Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы
Қосымша білім беру педагогы
Уксукбаева Гүлнар Сапарғалиқызы
Сабақтың тақырыбы: Жеңіл көлік үлгісін құрастыру
Сабақтың мақсаты: Көлік түрлерін таныстыра отырып, олардың пайдасы туралы түсінік қалыптастыру, әртүрлі салаға қажетті көлік түрлерін ажыратуға үйрету. Автокөлік техникасына қызығушылығын арттыру,оқушыларды макет үлгісі бойынша қатты қағаздан жасалынатын (машина үлгісін жасап уйрету, бұрыш бөлшектерін бекіту тәсілдерін үйрету. Оқушыларды машина үлгісін жасау барысында қызығушылығын ояту.
Құрал- жабдықтары: суреттер, сызғыш, қайшы, қарандаш,проектор
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру,ой-қозғау, өзбетінше жұмыс, әңгімелеу, топтастыру, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды сабаққа даярлау
ә) Назарларын сабаққа аудару.
б) Сабақтың мақсат-міндетімен таныстыру.
- Сабақтың мақсат-міндетімен таныстыру.
III. Жаңа сабақ.
Қазір мен сендерге жұмбақ жасырам
Өзі сөйлеу білмейді, Бірақ «Тоқта , Жүр !» – дейді. Бұл не? Балалар жұмбақтың шешуін табады.Бұл – бағдаршам.Енді «Бағдаршам» ойынын ойнайық. Ойын шарты:Мен сендерге бағдаршамды көрсетемін. Оның жасыл түсі жанса, аяғымызды тоқылдатамыз, сары түсі жанса, қолымызды шапалақтаймыз, қызыл түсі жанса бір орында тұрып қаламыз.
-Ой, балалар біреу есік қағып тұр. Бұл кім болды екен? Бұл Тазша бала ғой. Балалар қағылған есікке елең етіп,Тазша баланы қарсы алады.
Тазша бала: -Сәлеметсіңдер ме балалар!
Бұл менің көлігім. (Үлкен машинамен кіріп келеді) Сендер басқа да көлік түрлерімен танысқыларың келе ме?
Онда балалар көшеге саяхатқа шығайық
(Балалар автобусқа отырады. Бір бала автобус жүргізушісі болады.)
(Экранға назар аудару)
Жалпы жеңіл машина туралы жалпы түсінік. (Слайд арқылы)
Машина жасау өндіріс саласы ретінде Ұлы Отан соғысы жылдарында эвакуациямен көшіріліп әкелінген кәсіпорындардың негізінде құрылды.Металлургиялық құрал-жабдык (Алматы), автоматты сығымдау (Шымкент), аппаратураларын (Ақтөбе), автокөлік қозғағыштарын (Петропавл), ауыл шаруашылық техникасын (Астана) шығаратын ірі зауыттар осылайша пайда болды.Соғыстан кейінгі жылдарда ондаған машина жасау зауыттары салынды.Әзірге біздің елімізде тек құрастыру көсіпорындары ғана құрылған. Олардың ішіндегі ең ірісіне Өскемен (жеңіл автокөлік),Көкшетау (жүк таситын автокөлік), Семей (автобус) қалалары жатады. Өскемендегі «Азия-Авто» автомобиль құрастыру зауыты казірдің езінде олар аккумуляторды Талдықорғаннан алады. Болашақта бөлшектер мен басқа материалдардың 50%-ын Қазақстанның зауыттары шығаратын болады.Машина жасаудың дамуына шетелдік серіктестермен біріккен кәсіпорындар (Оңтүстік Корея, Ресей, Қытай, АҚШ) жағдай жасайды. Олар автомобиль, трактор, компьютерлік құралдарды жасау немесе дамытуға ықпал ететін болады.Мысалы, Қызылордадағы ауыл шаруашылық машиналарын шығаратын зауыт — күріш жинайтын машина, Астанадағы зауыт — тұқым сепкіш трактор, Павлодардағы зауыт — тракторлар шығарады. Мысалы, Степногордагы зауыт темір жол подшипниктерін, Қостанайдағы — ауыл шаруашылық машиналары үшін дизель қозғағыштарын, ал Талдықорғандағы — аккумуляторлар шығарады.Мысалы, Өскемендегі автокөлік құрастыру зауыты автокөліктерді тек дайын бұйымдар жиынтығынан құрастырады.. Кез келген автокөлік түрлі белшектерден (мысалы, электровоздарда олардың саны 200 мыңнан астам) тұрады. Бір зауытта олардың барлык түрлерін шығару мүмкін емес және тиімсіз.Сондықтан бір зауыт екінші біреумен кооперативтендіріледі. Мысалы, «Азия-Авто» зауыты «Нива» көлігіне аккумуляторларды Талдықорғаннан әкеледі.
Балалар қараңдаршы, көшеде көлік түрлері өте көп екен. Қане қандай көліктерді көріп отырсыңдар? (Сурет бойынша әңгіме. )
(Балалар суретке жеңіл көлік түрлерін айтады).
Балалар көлік туралы кім жұмбақ біледі?
-Ал, Тазша бала сен қандай жұмбақ білесің?
-Тазша бала жұмбақ жасырады:
1)Құстан аумайды,
Көкке заулайды, (ұшақ)
2) Көше бойлап аяңдайды
Адам тасып аялдайды. (автобус)
3) Табанында жолы бар,
Төбесінде қолы бар. (трамвай)
4) Сымға асылып, жүр асығып. ( троллейбус)
5) Ала таяқ ұстаған ,
Жол тәртібін нұсқаған .
Өміріңді күзеткен ,
Ысқырығы түзеткен. (Жол сақшысы)
6). Көше бойлап аяңдайды ,
Адам тасып аялайды. (Автобус , троллейбус)
7).Көліктің қаншасын жанынан өткізген ,
Іргеден басталып , алысқа жеткізген . ( Жол )
8).Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та ,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та . ( Бағдаршам)
- Практикалық жұмыс
Алдын ала берілген өлшеммен қатты қағаздан машина үлгісін жасау.Жұмысты женіл машинаның макетін көрсетуден бастаймын. Бүгін біз мына жеңіл машина үлгісін жасаймыз.Оқушыларға сұрақ кою арқылы мына машина қандай деп аталады.
Қауіпсіздік ережесін түсіндіру. Балалар қауіпсіздік ережесін есімізге салып жіберейік.
Ал балалар біз сіздермен қазір жеңіл көлік ( VAZ-2131 NIVA ) үлгісін құрастырамыз.
Тазша бала: Менде сіздермен машина құрастырғым келеді.
Сергіту сәті
Аппақ болып таң атып, /құшағын кең ашады/
Түтін тікке ұшады /қолдарын толқындата жоғары көтереді/
Қарлығаштар қанатын /қанатын жаяды/
Самғап биік ұшады /құсша қанат ұшады/
- Сабақты қорытындылау
Тазша бала -Ал балалар, мен сендермен бірге болғаныма қуаныштымын. Енді қайтайын . Сау болыңдар! (Балалар Тазша баламен көшеге саяхатқа шыққаны үшін алғыс айтып, онымен қоштасады
Машина жасау өндіріс саласы ретінде Ұлы Отан соғысы жылдарында эвакуациямен көшіріліп өкелінген кәсіпорындардың негізінде құрылды.Металлургиялық құрал-жабдык (Алматы), автоматты сығымдау (Шымкент), аппаратураларын (Ақтөбе), автокөлік қозғағыштарын (Петропавл), ауыл шаруашылық техникасын (Астана) шығаратын ірі зауыттар осылайша пайда болды.Соғыстан кейінгі жылдарда ондаған машина жасау зауыттары салынды. Аспап жасаудың, электротехникалық өнеркәсіптің, трактор жасаудың жаңа салалары пайда болды. Яғни машина жасау салаларының кешені калыптаса бастады.1990 жылдардың басында машина жасау кешенінің құрамында 2500-дей өнім түрлерін шығаратын 370 зауыт болды. Дегенмен, машина жасаудың жалпы даму деңгейі бойынша Қазақстан басқа одақтас республикалардан бірталай артта калып келді. KCPO-да ол жалпы өнім шығарудан үшінші, ал машина жасаудан он екінші орындағы республика болды.Бірақ кешеннін, құрылымы Қазақстан үшін қолайлы болмады.Барлық зауыттардың 1/3 белігі тек ескірген техниканы жөндеумен айналысса, ал тағы да сондай бөлігі металл конструкцияларын өндірді. Қалған бөлігінің жартысын Қорғаныс-өндірістік кешен (ҚӨК) құрады.1990 жылдары машина жасау кешені оның өнімдеріне деген сұраныстың күрт төмендеуіне байланысты терең дағдарыс жағдайында болды. Басқа республикалардағы кәсіпорындармен көптеген өндірістік байланыстар үзілді. ҚӨК зауыттарының алдында өндірісті конверсиялау, яғни халық пен экономикаға кажетті өнім шығару міндеті тұрды. Конверсия өте баяу жүрді. Өнеркәсіптердің барлығы жаңа жағдайға бірден үйреніп кете алмады. Нарықтық қатынасқа табысты етудің мысалын Петропавлдағы зауыттардың бірінен көруге болады.
Қазір зауыт Қазақстанның мұнай жөне газ өнеркәсібіне жұмыс істейді. Олар техниканың жаңа түрлерін — шағын бұрғылау қондырғыларын, ұңғымаларды жендеуге арналған автокөліктердің көтергіш қондырғыларын шығарады.Қазіргі уақытта машина жасау кешенінің құрамында 1500-ден астам кәсіпорын бар.Онда өндірістің барлық салаларының арасында ең көп (13%) жүмыскерлер қызмет етеді. Бірак кешеннің өнім өндіру үлесі небөрі 3%-ды ғана құрайды.Сендер Қазақстанның түрғын халқының шағындығына байланысты, машина жасаудың барлық салаларын бірдей жоғары деңгейде дамыту мүмкін емес екендігін түсінесіңдер. Сондықтан олардың алдында ең маңыздылары мен болашағы барларын таңдап алу міндеті тұр.Оларға, ең алдымен мұнай, металлургия, ауыл шаруашылық жөне көліктік машина жасау салаларын жатқызуға болады. Алғашқы үш сала Қазақстанның экспорттық өлуетінің өсуіне ықпал етуі тиіс. Көліктік машина жасаудың міндеті — ел ішіндегі көптеген әндірістердің дамуына жағдай туғызу (72-сурет).Өзірге біздің елімізде тек құрастыру көсіпорындары ғана құрылған. Олардың ішіндегі ең ірісіне Өскемен (жеңіл автокөлік),Көкшетау (жүк таситын автокөлік), Семей (автобус) қалалары жатады. Өскемендегі «Азия-Авто» автомобиль құрастыру зауыты казірдің езінде олар аккумуляторды Талдықорғаннан алады. Болашақта бөлшектер мен басқа материалдардың 50%-ын Қазақстанның зауыттары шығаратын болады.Машина жасаудың дамуына шетелдік серіктестермен біріккен кәсіпорындар (Оңтүстік Корея, Ресей, Қытай, АҚШ) жағдай жасайды. Олар автомобиль, трактор, компьютерлік құралдарды жасау немесе дамытуға ықпал ететін болады.3. Машина жасаудағы мамандану мен кооперативтендіру.Машина жасау кешенінің орналасуына бірқатар қиыншылықтар әсер етеді. Ең алдымен бұл — шығарылатын енімдердің күрделілігіне байланысты. Ол кәсіпорындардың салалары мен ішкі салалық маманданудың қажеттілігін туғызады.
Машина жасаудағы мамандану
Маманданудың үш түрі — бұйымдық, тетіктер мен бөлшектер шығару жөне технологиялық түрлері бар.Машина жасаудың әр саласы белгілі бір өнім түрлерін: трактор жасайтын — тракторлар, станок жасайтын — станоктар, аспаптар жасау — аспаптар шығарады. Бір салаға өнім шығаратын зауыттар сол өз саласына орай маманданады. Мысалы, Қызылордадағы ауыл шаруашылық машиналарын шығаратын зауыт — күріш жинайтын машина, Астанадағы зауыт — тұқым сепкіш трактор, Павлодардағы зауыт — тракторлар шығарады. Өнімдер бойынша ондай мамандануды — бұйымдық мамандану деп атайды.Машина жасау зауыттары, кеп жағдайда, дайын өнім емес (станок, автомобиль), оның бөлшектерін шығарумен айналысады. Ондай мамандануды бөлшектер бойынша мамандану деп атайды. Мысалы, Степногордагы зауыт темір жол подшипниктерін, Қостанайдағы — ауыл шаруашылық машиналары үшін дизель қозғағыштарын, ал Талдықорғандағы — аккумуляторлар шығарады.Машина жасау зауыттарының үшінші бір түрі — технологиялық мамандану.
Машина жасау кезеңдері
Машина жасау үш негізгі технологиялық кезеңнен тұрады . Бірінші кезең — құю, соғу немесе сығымдау арқылы бөлшектер даярлау. Екіншісі — бөлшектерді станоктарда механикалық өңдеуден өткізу, ал үшіншісі — бөлшектерден дайын өнімдер құрастыру. Егер зауыт ендірістің барлық үш кезеңін жүзеге асырмай, тек біреуімен ғана айналысса, ол технологиялық мамандану, яғни технологиялық процестер кезеңі бойынша мамандану болып табылады. Мысалы, Өскемендегі автокөлік құрастыру зауыты автокөліктерді тек дайын бұйымдар жиынтығынан құрастырады. Яғни бұл — технологиялық мамандану болып саналады.Кез келген мамандану (технологиялық, тетіктік, бұйымдық) кәсіпорындар арасындағы кооперативтендірусіз (ынтымақтасусыз) мүмкін емес. Кез келген автокөлік түрлі белшектерден (мысалы, электровоздарда олардың саны 200 мыңнан астам) тұрады. Бір зауытта олардың барлык түрлерін шығару мүмкін емес және тиімсіз.Сондықтан бір зауыт екінші біреумен кооперативтендіріледі. Мысалы, «Азия-Авто» зауыты «Нива» көлігіне аккумуляторларды Талдықорғаннан әкеледі.Сонымен, машина жасау кешені салааралык емес ішкі салалық дамуымен ерекшеленеді
Жұмыстың соңында, оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерн тексеруге сұрақтар қойып, қағаздан жасалган машинаны макетпен салыстырыд