Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы
Ақсуат ауылы
№2 Ақсуат орта мектебінің жанындағы бюджеттік интернаттың тәрбиешісі
Қойлыбаева Рая Алимханқызы
Тәрбиеленушілердің рәміздерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу –патриоттық тәрбие берудің бастапқы қадамы
Жоспары:
І. Кіріспе
Отансүйгіштік деген не?
ІІ. Негізгі бөлім
Тәрбиеленушілердің отансүйгіштік қабілетін дамыту
Қазақстандық патриотизмнің негізігі компоненттері
Сыныптан тыс жұмыс барысында тәрбиеленушілерді мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге баулу
ІІІ. Қорытынды.
Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осы орайда егеменді елімізді білім беру жүйесінде әлемдік деңгейде жеткізу үшін жасалынып жатқан талпыныстар әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Осындай әртүрлі бағыттағы өзгерістердің бірі-12 жылдық оқыту моделі. ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасында мынадай мақсаттар көрсетілген . Өз талаптарын, сондай-ақ динамикалық максималды түрде жүзеге асыратын, дамып келе жатқан ортада өмір сүре алатын, білімді, шығармашылық қабілеті бәсекеге сай құзырлы жеке тұлға тәрбиелеу.
Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. Қазақстандық патриотизм арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, халқы туралы түсініктер оқу-тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс-шараларда отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт-дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерін құриеттеу, ана тілін қадірлеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылады. Ұрпақ тәрбиесі қашаннан өз мәнін биік ұстайды. Сондықтан қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа байланысты.Толық жетіліп қалыптасқан ұлттың сана-қабілетінде, түсінік-талғамында, мінез-құлқында өзіне тән ерекшелік менталитеті болатынын ғылым дәлелдеген. Қазіргі таңда тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгігін ұстар азаматтарына жан-жақты өнегелі тәрбие беру-қоғамымыздың алға қойып отырған басты мақсаттардың бірі. Интернат жеке тұлғаның рухани жан дүниесі мен адамгершілік қасиетінің қалыптасуына жүйелі жолға қойылған тәрбие беру негізінде қол жеткізеді. «Отан-отбасынан басталады» дейді халық даналығы. Демек, бала тәрбиесі-Отан мен ел мүддесі. Бүгінгі өскелең ұрпаққа ғаламдастыру дәуірінде өз халқының төл мәдениеті, тілі және төл мәдениеті, тілі мен салт-дәстүрін әр оқушының бойына сіңіре отырып, отансүйгіштікке баулу қазіргі тәрбие жүйесінің өзекті мәселесі. Егеменді еліміздің болашағы жас ұрпақты шыңдап өсіру, білікті азамат болып табылады. Өйткені еліміздің болашағы жас ұрпақ-ұлттық сана-сезімі оянған, адамгершілік және рухани ойлау дәрежесі жоғары дамыған, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, салауатты, бойында жоғары патриоттық санасы , өз елі үшін мақтаныш сезімі қалыптасқан азамат етіп тәрбиеленуі тиіс.
-Отанға деген сүйіспеншілік:
-Отан тағдырына деген жауапкершілік сезімін арттыру:
-Отан мүддесіне қызмет етуге дайын болу:
-Отанды қорғау:
-Отанның қол жеткен жетістіктерін ішкі және халықаралық аренада мақтанышпен көрсете білу:
-Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрену:
-Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің құқықтарына құрметпен қарау.
-Ана тілін білу;
-Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің ұлттық салт-дәстүріне және әдеп-ғұрпына құрметпен қарай білу;
-Қазақстан халықтарының келісім мен ұлтаралық бірлігін сақтау;
-Қазақстан Республикасының Конституциясын, мемлекеттік рәміздерін /Елтаңба, Әнұран,Туы/ құрметтеуге тәрбиелеу:
-Жас ұрпақты патриотизм мен интернационализм рухында тәрбиелеу:
-Адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, туған жерге,Отанға деген сүйіспеншілік пен халықтар достығын құрметтеуге тәрбиелеу:
— Тәрбиеленушілердің бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дамыту:
-Мемлекетіміздің ұлттық тілін, мәдениетін,салт-дәстүрін білу:
-Өз өлкесінің мәдени құндылықтарын, тарихын, оның дамуына үлес қосқан адамдардың өмірі мен қызметін білу:
-Интернатта өз өлкесінің тарихын насихаттау мақсатында мұражай жұмыстарын жандандыру:
— Тәрбиеленушілердің арасында мемлекет пен заңдарға зор құрметпен қарау сезімдерін қалыптастыру:
-Мемлекет пен құқық жайлы білімдерді меңгеру:
-Құқық білімінің алғашқы негіздеріне сай мектеп Жарғысына, тәрбиеленушілердің мінез-құлық ережелерін енгізу:
-Тәрбиеленушілердің мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын заман талабына сай қалыптастырып, адамгершілікті әдет-ғұрыпқа тәрбиелеу:
-Азаматтық белсенділігін қалыптастырып, заңды және тәртіпті бұзушылыққа қарсы күресу:
— Тәрбиеленушілердің өзін-өзі тәрбиеленуіне басшылық жасау.
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің бастапқы қадамы-ол оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін ояту болып табылады. Әр елдің тәуелсіз ел, мемлекет екенін білдіретін ең басты үш белгісі бар.
Олар: Елтаңба,Туы және Әнұраны.
Өз еліне ғана тән мұндай белгілері жоқ мемлекет дербес, тәуелсіз бола алмайды. Осы мемлекеттік белгілер ҚР тәуелсіз деп жарияланысымен көп ұзамай 1992 жылы қабылданды. Мемлекеттік белгілерде республикамыздағы ел-жұрттың, алдымен тұрғын халықтың төл тарихының ұшқындары мен мемлекеттің, барлық халықтың мүддесіне сай келетін бейбітшілікке деген ұмтылысы бейнеленген. Сонымен қатар әлемдік өркениетке қол созған пейіліміз аңғарылғандай.
ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының негізі-шаңырақ. Шаңырақ-мемлекеттің түп негізі-отбасының бейнесі. Шаңырақ-Күн шеңбері. Айналған Күн шеңберінің қозғалыстағы суреті тәріздес. Шаңырақ-киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар-дала дүлділі, ер-азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігерінің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанат тұлпар-қазақ поэзиясында кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самсаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол-өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп-өркендеуін, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнес ін паш етті. Бес бұрыш жұлдыз елтаңбаның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жұлдызы бар.
ҚР Мемлекеттік туы-ҚР мемлекеттік рәміздерінің бірі. Мемлекеттік ту көгілдір түсті тікбұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабы бекітілген тұста-ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн ,арай, қыран және ою-өрнек-алтын түсті.Тудың ені ұзындығының жартысына тең. Тудың түсі аспан тәріздес көк түсті болып келеді. Көк түсті құрметтеу халқымыздың көне тарихының белгілі. Тілімізде «көгеру», «көктеу», «көк шықты» деген сөздер мен сөз тіркестері бар. Олар өмір сүру, жаңарып жасару, гүлдену, мақсатқа, мұратқа жету дегенді білдіреді. Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептелген. Тудан қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын деген ойдан туған. Бұлармен қатар, тудан қазақтың ою-өрнегін байқаймыз. Мұның өзі тудың ерекшелігін-қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді. Осының бәрі жаңа даму жолына түскен тәуелсіз Қазақстанның оның халықтарының барлық жағынан гүлденіп, өркендеп, мақсатқа жетуіне көк түсті Ел туы сәттілік тілеп тұрғандай сезімге бөлейді. Жас ұрпақты ұлттық бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық тәуелсіз мемлекетті нығайтуға өз үлесін қосуға тәрбиелеуде және жоғарыда аталған іс-шараларды өткізуде көркем шығарманың маңызы зор. Көркем шығармаларда патриоттық сезімді ардақтап, ерлікке мадақтаған, ақылдылық, парасаттылық, достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттер дәріптелген. Бұл тақырыпта әңгіме, ертегі, өлең, жырларды атап көрсетуге болады. Сонымен қатар халық ауыз әдебиетінің бір саласы болып табылатын ел қорғау, батырлық істер жайында туған мақал-мәтелдер халықтың ой-тілегі, арман-мүддесі, патриоттық сезімі, ұлттық мақтанышы қандай екенін көрсетіп отырады. Бір сәт «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген даналық сөздің мәніне үңілсек, бала тәрбиесіне балалық шағынан көңіл бөлу міндеті тұрғанын аңғару қиын емес. Қазақ елін сыртқы жаудан аман сақтап қалу үшін жанын аямай күрескен, халқымызға бағыт-бағдар бергеріп отырған Қазыбек бидің:
Біз қазақ мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз-деп қазақ елінің ешкімге барып соқтықпағаны, өз ұлтының мәрттігін басқаларға таныта отырып, ел қорғаған батыр бабаларымыздың даналық, ерлік, ар-намысқа берік, қайтпас ер, жауына мейлінше қатал, өз еліне мейірімді, оны қорғауға әрқашанда дайын ,өнегелі ісі бар адамдарды суреттейтін көркем шығармалар арқылы жас ұрпаққа патриоттық тәрбиені кеңінен беруге болады. Мұндай шығармалар Тәрбиеленушілердің ерлік ісіне, табандылыққа, адалдыққа, елін,жерін сүйетін намысына берікке, отаншылдыққа үйретеді. К.Д.Ушинский айтқандай, «Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін ол халықтық болуы тиіс»-дейді, яғни әрбір ұлттың өзінің дәстүрін, салтын сақтап, сол рухта тәрбиелеуге баса назар аудару қажеттілігін ескерткен.Сондықтан да осы айтылғанды ескере отырып, жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге, елжандылық пен ерлікке тәрбиелеу-басты міндетіміз болмақ. Әр оқушы бойына намыс, ар, сүйіспеншілік сезімдерін ұялатып, туған жер табиғаты, ана тілі, салт-дәстүрі, тарихы, ата-бабаларымыздың ерлігі-Отанға деген сезімнің шынайы қайнар көзі екеніне өз іс-әрекетіміз, іс-шараларымыз арқылы көз жеткізуіміз қажет
Интернат |
Мақсаты |
Міндеттері |
Ұстанымдары |
Әдістері |
Мазмұны |
Тәрбиеленушілерге патриоттық тәрбие беру жүйесі |
Отбасы |
Әлеуметтік орта |
Қоғамның жаңа әлеуметтік даму жағдайында Тәрбиеленушілердің патриоттық құндылықтарын қалыптастыру. Ұлттық тіл, тарих, мәдениетке, ұлттық рәміздерге деген құрметті қаллыптастыру, Отанның бейбітшілігін сақтауға, экономикалық байлығын дамытуға үлес қосу |
Мақсаттылығы. Өмірмен байланысы. Оқушының дара жас ерекшелігі. Жүйелілік. Бірізділік. Үздіксіздік. Тұлғаны әлеуметтендіру. |
Әңгімелесу. Дискуссия. Педагогикалық талап қою. Сендіру. Жаттықтыру. Ынталандыру. Сауалнамалар.тест тапсырмалары. |
Белсенді тәрбие ортасын құра отырып, тұлғаның патриотизмге байланысты көзқарастар мен сенімді қалыптастыру. Жаһандану және интеграциялы үрдісте тұлғаның эмоционалдық интеллектуалдық компоненттерін қалыптастыру. |
Ұлтаралық қатынас мәдениеті және патриотизмнің қалыптасуына түрткі тудыру |
ПАТРИОТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ҚАЛЫПТАСҚАН ТҰЛҒА
|
Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша 30 елдің қатарына кіруі |
Қазақстан Республикасының Экономикалық байлығын |
Отанды қорғауға және жалпыадамзаттық тыныштықты сақтайтын |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздеріне, халықтар мәдениетіне, тарихына, дәстүріне, тіліне, дініне берік |
Халықтар арасындағы достықты нығайтатын |
Ұлттық және әлемдік білім нәрінен сусындаған |
Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды меңгерген |