Алматы облысы
Талдықорған қаласы
Еркін ауылдық округінің шағын орталығы бар №26 орта мектеп
Бимурзаева Асем Габдилхамитқызы
Пән: информатика | Сыныбы: 6 | Оқыту тілі: қазақ | Мерзімі:5.12.2015ж | ||||||
Сабақтың тақырыбы: | Модель және модельдеу | ||||||||
Сабақтың мақсаты: | Модель термині түсіндіріледі, модельдеу түрлерін үйренеді, зерттеушілік диалог арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы арттырылады. | ||||||||
Сабақтың міндеттері: | 1. Оқушыларға модель ұғымы, модельдеу және модельдеудің кезеңдері жайлы ақпарат беріледі;
2. Оқушылардың қоршаған ортадағы модель түрлерін анықтай білу қабілеттері дамытылады; 3. Әр оқушының сын тұрғысынан ойлап, ой қорыта және қорғай білуге қол жеткізіледі. |
||||||||
Сабақтың табыс криттерийлері: | 1. Модель және модельдеу түсініктері талдау және диалог арқылы іске асады;
2. Модель түрлерін ажыратып үйренеді; 3. Оқушылар модель құруға дағдыланады. |
||||||||
Сабақтың түрі: | Жаңа сабақ, оқушы топпен және жекелей жұмыс жасайды. | ||||||||
Сабақтың әдіс-тәсілдері: | «Шаттық шеңбері» тренингі, «Жұлдыздар» әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «Кубизм» стратегиясы, «Инсерт» әдісі. | ||||||||
Көрнекілігі: | Тақырыпқа қатысты суреттер, презентация, түрлі-түсті маркерлер, плакаттар. | ||||||||
Сабақта қолданатын құралдар: | Интербелсенді тақта, дербес компьютерлер; | ||||||||
Пән аралық байланыс: | Қазақ тілі, биология, бейнелеу өнері | ||||||||
Сілтеме: | Информатика пәнінен 6 сыныпқа арналған оқулық | ||||||||
САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ | МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ | ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ | МОДУЛЬ, ӘДІС-ТӘСІЛДЕР | ||||||
І. Ұйымдастыру кезеңі | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
1. Сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару 2. Психологиялық дайындық: «Мен саған…» тренингін өткізу |
1. Оқушылар дөңгеленіп щеңбер құрады, бір- бірімен амандасады.
2. «Шаттық шеңбері» тренингі арқылы оқушылар бір-біріне тілек білдіреді. |
«Шаттық шеңбері» тренингі | ||||||
3. Оқушыларды үш түсті (қызыл, жасыл, көк) жұлдызшалар арқылы үш топқа бөлу. Оқушылар өздері қалаған жұлдызды алады. Оқушылар «Компьютер», «Ақпарат», «Информатика» топтарына мұғалімнің бағыт беруі арқылы жайғасады. | 1. Оқушылар столдағы жұлдыздардың ішінен бір ғана жұлдыз алады. Мұғалімнің бағыт беруімен парталарына отырады. | «Жұлдыздар» әдісі, оқушыларды топқа бөлу | |||||||
І.Білу
Үй жұмысын тексеру |
«Миға шабуыл» әдісі
Презентацияда өткен сабаққа байланысты сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап берген оқушыларға дөңгелек ұпай беру. |
Оқушылар сұрақтарға жауап қайтару тиіс | «Миға шабуыл» әдісі
|
||||||
ІІ. Түсіну
Жаңа сабақ |
«Модель және модельдеу» тақырыбына байланысты видео көрсетіледі.
Видео көрсетіліп жатқан уақытта жазбаша үй жұмысы тексеріледі. Құлақтың және жасушаның модельдері көрсетіліп, модель және модельдеу терминдері тағы да түсіндіріледі. |
Оқушылар жаңа тақырыпты мұқият тыңдайды, модель және модельдеу терминін дәптерге жазады.
|
Оқулықпен жұмыс | ||||||
ІІІ. Қолдану | |||||||||
ІV. Талдау | 1. КУБИЗМ стратегиясы
Суретте: Модельдеуге тым үлкен немесе тыс кішкене объектінің суретін сал. Салыстыру: Модель және модельдеудің айырмашылығы неде? Зертте: Модельдеу кезеңдерін зертте! Қолдан: Кеменің моделін топтың көмегімен салады (Дербес компьютер қолданады) 2. Бекіту: Сұрақ: 1. Модельдеудегі түпнұсқаның маңызы қандай? 2. Бір нысанның көптеген модельдері болуын қалай түсіндіресіз? |
Топтық жұмыс
І топқа: 1) Сурет салады, неге ол суретті салғанын түсіндіреді ІІ топқа: 2) Венн диаграммасы немесе өз қалауларына қарай айырмашылығын түсіндіреді ІІІ топқа: 3) Компьютерде кеменің суретін салады.
|
|||||||
V. Жинақтау | «Инсерт» әдісін пайдалану:
|
Оқушылар «Инсерт» әдісі қолданатын таратпа қағаздарды толтырады. | |||||||
VІ. Бағалау | Оқушылар жинаған ұпайлары бойынша бағалау. | ||||||||
Үй тапсырмасы беру: | 1. Өз бөлмелерінің, үйінің моделін құрып келу. (ДК-де)
2. Қағаз, мата, түйме, т.б. қолданып модель құрып келу. |
Күнделікке жазып алу | |||||||
Қоштасу | Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! |