Зарыпбай Динара
Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов “Өзім туралы”
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Ақын өмірінен мәлімет беру, ақынның өзіндік мұратын таныту, өлеңнің идеясы мен тақырыбын ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой — өрістерін, сөйлеу мәдениетін, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: Отанды сүюге, қайсарлыққа, табандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту, сыни ойлау, диалогтік оқыту, сұрақ- жауап, стратегиялар, АКТ, бес жолды өлең
Пәнаралық байланыс: Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру
1. «Жүректен жүрекке» шеңбер жасау арқылы оқушылар бір – біріне өз аттарының бас әріптерінен басталатын жылы сөздер айтады.
2. Әр түрлі гүл суреттері арқылы топқа бөлінеді.
II. Үй тапсырмасы
1. Ғ. Мүсірепов әңгімелері бойынша деңгейлік тапсырмаларды тексеру.
2. «Сиқырлы қалам» ойыны. Оқушыларға үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қою. Ойынның шарты: әр топ оқушыларының қаламдарын жинап алып, жасырып, кез- келген қалам иесіне сұрақ қою.
1- топ оқушыларына қойылатын сұрақ.
1. Ғ. Мүсіреповтың туған жері? / Сол.Қаз. обл, Жамбыл ауданы, Жаңажол ауылы/
2. Жалпақ балуан кім? / Әділетсіз қара күш иесі, өмірде адасып жүрген адам, адамгершілігін, мейірімін сақтаған адам./
3. «Боранды түнде» әңгімесі кімнің атынан баяндалады? / баланың
2- топ оқушыларына қойылатын сұрақ.
1. Ғ. Мүсірепов қай жылы, қайда жұмысшы факультетіне түседі? / 1923 жыл, Орынбор/
2. Қайсар қалыңдығын алып қашуға неге мәжбүр болды? / Атасы қалың малға Күреңтөбелді сұрайды./
3. Жалпақ балуанды тізе бүктірген қандай күш? / Ананың құдіретті күші/
3- топ оқушыларына қойылатын сұрақтар.
1. «Ананың анасы» әңгімесі кімнің айтуымен әңгімеленеді? / Әйтілес қарттың/
2. Қайсардың анасы мен қалыңдығының аты? / Бәден апай, Кәмен/
3. Ғ. Мүсіреповтың тұңғыш шығармасы? / Тулаған толқында/
I I I. Жаңа сабақ
I. Оқушылық деңгей. Бұл кезеңде оқушылар шығармашылық жұмыс жасайды. Әр топ бүгінгі жаңа сабақты өздері талқылайды.
1- топ- Қ. Аманжолов кім ? деген сұраққа жауап береді.
2- топ- Қ. Аманжолов шығармаларын сөз етеді.
3- топ- Қ. Аманжолов өмірінен хронологиялық кесте жасайды.
I I. Алгоритмдік саты. «Өзім туралы» өлеңін мазмұндау.
1- топ- «Тірек сызба» арқылы өлеңдегі негізгі мәселелерге тоқталады.
Негізгі мәселелер Шумақтар
Өзі жайлы
Өмір мен өлім жайлы
Ақындық жайлы
Болашаққа өсиет
Туған ел, жер жайлы
2- топ — А.С. Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңі мен Қ. Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңінің үндестігі.
3- топ — Абай мен Қасым ойындағы ұқсастық. Қандай адам өлмейді?
III. Эвристикалық саты.
1-топ- Өлеңді өлең құрылысына талдау.
Тақырыбы:
Идеясы:
Жанры:
Шумағы:
Тармағы:
Буыны:
Ұйқасы:
2-топ- Ақынның поэтикалық тіліне талдау жасау.
Теңеу:
Эпитет:
Метафора:
3- топ- «Сырласу диалог — журналы»
Автормен сырласу Шығармамен сырласу
Жеке оқушылармен жұмыс. Сөздік қоржыны. Берілген сөздердің мағынасын табу.
Жасық — жігерсіз, былжыр, тартымсыз, әлсіз, уытсыз
Көрік — ұста дүкенінде көмірді үрлеп, темірді қыздыру үшін теріден жасалған үрлеуші
Тымырсық — сыр ашпайтын, сөйлемейтін
Торқа — ең қымбат жібек мата
IV. Шығармашылық саты.
«Ой толғау» «Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ»
Бес жолды өлең. Зат есім:
Сын есім:
Етістік:
Тест жұмысы.
Сабақты бекіту.»Сен — маған, мен- саған» топтар бір- біріне жаңа тақырыпты пысықтау үшін сұрақ қояды.
«Қалпақтағы ой» әр топтан бір — бір оқушы шығып, қалпақ киіп тұрып, бүгінгі сабақ жөнінде өз ойларын айтады.
Сабақты қорыту: Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру.Үйге: «Өзім туралы» өлеңінен өздеріңе ұнаған шумақтарын жаттау.