Қостанай облысы
Жангелдин ауданы
М.Дулатов орта мектебі
Тақырыбы: Қызбел жері
Пәні: География
Дайындаған: М.Дулатов орта мектебінің география пәнінің мұғалімі:
Бектауов Нұрлыбек Танатханұлы
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе ———————————————————-Әдеби шолу——————————————————Қызбел жерінің табиғаты,климаты——————— ———5
- Елді мекендер———————————————-5
- Қызбелтау————————————————7
- Өзендері—————————————————9
- Көлдері—————————————————-12
II.Тәжірибелік бөлім——————————————14
2.1. Өзен бойларындағы жер атауы —————————-14
2.2. Қызбел өңіріндегі бұлақтар———————————15
2.3.Қызбел жерінің көріністері——————————-16
Қорытынды ———————————————-20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ——————————21
К І Р І С П Е
Қызбел жері Қазақстанның солтүстік –батысындағы Торғай ойпатынан 200 м төмен жатыр. Қызбел жері негізінен ашық қоңыр және сарытопырақты келгендіктен ондағы тұздың мөлшері мен табиғи өсімдікдердің тұзға төзімділігі арасындағы тәуелділік болғандықтан өсімдіктердің таралу заңдылықтары көрсетіледі.
Қызбел өңірі Шолақ Қарасу мен Шамай түбектерінен бастау алатын Жота, Қойтас, Садық көңі, Мамыт деген жерден басталған.Сол жерлерден Қызбелге қарай шықсан жол орталығы 20шақырым жерде Қараша төбе , содан 15 шақырымда Жосалы, Аққұдық, Смайыл мешіті, Талдықұдық, Амантай бұлағы, Тоңқайма бұлақтарымен Қызбелдің үсті жалғаса береді.
Ғылыми жұмыстың көкейкестігі: Қызбел жеріндегі жер атауларын толық анықтау, және өзен-көлдер жайында мәлімет жинап,оны жан-жақты зерттеу және жинақтау жұмыстың көкейтесті мәселесі болып отыр.
Зерттеу өзектілігі:
Қызбел жері туралы, жер атаулары, келтірілген деректер , осы жерге халықтардың мәңгі өмір сүруінің, талпынысының жарқын бейнесін береді.
Ғылыми жұмыстың негiзi мәселесі: Қызбел жерінің бойындағы өзен-көлдерді білу, жер-су атаулары туралы мәліметтер жинақтау. Олардың фото-суреттерін көрсету.
Жұмыстың негiзгi мақсаты мен міндеті:
Қасиетті Қызбел жерінің табиғаты, климаты, жер атаулары мен ондағы айдынды Сарықопа көлі мен сынғырлап аққан Қоңыраулы өзені, “пішіні қыздың қыпша беліндей ” дөңесті Қызбелтау жайында мәлімет жинау .
Міндеттері: 1.Жұмыстың мазмұнын ашу
- Терең мағыналы дерек көздерімен таныстыру.
- Жеке тұлғаның бойында туған жерге деген патриоттық сезімін ояту
[bws_related_posts]