Алматы облысы
Талдықорған қаласы
Еркін ауылдық округінің шағын орталығы бар №26 орта мектеп
Бимурзаева Асем Габдилхамитқызы
«Файлдар, бумалар, жарлықтар»
Апта: 3
Күні: 20.11.15 |
Пәні
информатика |
Мұғалімнің аты-жөні:
Бимурзаева А.Г. |
№26 орта мектеп
5 сынып |
Оқу –ісінің меңгерушісі
_______ Шакерова Г.М. |
||
Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және жарлықтар | ||||||
Сілтеме: | · 5 сынып оқулығы;
· Жаңа тақырыпқа арналаған презентация |
|||||
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға файлдар, бумалар және жарлықтар туралы білімдерін нығайту. Оқушыларға файлдар, бумалармен жарлықтармен жұмыс жасауға үйрету. | ||||||
Нәтиже: | · Оқушылар файлдар, бумалар және жарлықтар анықтамасымен танысты;
· Файлдар, бумалар мен жарлықтардың белгіленуін біледі; · Файлдар, бумалар мен жарлықтарды құруды меңгерді. · Нысандардың атын алмастыруды үйренеді. |
|||||
Түйінді идеялар: | · Файлдық жүйенің негізгі нысандарын атап бер?
· Файлдар, бумалар және жарлықтардың белгіленуі · Файлдар, бумалар және жарлықтарды құру. · Бумалардың бұтақталуы (иерархиясы) · Нысандар атын алмастыру |
|||||
Сабақтың түрі: | Аралас сабақ | |||||
Әдіс-тәсілдер: | АКТ, диалогтық оқыту, | |||||
Пәнаралық байланыс: | ||||||
Ұйымдастыру кезеңі (3 минут) | ||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||
1. Сәлемдесу
2. Сабаққа дайындықтарын қарау 3. Оқушыларды сынып журналы бойынша түгендеу 4. Топқа бөлу оқушыларды (сандар, әріптер, көмекші пернелер) арқылы 3 топқа бөлу. 1) Сандар – «Файл» тобы, 2) Әріптер – «Бумалар» тобы 3) Көмекші пернелер – «Жарлықтар» тобының партасына отырады. 5. Бағалау парағын беру, топ лидерін сайлап алу. 6.Сабақ барысымен таныстыру 7. Оқушылардың назарын сабаққа аудару |
1. Сәлемдесу
2. Оқу құрал жабдықтарын дайындау 3. Топқа бөлініп отыру 4. Бағалау парағымен танысу, лидер сайлау 5. Сабақтың барысымен танысу |
|||||
Бағалау парағына:
1. Үй тапсырмасы бойынша (жауап берген оқушыға мұғалім 1 ұпайдан береді) сол ұпайды бағалау парағындағы оқушының аты-жөні көрсетілген ұяшыққа қояды. 2. Жаңа сабақ бойынша (оқушылар өз топтарының атына сәйкес плакатқа түсінген ақпараттарын тірек-сызба немесе жазу түрінде көрсетеді. Топтан 1 оқушы тақтаға шығып, қорғайды. Топтар бір-бірін 5 ұпаймен бағалайды ) . 3. ДК-де жасалатын іс-тәжірибе бойынша (барлық оқушылар ДК отырып, мұғалім таратып берген таратпа материал арқылы жұмыс жасайды. Әр тапсырмаға 1 ұпай беріледі). 4. Жаңа сабақты бекіту бойынша (оқушылар сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап берген оқушыға 1 ұпай беріледі.) |
||||||
Үй тапсырмасын тексеру: (7 минут) 83-84 беттегі «Өзіңді тексер» тест сұрақтарына жауап беру (ауызша). | ||||||
Мағынаны тану (2 минут)
(Мұғалім жаңа тақырыппен оқушыларды таныстырады. Жаңа сабақтың мақсатымен міндеттеріне тоқталады. |
||||||
ББҮ (3 минут) | ||||||
Оқушылар ББҮ-ны толтырады | ББ бойынша параққа жазады | |||||
Білемін | Білгім келеді | Үйрендім | ||||
Қызығушылығын ояту (2 минут) | ||||||
· Жаңа тақырып бойынша презентация ашылады (файлдар, бумалар, жарлықтардың анықтамасы, белгіленуі және жұмыс үстелінде қалай құру екендігі жөнінде мағлұмат) қамтылған. | Оқушылар зейін қойып тыңдайды және дәптерлеріне керек ақпаратты жазып алады. | |||||
Сабақтың негізгі бөлімі (10 минут) | ||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||
Мұғалім оқушыларға өздерінің топ атауына сәйкес кітаптан ақпарат алып, сол түсінгендері бойынша плакатқа сызып, жазып тақтаға топтан бір оқушы шығып түсіндіреді.
(қалған екі топ бағалайды, бағалау парағына баға қойылады) |
Оқушылар өз топтарына берілген тапсырма бойынша тақтаға плакаттарын іліп, таныстырады және қорғайды. | |||||
ДК-де орындалатын іс-тәжірибелік жұмыс (10 минут) | ||||||
Оқушылар іс-тәжірибе барысында
· Жұмыс үстеліне өз аттатырмен бума құрады · Буманың ішіне мәтіндік редакторда жазылған файл құрады · «Менің құжаттарым» бумасының жарлығын жұмыс үстеліне бекітеді · Бұмалардың бұтақталуы (иерархиясын) құрады |
||||||
Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 минут) | ||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||
Кері байланыс жаңа сабақ бойынша сұрақ-жауап арқылы бекіту
1. Файл деп нені атаймыз? 2. Файлдың атын жазғанда қандай символдарды қолдануға болмайды? 3. Бума дегеніміз не? 4. Буманы қалай құрамыз? 5. Жарлық дегеніміз не? 6. Бұмалардың бұтақталуы (иерархиясы) дегенімізді қалай түсінесін |
Сұрақтарға жауап береді. | |||||
Үй тапсырмасы (1 минут) | ||||||
§ 11 85-94 оқу, 95-96 беттегі «Өзіңді тексер!» дәптерге орындау | ||||||
Бағалау (2 минут) | ||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||
Бағалау парағына қойылған бағамен қоса іс-тәжірибенің бағасын қоса отырып, ортақ баға қою. | Оқушыларорындаған, жауап берген тапырмалары бойынша топ лидері бағалау парағына баға қояды. | |||||
Рефлексия (2 минут) | ||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикер таратады. | Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып тақтада ілініп тұрған смайликтерге іледі. | |||||
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
- Жұмыс үстеліне өз есімдерінмен бума құрыңдар.
- Буманы ашып, MS Word мәтіндік процессорынның құжатын аш.
- Ашылған жаңа құжатқа «Күз» атын беріп, сақтаңдар.
- «Күз» өлең жолдарын теріп жазыңдар.
Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш, қурай.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
(А.Құнанбайұлы)
- «Менің құжаттарым» бумасының жарлығын жұмыс үстеліне бекітеді.
Оқушының аты-жөні: _______________________________________________________
Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және жарлықтар Күні: 20.11.2015 ж
Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
|
Пәні: информатика
Күні: 20.11.2015 ж
Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және жарлықтар
Файлдар тобының бағалау парағы
№ | Оқушының аты-жөні | Сабақтың барысы | |||
Үй тапсырмасы | Жаңа сабақ
(плакатты қорғау) |
ДК-де
іс -тәжірибе |
Бекіту
сұрақтары |
||
1 |
|
||||
2 |
|
||||
3 |
|
||||
4 |
|
||||
5 |
|
||||
6 |
|
[bws_related_posts]