Галиева Ақсұлу Айтқалиқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Батыс Қазақстан облысы
Зеленов ауданы, Асан ауыылы
Асан ЖОББ мектебі
Сабақтың тақырыбы: Синонимдер
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушылардың сөз мағыналары туралы туралы түсініктерін қалыптастыру, синоним туралы жалпы мағлұмат беру. Мысалдар арқылы ойларын пысықтау, тиянақтау.
ә) дамытушылық: Түрлі әдістер пайдалана отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, байқағыштық қасиеттерін дамыту. б) тәрбиелік: Оқушыларды білімге, еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, Ж.Қараевтың кейбір элемементтері.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. а) Оқушыларды түгендеу
ә) Сыныптың сабаққа дайындығы
б) Оқушыларды сабаққа дайындау, ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау.
— Балалар, сіздердің алға қойған мақсаттарыңыз не?
— Оқу, білім алу, әдепті болу, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болу.
— Иә, дұрыс-ақ, сіздер осылардың бәрін орындасаңдар ғана тәрбиелі, білімді оқушы боласыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Үйге қандай жаттығу берілді? Кім орындап келді? (Жаттығуды оқытамын)
- Жарайсыңдар, балалар, енді өткен сабақты қорыту мақсатында бірнеше сұрақтар қоямын, соған жауап береміз.
- Қазақ тілі қандай тіл?
- Әдеби тіл дегеніміз не? Қандай сөзден шыққан?
- Әдеби тілдің қанша түрі бар?
- Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі дегеніміз не?
- Мәтін дегеніміз не?
- Лексика дегеніміз не?
- Сөздің тура және ауыспалы мағынасы дегеніміз не?
- Көп мағыналы сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?
- Омоним дегеніміз не?
- Иә, балалар, омоним дегеніміз – жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер екен. Енді мынаған көңіл бөлейік:
- Әдемі, сұлу, көркем, келбетті, ажарлы – бұл сөздер омонимге ұқсай ма, қараңдаршы?
- Жоқ, ұқсамайды, керісінше, жазылуы әр түрлі, мағынасы бірдей.
- Дұрыс-ақ, ендеше мұны біз синонимдер дейміз.Сонымен бүгінгі өтетін тақырыбымыз: Синонимдер. Дәптерлеріңізді ашып, бүгінгі күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазайық.
- Енді, бәріміз оқулығымыздың 33-бетін ашып синонимдер тақырыбын іштей оқып шығыңыздар. 5 минут уақыт беріледі.
Оқып болғанна кейін: — Ал енді қаншалықты меңгергендеріңізді тексерейін, әрі бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті. Синонимге байланысты жауаптар айтамын, егер дұрыс болса, оқушылар қолдарын шапалақтайды, дұрыс болмаса аяқтарын тарсылдатады.
- Синоним дегеніміз жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер.
- Сөздердің дыбысталуында өзгешеліктер болмауы керек.
- Сөздер бір ғана ұғымды білдіреді.
- Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болмауы керек.
- Синонимдер бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқармайды.
- Ас, тамақ, ауқат, дәм, тағам дегендер – омонимдер.
- Өң, түр, түс, келбет – зат есімнен болған синонимдер.
- Салмақты, сабырлы, байыпты, ұстамды сөздері – зат есімнен болған синонимдер.
- Сәлемдесу, амандасу, есендесу сөздері – етістіктен болған синонимдер.
- Балалар, біз әрі бойымызды сергітіп, әрі синоним туралы біршама нәрсе үйреніп алдық, енді синонимді қаншалықты меңгергенімізді білу үшін жаттығулар орындап, тексеріп көрейік.
70-жаттығу. Берілген синонимдік қатардағы сөздерді басқа сөздермен тіркестіріп, олардың қанша сөзбен тіркесе алу мүмкіндігі барын анықтау.
Үлгі: Күшті адам, күшті ат. Мықты ат, мықты адам
Бағалы, құнды, қымбат; Семіру, жуандау, толу, майлану, тойыну, қоңдану; Халық, жұрт, көпшілік;
Венн диаграммасы. Омоним мен синонимнің ұқсастығы мен айырмашылығы.
Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей
- Дәрігер, ұстаз, оқушы мұғалім сөздерінің синонимдерін тауып жазу.
- 83-жаттығу. Көп нүктенің орнына синонимдер қою.
- 72-жаттығу. Синонимдерді табу.
ІІ деңгей.
- Ар, намыс туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер жазу.
- 82-жаттығу. Берілген етістіктерді қатыстырып, күз табиғатын суреттеу.
ІІІ деңгей.
«Әдепті» сөзінің синонимдерін қатыстырып, «Әдептілік деген не?» тақырыбына шығарма жазу.
Үйге тапсырма. Синонимдерге мысалдар жазып келу
Бағалау.
[bws_related_posts]