Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы
Қосымша білім беру педагогы
Уксукбаева Гүлнар Сапарғалиқызы
Сабақтың тақырыбы: Ғарышкерлер
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров және Юрий Гагарин жайлы шығармашылығы мен сіңірген еңбегі жайлы таныстыру, ғарыш айлағы космос жайлы ұғымдарын кеңейту. Ғалам құпияларын оқып білуге шақыру, өз елін, жерін сүюге қадірлеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Құрал- жабдықтары: Компьютер, көрнекі құралдар,тақтамен ,суреттер, чертеждар
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру,ой-қозғау, өзбетінше жұмыс, әңгімелеу, баяндау, топтастыру, сұрақ-жауап, жеке шығармашылық, ауызша, жазбаша.
Сабақ жоспары:
- Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды сабаққа даярлау
ә) Назарларын сабаққа аудару.
б) Сабақтың мақсат-міндетімен таныстыру.
- Сабақтың мақсат-міндетімен таныстыру.
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың және Юрий Гагариннің өмірі,шығармашылығы мен халқына сіңірген еңбегі жайлы танысамыз, сонымен қатар сендерді ғалам құпияларын зерттеп білуге шақырамын.
III.Өткенді бекіту.
- Жаңа сабақ. Жаңа мағынаны тану.
Ал бүгін біз сендермен тағы бір маман түрімен танысамыз – бұл ғарышкер. Балалар 1961 жылы 12 сәуірде тұнғыш ғарышқа адам ұшты. Бұл адам Кеңес одағының азаматы Юрий Гагарин болатын. Содан бері 12 – сәуір Ғарышкерлер күні мерекесі болып аталып келеді. Ю. Гагарин тұнғыш рет ғарышқа жол салған, сол күннен бері 51 жыл уақыт өтті. Осы жарты ғасыр ішінде ғарышта әртүрлі елден жүздеген ғарышкерлер болып, көптеген зерттеу жұмыстарын атқарды. Юрий Алексеевич Гагарин 1934 жылдың 9 наурызында Ресейдегі Смоленск облысының Клушино ауылында дүние келген. Бірінші сыныпқа 1941 жылы барған ол неміс оккупациясының әсерінен 1943 жылы ғана оқуын жалғастырды. Осылайша 6 сыныпқа дейін мектеп табалдырығын тоздырып, одан соң, кәсіптік училищеге түсіп, білім алуын жалғастырды. 1961 жылы оның өмірінде ерекше оқиға орын алды. Осы жылдың 12 сәуірінде Гагарин «Восток» кемесімен ғарышқа ұшып, жерді айналып шықты. Осы батылдығы үшін ғарышкерге Хрущевтың нұсқауымен майор атағы берілді. Жерге орала салысымен, оны сән-салтанатпен күтіп алып, мақтау мен мадақтаудың астында қалдырды. Кейін Чехословакия, Болгария, Финляндия, Англия секілді мемлекеттерге саяхат жасап, көрген-білгендерімен бөлісіп, ел-жұртты аралады Кейінірек «Союз-1» кемесінде Владимир Комаровтың дублері болды.1968 жылдың 27 сәуірінде УТИ МиГ-15 ұшағы апатқа ұшырап, борттағы Юрий Гагарин мен полковник Владимир Серегин қаза тапты. Оның туған қаласы қазіргі таңда өзінің есімімен аталады.Гагарин 1951 жылы Саратовтағы индустриалды техникумға түсті. Сонымен қатар, аэроклубқа барып жүрді. Осылайша бір жылдан соң, алғаш рет Як-18 ұшағына отырып, ұшу бақытына ие болды. 1957 жылы Орынбордағы ұшқыштар училищесіне түсті. Кейінірек медициналық тексеруден өткеннен кейін, 1960 жылы ғарышкерлікке кандидат атанды.
- (Видео) Юрий Гагарин туралы үзінді көрсету
2) (слайдтар арқылы суреттер көрсетіліп тұрады) Бүгін біз қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров туралы кеңінен мағлұмат аламыз. Солардың ішінде біздің Қазақстан еліміздің батырлары да бар. Ол ғарышқа ұшқан тұнғыш қазақ Тоқтар Әубәкіров ағаларың. Ол ғарышқа бір емес, үш рет ұшқан Талғат Мұсабаев ағаларың. Биыл Тоқтар ағамыздың да ғарышқа ұшқанына 21 жыл толады. Ендеше осы біздің Қазақстан елінің азаматтарын Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевты әрқашан мақтан етіп жоғары бағалауымыз керек. Балалар, мына суретке назар аударыңдаршы, бұл суретте біздің Қазақстан Республикасының тұнғыш ғарышкерлері – Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев, тұнғыш ғарышқа ұшып ғарыш саласында қызмет жасады. Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы шілденің 27-де Қарғанды облысы Қарқаралы ауданында, 1 май ұжымшарында дүниге келеген. Ұлты –қазақ.Білім жоғары.Техника ғылымдарының докторы, академик авиация генерал-майоры,1965- 1969 жылдары Армавир әуе қорғанысы ұшқыштарының жоғары әскери оқу орнында оқыған, ұшқыш-инженер.Біздің жеріміз орман, тау, өзен, көл, өмір сүретін ортамыз бәрімізге ортақ.Біздің өмір сүретін ортамыз-Жер планетасы. Ғарыш әлемін көру үшін Зымыранмен ұшу қажет. Зымыран жер мен аспан арасындағы ең жедел транспорт.Зымыранмен ұшып барған ғарышкерлер ғарыш әлеміндегі өзгерістерді суретке түсіріп, ондағы ауа мен топырақты зерттейді.Оны жерге хабарлап отырады. Ғарышқа ұшатын ғарышкерлер арнайы киімдер киеді. Ол СКАФАНДР деп аталатын киім ғарышқа ұщуға лайықталған киім. Балалар, ғарышкер болуды армандайтын бала жоқ шығар? Ал ол үшін білімді, зерек, күш – қайраты мол азамат болып өсулерің керек. Өйткені, ғарышқа кез келген адамды ұшыра бермейді. Сол үшін оқуларыңды жақсы оқып, тәртіптерін жақсы болып Тоқтар ағаларың сияқты Қазақстанның бетке ұстар азаматтары болуларыңа тілектеспін.
Бүгін біздің балаларымыз, осы ғарышкерлерге арнап тақпақтарын айтып бермекші:
1-оқушы.
Аспан, аспан, арайлым,
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шаламын,
Мен ғарышкер боламын!
2-оқушы
Таңдай үлкен талабым,
Мен бармақтай баламын.
Көктің жүзін барлаймын,
Мен ғарышкер боламын!
3-оқушы
Сапарға енді ғажап тым,
Тоқтар тартты алысқа.
Туған ұлы Қазақтың,
Тұнғыш ұшты ғарышқа!
4-оқушы
Бет түзеймін алысқа,
Бағытымнан аумаймын!
Шетсіз- шексіз ғарышқа,
Зымыранмен ұшамын!
5-оқушы
Тоқтар менен Талғат,
Ғарышқа ұшты самғап.
Ел мерейін өсірді,
Көк пен жерді жалғап.
6-оқушы
Көк пен жерді жалғаған,
Космодром – Байқоңыр.
Кораблынен самғаған,
Космодром – Байқоңыр.
7—оқушы
Қанаттылар мекені,
Қазақ жері, Байқоңыр.
Қай жер саған жетеді,
Ғажап жерім, Байқоңыр!
8—оқушы
Тоқтар – тұнғыш ғарышкер,
Арман қуып жасынан.
Көктен көзін алмаған,
Ұшқыш болды жас ұлан,
Аспанда еркін самғаған.
Сергіту сәті
Ал енді балалар, сергіту сәті ретінде ойын ойнауға шақырамын. (Ертегі)
- Практикалық жұмыс
Ал балалар біздер бүгін теорияны практикамен ұштастырамыз
Әскери самолетін жасау. «F-117 ночной ястреб» Қағаздан жасалған сызбалардан самолет жасаймыз.
Топтастыру.
Профессор
депутат,саяси қызметкер ұшқыш
инженер Тоқтар Әубәкіров ардақты әке
генерал-майор
ғарышкер
білімді
- Сабақты қорытындылау
1) Аэродромға жасалған самолеттерді қондыру.
2) Жаңа сабақты қорытындылау. Кесте түрінде ( Білем,Білгім келеді, Білдім) тақтаға сұрақ -жауап арқылы плакатқа маркермен толтыру.
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды белгілеу. Мақтау арқылы көңіл — күйлерін көтеру
VII. Рефлекция Смайликтар арқылы
[bws_related_posts]