Басы » Информатика » «Информатика әлемінде» ойын сабақ.

«Информатика әлемінде» ойын сабақ.

Ш.Уәлиханов атындағы ОМГ№10
Информатика пәнінің мұғалімі: Нурахметова С.А.
Интеллектуалдық ойынның тақырыбы: «Информатика әлемінде» ойын сабақ.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін шыңдап, тексеру.
Дамытушылық: Ой-өрісін іс жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәндерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ойынның тақырыбы, нақыл сөздер, сыйлықтар, интерактивті тақта.
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
«Таланттылар терін төгіп, толғансын,
Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын», деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етініздер.
Бұл ойын мына бөлімдер бойынша болады:
1-бөлім «Таныстыру».
2-бөлім «Құпия алаң».
3-бөлім «Жұмбақ шешу».
4-бөлім «Бәйге».
Әр бөлімнен кейін әділ-қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларының қорытындысын айтып отырады.
1-бөлім. Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз топтың басшылары өз тобын таныстырады.
1-топ «Компьютер»
Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі.
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім мен жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімнен аспағанға жол салынар.
Девизі: «Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын жақсы атымыз»
2-тпо «Антивирус»
Сәлемдесу-игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөздер жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
Девизі: «Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқуменен еңбекке салбарыңдар»
3-топ «Интернет»
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау
Девизі: «Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Корсетпекпіз мектепте алған білімді»
Мінекей 3 топтың таныстыруын тыңдадық бұл бөлімге ұпай берілмейді.
2-бөлім. «Құпия алаң» Интерактивті тақтады 1-ден 20-ға дейін сандар берілген, әр топ бірінен соң-бірі сандарды таңдап сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
Бірінші болып шыққан «Компьютер» тобына кезек береміз.
1. Компьютер миі? (жүйелік блок)
2. Интернет пен байланыс жасайтын құрылғы? (модем)
3. Мәлімет енгізу құрылғысы? (пернетақта)
4. Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)
5. Графикалық редактор? (Paint)
6. Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама (калькулятор)
7. Дауыс жазуға арналған құрылғы? (микрафон)
8. Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет-корзина)
9. Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)
10. Мәтіндік ақпартты енгізуге арналған бағдарлама? (Word)
11. Пернетақта қандайқұрылғы? (мәліметтерді енгізу құрылғысы)
12. Компьютер деген не? (ақпартты өңдеу құралы)
13. Ақпарат сөзі қай тіден шыққан? (латын)
14. Компьютердің негізгі құралдары (монитор, жүйелік блок, пернетақта)
15. Келесі жүріс (жүріс келесі топқа беріледі)
16. Қатқыл диск қайда орналасқан? (жүйелік блоктын ішінде)
17. Банкрот (топтан 5 ұпай алынады)
18. Графикалық бағдарлама бұл құрылғысыз жұмыс істемейді (тышқан)
19. «Microsoft» фирмасының президенті (Билл Гейтс)
20. Информатикадағы өлшем бірліктері (бит, байт)
Осымен 2-бөлім аяқталды әзіл-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
3-бөлім. «Жұмбақ шешу» топтарға жұмбақ жасырылады, қай топ бірінші және дұрыс шешетін болса, сол топқа 10 ұпай беріледі.
1. Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми. (жүйелік болк)
2. Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құртатын жалмауыз (монитор)
3. Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айталмайтын, иә-ні қолдап қайталайтын берген (пернетақта)
4. Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қоқақ, компьютердің кенже баласы (тышқан)
5. Қағазға тоймайтын құрылғы (принтер)
6. Принтерден асып түсетін құрылғы (сканер)
Осымен 3-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
4-бөлім. «Бәйге» бұл бөлімде топтар берілген түсті конверттерді таңдап, ішіндегі берілген сұрақтарға жауап береді, әр сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпай беріледі.
Сары конверт сұрақтары:
1. Баспа құрылғысы (принтер)
2. Компьютер теледидары (монитор)
3. Үлкен термин қорап (жүйелік блок)
4. Функционалдық пернелер (F1-ден F12-дейін)
5. Зиянкес бағдарлама (вирус)
6. Файлдар жиыны (бума)
7. Таңбалар мен сигналдар жиыны (ақпарат)
8. Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым (информатика)
9. Информатика өлшем бірлігі (бит, байт)
10. Сурет салуға арналған бағдарлама (Pait)
Қызыл конверт сұрақтары:
1. Адам мен компьютер арасындағы байланыс (операциялық жүйе немесе интерфейс)
2. Компьютердің негізгі құрылғысы (жүйелік блок)
3. Құжаттарды көшірмелеу құрылғысы (ксерокопия)
4. Дербес компьютердің кішкентай құрылғысы (тышқан)
5. Офистік бағдарламадағы мәтіндік редактор (Word)
6. Дыбыс естілетін қорап (колонка)
7. Мәліметтерді енгізу құрылғысы (пернетақта)
8. Компьютердің маманы (програмист)
9. Бүкіл әлемдік желі (интернет)
10. Компьютерді вирустан қорғайтын бағдарлдама (антивирус)
Жасыл конверт сұрақтары:
1. Көп батырмалы құрылғы (пернетақта)
2. Паскаль қандай тіл (программалау тілі)
3. Компьютер сымдары (кабель)
4. Алгоритм деген не (белгілі бір мақсатқа жету жолы)
5. Презентациялар мен жұмыс істейтін бағдарлама (Power Point)
6. Корзинаның қызметі жойылған файлдарды жинау)
7. Ең ұзын перне (пробел)
8. Ақпарат енгізу құрылғысы (пернетақта)
9. Информатика пәні қай сыныптан бастап оқылатын? (7-сыныптан)
10. Оқитын құрылған (сканер)
Осымен 4-бөлім аяқталды әзәл-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген.
Бар ғылымды сыйдырып,
Білетіні көп бізден
Жаңалықтың жаршысы,
Жұртты елең еткізген
Информатикаға мың алғыс! – деп әділ-қазылар алқасына сөз береміз.
(топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайд, марапаттау рәсімі).

л3

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *