
ІІ.тапсырма.Берілген тақырыпты қоғау.
І-топ тапсырмасы. Киіз үй туралы мәлімет
Киіз үйдің атаулары
ІІ-топ тапсырмасы. Киіз үйдің сүйектері
Киіз үйдің ішкі баулары
ІІІ-топ тапсырмасы. Киіз үйдің шилері
Үй жиһаздары
ІІІ. Тапсырма.(Қылқалам шеберлері)Тақырыпқа сай сурет салу
І-топ. Киіз үй жиһаздары
ІІ-топ. Киіз үй бөліктері
ІІІ-топ. Киіз үйді ою-өрнектер арқылы безендіру
Сабақты бекіту: Сұрақ — жауап
- Киіз үйдің сүйектерін ата?
шаңырақ, кереге, уық, сықырлауық2.Киіз үй бөліктерін ата?
үйдің сүйектері киіздері бау — шулары(баулары мен басқұр арқандары)3.Киіз үйдің іші нешеге бөлінеді?
Төр — Үй ішіндегі ең құрметті орын, мұнда жүк жиналады, қонақтар отырады
Сол жақ — Үй иесінің отыратын және жататын орны
Оң жақ — Балалар орналасады. Босаға жақта ер — тұрмандар, киімдер ілінеді
От орны — Қасиетті орын болып саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады
Бағалау криттериі: Топ бағалауы саусақ арқылы
Сабақты қорыту:
«Маңдайша, босаға мен табалдырық,
Алты қанат кереге, қаламды оқ.
«Шіркін — ай, қандай шебер жасады», — деп
Көргенде таңдай қағып, қалам тұрып».
— Балалар, бұл өлең жолдары не жайлы?
Киіз үй – «Атамыз – Алаш, керегеміз ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған ата — бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киіз үй – қазақ халқының ұлттық мұрасы. Киіз үй тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ — мекені. Біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен — жайы, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланды. Тағы бір ерекше айта кететін жай: біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады.
Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақы үйлер пайдаланылуына қарай, сән — салтанатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді. Мысалы: қара үй, боз үй, ақ үй, ақ ала орда, ақ орда, ақ шаңқан, алтын үзік, алтын орда. Көшіп — қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық жұмыс ретінде бейімделген үй түрлері болады. Олар: қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады.
Жаңа түсініктер мен іс — әрекеттер тәсілін қалыптастыру.
Сөздікпен жұмыс
Басқұр — кереге басы туырлықты тесіп кетпеуі үшін үй айнала жүргізілетін жалпақ оюлы құр.
Құр – үй тіккенде керегелерді бір – біріне қосып байлайтын терме бау.
Туырлық – кереге бойын, шағын үйлерде шаңыраққа дейін жабатын киіз.
Ши – киіз үй бөлшегін, тұрмыс бұйымдарын жасайтын өсімдік.
Кері байланыс: Екі жұлдыз бір тілек
Үй тапсырмасы:1. Киіз үй және оның жасауы
2. Киіз үйге байланысты ұғымдар туралы жазып келу.
3. Киіз үйдің жасау – жабдықтарына қатысты сөзжұмбақ құрастыру