№2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп – интернаты
Шамаева Назира
Кешірімді бала-кішіпейіл бала
Сабақтың мақсаты: «Кешірім» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу.
Міндеттері:
- Кішіпейілділік,кешірімділік туралы түсініктерін кеңейту;
- Кішіпейілдікке бейім қабілеттерін дамыту;
- Кішіпейіл,кешірімді болуға тәрбиелеу;
Түрі: ашық тәрбие сағаты
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,дәйекті сөздер,күннің,бұлттың, суреті,үлестірмелі парақтар.
Сабақтың барысы
Шаттық шеңбері
Оқушылар шаттық шеңберіндегі тәрізді бір-біріне қарама-қарсы бағытта қатар құрып тұрады.Шаттық шеңберінде мұғалім оқушылармен амандасып,олардың бір-біріне ізгі тілектерін айтып,кішіпейілділік танытуға ұсыныс жасайды.
Адамдарға кешіріммен қарайтын,
Жан жылуы жылылық боп тарайтын.
Кішіпейіл бала бол.
Айналасын нұрлы күнге балайтын.
Бұл өлеңді оқу арқылы мұғалім оқушы бойындағы кешірімді болу,кішіпейіл болу сияқты жақсы қасиеттерді қолдау,дәріптеу мақсатын көздейді.
Оқушыларды топтастыру:
Оқушылар бір-біріне тілек айта отырып шар береді сол үш түрлі шар бойынша 3 топқа бөлінеді.Әр топ өздеріне берілген топ атауын таныстырып өтуі қажет.Топты таныстырып болғаннан соң үш топты «Алтын ережемен» таныстыру.
Алтын ереже
1.Тыныштық сақтау.
- Бір-бірін тыңдау.
- Ұйымшылдықпен жұмыс жасау
- Ортақ келісімге келу.
- Тапсырмаларды жылдам орындау.
- Уақытты тиімді пайдалану.
- Жеңіске жетуге талпыну.
1.Бөлім: Қазақ халық ертегісін көрсету.
(Ертегі көрсетілгеннен кейін әр оқушыдан не түсінгені сұралынады.)
2.Бөлім:Тақырыпты ашу.
Тақырыпты ашу үшін оқушылармен қысты еске ала отырып Қар кесегі ойынын ойнату.
3.Бөлім:Постермен жұмыс
(әр топқа таратылған қиынды суреттерді құрастырып,әңгіме құрау)
4.Бөлім:Өз-өнерін көрсету.
Үш топқа бөлу арқылы дайындалады.
(Әр топ мүшелерінің өздері дайындаған,Кішіпейілділік тақырыбындағы шағын көрсетілімдерін көрсетеді және мақал-мәтелдерін айтады және сөз құрастырады)
І-топ Көрініс ІІ-топ Мақал-мәтел. ІІІ-топ Сөз құрау.
Бауырсаққа көмектес
Ойын
(Сабақ үстінде балалардың жалығуымен шаршағандығын ұмыттыратын тәсіл.Осы тәсіл арқылы балалардың көңіл күйін қөтереді,оқуға.білуге ынтасын дамытады,ұжымның ұйымшыл болуына ықпал етеді.)
5.Бөлім:Ізгі тілек (Оқушылар орындауында)
Ізгі тілек
Көк аспанда күн күлсін, Ұл қолында жалау жүрсін,
Бірге күлсін бүлдіршін. Қыз қолында гүл жүрсін.
Көк аспанда күн күлсін. Көк аспанда күн күлсін,
Жерге ұнайды нұр құйсын. Бірге жүрсін бүлдіршін.
Көк аспанда күн күлсін,
Қорытынды:
Оқушылар сіздер өзара түсіністік, өзара сыйластық туралы өз ойларыңды ортаға салып, мақал-мәтел айтып көрініс көрсетіп жатырсыңдар. Әрқашан сабақтарыңды жақсы оқып, осы өздерің айтқан жақсы қасиеттерді бойларыңа сіңіріп, үлкейгенде өз істеріңмен осы Қазақстанның туын биікке көтере беріңдер.
-Ал енді сабағымызды «Мен әдепті баламын» әнімен аяқтаймыз.
[bws_related_posts]