№2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп – интернаты
Шамаева Назира
«Екі жұлдыз» ән байқауы
1 — жүргізуші: Қош келдіңіздер құрметті апайлар,ата-аналар және оқушылар!
2 — жүргізуші: Саламатсыздар ма,құрметті ән сүйер қауым!
Бүгін №2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында 1-4 сынып тәрбиешілерінің ұйымдастырылуымен
«ТӘРБИЕНІҢ ЕҢ ТАМАША МЕКТЕБІ-ОТБАСЫ» тақырыбы аясында, «Екі жұлдыз» ән байқауына қош келдіңіздер!
1 — Жүргізуші: Біз бүгін сайыста ата – аналар мен балалардың жұптасып ән айтуларын тамашалайтын боламыз.
2- жүргізуші:
Сайыс ұстаз бен ата- анаарасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында болмақ.
1-жүргізуші:
Иә,дұрыс айтасың,біздің ата-аналарымыз үнемі белсенділік танытып жүреді.
2- жүргізуші:
№2 мектеп-интернат сахнасында
Бастауыш сынып ата-аналар арасында
Қызықтап көрермендер жиналыпты
Қошемет көрсетуге баласына, — дей келе сіздердің қошеметтеріңізбен бүгінгі байқауға қатысушы жұптарымызды ортаға шақырамыз
1-жүргізуші: Құрметті сайысқа қатысушылар,алдарыңызда тұрған музыкалық кілтті өз сыныбыңызға сәйкестендіріп алуларыңызды сұраймыз.
(сайыскерлермузыкалық кілт арқылы номер таңдайды)
№1 жұп.
№2 жұп.
№3 жұп
№4 жұп.
2-Жүргізуші:
Орындаушы жұптармен таныс болсақ, байқауға қатысушы сайыскерлерімізді қошеметпен өз кезектері келгенше шығарып салайық.
1 — жүргізуші: Оза шапқан жарық жұлдыздарды сіздермен бірге анықтайтын боламыз. Жұптарыңызғақолдаукөрсетіп, қошеметтепотырыңыздар. Әр жұпжарық жұлдыз болуға лайық, олайболса: шын жүйрікті бірге анықтайық!
2 — жүргізуші: Енді сіздерді бүгінгі байқауымызды бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1.Мектебіміздің басшысы Дәулетова Қалия апай
2.Тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Исаева Лиман апай
1.Оқу-ісі жөніндегі орынбасары Жұбанов Дәуіржан ағай
2.Бейімдік ісі жөніндегі орынбасары Құсайынова Несібелі апай
1- жүргізуші:
Қазақхалқыөнердіжоғарыбағалап, оларғаерекшеқұрметкөрсеткен.
2-жүргізуші:
Әділбек білесің бе,осы наурыз айында қанша мереке бар?
1- жүргізуші:
Иә,Аяулым,наурыз айы мерекеге толы ғой,атап айтсақ,1-ші наурыз « Алғыс айту күні», «8- Наурыз» аналар мерекесі,22- наурыз- төл мерекеміз жаңа жыл мерекесі.
2-жүргізуші:
Олай болса бүгінгі орындалар әндеріміз де, отбасымыздың ұйытқысы болып отырған аналарымызға арналмақ.
1- жұп
Орындап ата — ана өсиетін
Баламын жасы үлкенге бас иетін
Паш етем ер жеткен соң бар әлемге
Жаңарған нағыз қазақ қасиетін-деп, 1-сыныптың үлгілі оқушысы, жанұясының сүйкімді бүлдіршіні Оспанова Еркеназды және анасы,мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Алдабергенова Айнұр апайды «Алло» әнімен ортаға шақырайық.
1 – жүргізуші:
2-жұп
Ана десем,сезім білер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнар еді бар әлемге тыныштық деп, 2 сыныптың оқушысы,жаны жақсылық жасауға құмар Баймырзаев Нұрболды және мектебімізге қайырымдылық жасаудан да құр алақан емес анасы Гүлбағиланы ортаға қол соғып «Ана мен Бала» әнімен шақырамыз.
2 — жүргізуші:
3-жұп
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген –алтын қазық,алтын бақ. Ортаға 3-сыныптың үздік оқушысы, анасының мақтанышы Жолмырзаев Даниял мен мектебіміздің белсенді ата-аналарының бірі анасы Сәнімкүлді Жұбан Молдағалиевтің «Ана туралы жыр» әнімен қол соғып ортаға шақырайық.
1 — Жүргізуші:
4-жұп.
Тағы да бір тамаша жұбымыз өз өнерлерін көрсетуге дайын.
Мұңға батқан жүректі ән оятар
Тәтті үннің әсерін жан оятар
Жанға қуат жүрекке шаттық сыйлап
Жас балаша көңілді жадыратар.-дей келе, 4 сыныптың үлгілі оқушыларының бірі Манатұлы Расулды тәтесі Гүлнұр екеуін Мейрамбек Бесбаевтың « Ару ана» әнімен қарсы алайық.
2 — жүргізуші:
Бақыт деген — сенің бала күндерің
Бақытсыз — ақ бақытты боп жүргенің,
Бақыт деген — әркімдер де бір арман,
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген не екенін білесің бе, Әділбек
1 — Жүргізуші:
Мен үшін, Аяулым, бақыт деген отбасымның аманшылығы, Қалия апай бастаған мектебіміздің аманшылығы, — дер едім.
2 — жүргізуші:
Олай болса, әділ-қазы алқалар өз бағаларын шығарғанша,бастауыш сынып тәрбиеші апайлардың әнін тамашалайық.
1 — Жүргізуші:
Ендігі сөз кезегін Қалия апайға берейік.
« Екі жұлдыз» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі
2 — жүргізуші:
Сонымен қатар апталық аясында белсенділік танытқан оқушыларымызды марапаттап жіберсеңіз,Қалия апай.
Номинациялар:
- «Ең үздік эссе»
Естайұлы Бексұлтан 4 сынып
2 — Жүргізуші:
Достық жасасыншы мәңгілік
Достықты жүрейік тек ән қылып
Татулық пен достық біздің Отанды
Жарастырсын бейбітшілік сән құрып
Сәттілік тілейміз!!!
[bws_related_posts]